Валюта бағамы
  • USD -

    518.9
  • EUR -

    587
  • RUB -

    6.23
Тоқаев Үкімет басшысына бірқатар тапсырма берді
Фото: Ақорда 24 қыркүйек 2024
Тоқаев Үкімет басшысына бірқатар тапсырма берді

Президент Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, егін орағы және жылыту маусымына дайындық барысы туралы ақпарат берілді, деп хабарлайды Ақорда.

Олжас Бектеновтің айтуынша, биылғы қаңтар-тамыз айлары аралығында экономиканың өсімі 3,7 пайызды құрады. Атап айтқанда, құрылыс (8,8%), көлік және қойма ісі (7,9%), байланыс (7,4%), сауда (5,5%), өңдеу өнеркәсібі (4,9%) секторларындағы көрсеткіш едәуір жақсарған.

Ауыл шаруашылығын жеңілдікпен қаржыландыру көлемі 3 есе ұлғайып, 580 миллиард теңгеге жетті. Бүгінде еліміз бойынша дәнді және бұршақты дақылдар алқабының 70,2 пайызы жиналып, 17,2 миллион тонна астық бастырылды. Диқандар арзан жанар-жағармаймен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілді.

Мемлекет басшысына барлық өңірде алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқаны жөнінде баяндалды. Әлеуметтік нысандардың дайындығы жоғары деңгейде. Тұрғын үйлердің жылыту маусымына әзірлігі бойынша жұмыс 98,3 пайызға орындалды. Электр станцияларына жыл сайын 60 миллион тонна көмір қажет. Қазір оның қажетті қоры бар.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа су тасқыны салдарын жою жөніндегі бұған дейін берілген тапсырмаларының орындалу барысы мен келесі жылы су тасқыны жағдайының алдын алу шаралары туралы айтылды. Зардап шеккендердің барлығына әлеуметтік қолдау көрсетіліп, бүлінген дүние-мүлкі үшін өтемақы төленді. Баспанасынан айырылғандарға 5 767 тұрғын үй сатып алынды және 2576 жаңа үй салынды. Ақмола мен Батыс Қазақстан облыстарындағы 104 нысанда жұмыс аяқталуға жақын. Су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары жүзеге асырылып жатыр.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы еліміздің өнеркәсіп әлеуетін одан әрі арттыру және инфрақұрылымды жаңғырту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

RELATED NEWS
ҚҚС көтеру: Үкімет Мәжіліске 20 ақпанға дейін ұсыныс енгізеді
06 ақпан 2025
ҚҚС көтеру: Үкімет Мәжіліске 20 ақпанға дейін ұсыныс енгізеді

Бүгін Сенат қабырғасында вице-премьер, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қосымша құн салығын көбейту туралы ұсынысты Мәжіліске 20 ақпанға дейін енгізетінін айтты, деп хабарлайды Ulys

Жобаны 20 ақпанға дейін Мәжіліске енгізуіміз керек. Қазір Мәжілісте Салық кодексіне толықтырулар енгізу туралы заң жобасы жатыр. Соған қосымша ретінде біздің түзетулер енеді, - деп мәлім етті ол.

Азық-түлік дүкендері қосылған құн салғынан босатылмақ
09 сәуір 2025
Азық-түлік дүкендері қосылған құн салғынан босатылмақ

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қандай қызметтер мен тауарлар қосылған құн салығынан босатылатынын түсіндірді, деп хабарлайды Ulys.

Оның айтуынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, кітап басып шығару, археология қосылған құн салығын төлеуден босатылады.

«Әлеуметтік салада, денсаулық сақтау саласында Үкімет қосылған құн салығынан босатылған дәрі-дәрмектің әлеуметтік тізімін айқындайды. Қосылған құн салығы тек ақылы медициналық қызметтерге салынады. Қосылған құн салығының мөлшерлемесі 10% болады. Әлеуметтік саладағы корпоративтік табыс салығы 2026 жылдан бастап 5% және 2027 жылдан бастап 10% болады. Ал банк операцияларына қосылған құн салығы салынады. Олардың қымбаттауына жол бермеу үшін Бәсекелестікті қорғау агенттігі Үкіметпен бірлесіп қазіргі бағалардың дұрыстығына талдау жүргізеді», - деді Жұманғарин Мәжілістің жалпы отырысында.

Сонымен қатар, арнаулы салық режимі бойынша рұқсат етілген тізім емес, тыйым салынған тізім енгізіледі. Тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі.

Жұманғарин ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін бәрі өзгеріссіз қалатынын атап өтті. Яғни, 70% жеңілдік қалады. Ал өңдеу өнеркәсібіне корпоративтік табыс салығының 20% мөлшерлемесі бойынша салық салынады.

Президент жастар мемлекетке масыл болмау керек деді
28 қаңтар 2025
Президент жастар мемлекетке масыл болмау керек деді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің жалпы отырысында әлеуметтік көмекті нақты иесіне жеткізу жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Тағы бір мәселе – мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмектің нақты иесіне жетуі. Көмек шын мұқтаж адамдарға берілуге тиіс екені қаншама рет айтылды. Қазақстан – шын мәнінде әлеуметтік мемлекет. Бірақ бұл – азаматтарымыздың, әсіресе, өскелең ұрпақтың еңбек етуге ынтасын азайтып, оларды масылдыққа үйрету деген сөз емес», - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президенттің айтуынша, Қазақстанға көрші елдерден жүз мыңдаған еңбек мигранты жұмыс іздеп келіп жатыр.

«Олардың бұл әрекетін құрметке лайық деуге болады. Себебі олар отбасына нәпақа табу үшін жұмыс істегісі келеді. Үкімет әлеуметтік көмек мәселесіне келгенде тым сақтық танытуда. Десек те, нақты ұсыныстар мен оны шешу жолдарын қарау қажет. Тағы бір маңызды міндет – тұрғын үй қорын басқару жүйесін жаппай реформалау. Қала құрылысын жоспарлаудан бастап, нысандарды пайдалануға беруге дейінгі барлық үдерісті цифрлық форматқа толық көшіру қажет. Бірыңғай ақпарат жүйесін жыл соңына дейін әзірлеу керек», - деді Тоқаев.

Президент былтыр тұрғын үй құрылысы бойынша рекордтық көрсеткішке (19 млн. шаршы метр) қол жеткізілгенін айтты.  

«Бұл – өте жақсы. Бірақ тұрғын үйдің санына емес, сапасына және оның қолжетімді болуына баса назар аударған жөн», - деді ол.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.