Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Өзбекстан президентінің көмекшісі Саида Мирзиёеваны қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Айта кетейік, бірнеше күннен кейін елімізге Өзбекстанның президенті, Саида Мирзиёеваның әкесі Шавкат Мирзиёев келеді.
Ал, бүгін Ақорда хабарлағандай, Тоқаев пен Мирзиёева кездесу барысында екі ел арасындағы көпжақты серіктестікті одан әрі ілгерілетуге қатысты өзекті мәселелерді талқылады
«Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстанның одақтастық әрі стратегиялық сипаттағы қарым-қатынасын атап өтіп, жоғары деңгейдегі саяси диалогтың тиімділігін арттыра түсу үшін екі ел президентінің әкімшіліктері арасындағы тығыз байланысты жолға қою маңызды екеніне назар аударды», - делінген Ақорда хабарламасында.
Бүгін Ақордада Тоқаев Астанада осы халықаралық «Заковат» интеллектуалдық ойынының өткізілуіне қолдау білдіріп, мұндай іс-шаралар халықтарымыздың арасын жақындата түсетінін атап өткен.