Солтүстік Қазақстан облысы Якорский ауылдық округінде тұратын Ғабит Мусин су тасқыны кезінде жасаған ерен еңбегі үшін марапатталды, деп хабарлайды Ulys.
Ғабит Мусин Якорский ауылдық округінде 35 жылдан астам еңбек өтілі бар ветеринарлық фельдшер. Білікті де жауапты маман ретінде ауылдық округтегі 560 бас ұсақ мал мен 150 ит-мысықты эвакуациялауды уақытылы ұйымдастырып, жүргізді.
Су тасқыны кезінде Ғабит Мусин жоғары кәсібилік пен көрегендік танытты. Осылайша өлген малды ветеринарлық-санитарлық талаптарға сай кәдеге жаратуды қамтамасыз етті. Оның арқасында ерекше қауіпті аурулардың пайда болуы мен таралуына жол берілмеді.
Еске салсақ, бүгін Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.