Валюта бағамы
  • USD -

    518.9
  • EUR -

    587
  • RUB -

    6.23
Тасқыннан қорғануға бөлінген 1 млрд теңге жымқырылған
24 сәуір 2024
Тасқыннан қорғануға бөлінген 1 млрд теңге жымқырылған

Парламентте ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов су тасқынына қарсы жұмыстарға бөлінген қаражатқа қатысты дауды түсіндірді, деп хабарлайды Ulys.

«Қаржылық мониторинг агенттігі гидротехникалық құрылыстарды салуға бөлінген бюджеттік қаражатқа қатысты 4 қылмыстық істі тіркеді.  Ұлытау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында және Алматыда осы істер тергеліп жатыр. Бұл қылмыстық істердің басым бөлігі бюджет қаражатын ұрлау фактілері бойынша қозғалған. Бір жағдайда арнайы осы бөгеттерді күтіп ұстаудағы заңсыз әрекеттер себеп болды. Осы істер бойынша 1 млрд теңге шамасында залал келтірілгені анықталды», — деді Ж. Елемесов Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына.

Оның айтуынша, бұл заңсыз әрекеттер өткен жылдары жасалған.

«Осы қаражат биылғы көктемтегі су тасқынына қарсы бөлінген 140 млдр теңгеге қатысы жоқ. Қазір игеріліп жатқан осы қаражаттың мақсатты жұмсалуына мониторинг жасайтын боламыз», — деді агенттік өкілі.

RELATED NEWS
Жемқорлықпен күрес: Әлемдік рейтингте Қазақстан нешінші орында
11 ақпан 2025
Жемқорлықпен күрес: Әлемдік рейтингте Қазақстан нешінші орында

Transparency International «Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі» халықаралық рейтингінде 2024 жылы Қазақстан нәтижелерін тағы да жақсартты, деп хабарлайды Ulys Антикорға сілтеме жасап.

Әлем бойынша орташа балл – 43, ал «Шығыс Еуропа және Орталық Азия» аймағында (19 ел) 35 болды.

Қазақстан рейтингінің 2016 жылдан бастап айтарлықтай өскен ел ретінде атап өтілді – 11 баллға (29 баллдан) өсу.

«Орталық Азия өңірі елдерінің ішінде Қазақстан ең жоғары позицияны иеленеді және рейтингті жақсартқан жалғыз ел болып саналады. Индексте Қазақстаннан кейін Үндістан (38), Индонезия (37), Аргентина (37), Сербия (35), Украина (35), Бразилия (34), Таиланд (34), Түркия (34), Беларусь (33), Ресей (22) және т.б. елдер орналасқан. Жемқорлықты қабылдау индексі Қазақстанның рейтингін шығару үшін 9 түрлі ұйымның деректері пайдаланылған композиттік индекс болып саналады. Рейтинг мемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықты қабылдаудың сараптамалық және бизнес-бағалауларына негізделген», - делінген Антикор хабарламасында.

Футбол федерациясының бұрынғы басшысына қатысты тергеу басталды
04 наурыз 2025
Футбол федерациясының бұрынғы басшысына қатысты тергеу басталды

Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығына қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Ulys.

Қаржы мониторингі агенттігі Барменқұловқа, сондай-ақ федерацияның бірқатар бұрынғы қызметкерлеріне қатысты тергеу әрекеттері мен тінту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Барменқұлов 2021-2024 жылдар аралығында ҚФФ басшысы қызметін атқарған.19 қарашада ұйымның кезектен тыс отырысында ол қызметінен кетті.

БАҚ тарапынан келіп түскен сұраныстарға байланысты, ҚМА Қазақстан футбол федерациясының бұрыңғы басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастағанын растайды,- делінген Қаржы мониторингі агенттігі хабарламасында. 

Нығматулиннің іздеуде жүрген ағасы Қазақстаннан қылмыстық іс қозғалмай тұрып кетіп қалған
20 наурыз 2025
Нығматулиннің іздеуде жүрген ағасы Қазақстаннан қылмыстық іс қозғалмай тұрып кетіп қалған

Парламент Мәжілісінің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулин тергеу басталғанға дейін елден кетіп қалған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Ulys.

«Біз оның Қазақстанда емес екенін білеміз. Тергеу басталғанға дейін елден кетіп қалған. Ол Қазақстанда емес. Оны іздеу және елге қайтару бойынша шаралар жүріп жатыр. Іздеу шаралары барлық елді қамтиды, оған мемлекетаралық іздеу жарияланған», - деді Құрақбаев Сенат кулуарында журналистердің сұрағына жауап беріп.

Естеріңізге салайық, наурыз айының басында 69 жастағы Арғын Нығматулинге іздеу жарияланғаны хабарланды. Оны іздеуге прокуратура бастамашы болған, ал іздеу шараларын Антикор жүргізеді.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.