Валюта бағамы
  • USD -

    523.5
  • EUR -

    613.5
  • RUB -

    6.71
Тамара Дүйсенова «Ауыл аманаты» аясындағы бизнес бастамалармен танысты
Фото: primeminister.kz 05 тамыз 2024
Тамара Дүйсенова «Ауыл аманаты» аясындағы бизнес бастамалармен танысты

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Жамбыл облысына сапары аясында Мойынқұм, Шу және Меркі аудандарында болып, «Ауыл аманаты» бағдарламасының іске асырылу барысын тексерді, деп хабарлайды Ulys.

Тараздан 300 шақырымдай жердегі Мойынқұм негізінен шөлейтті аймақ саналады. Алайда мұнда да мал шаруашылығын өрістетуге мүмкіндік бар. Мәселен, Бірлік ауылында «Байбарақ-Агро» кооперативі құрылған. Оған әзірге 30-дан астам адам біріккен. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 35,8 миллион теңгеге 20-ға жуық ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынып, ауылға қызмет көрсетуде. 400 га шабындық жерден ірі қара, ұсақ малға қажетті азық дайындалуда. Аудан түйе шаруашылығын жүргізуге қолайлы. Алайда мұндағы шаруалар әзірге ет пен шұбат өндірумен шектеліп келеді. 

Ауыл шаруашылығы кооперативінің қызметімен танысқан вице-премьер Тамара Дүйсенова ауыл тұрғындарына тауарлы несие беру тетігін қарастыру туралы атап өтті. 

«Тек шағын несие арқылы көп түйе алу мүмкін емес. Сондықтан, АӨК-те тауарлы несие тетігін пайдалану маңызды. Елімізде аталған тәжірибенің сәтті жүзеге асып жатқан мысалдары жетерлік. Жамбыл өңірінде сақтандыру тетігін енгізу ұсынылуда. Бұл тетік барлық тараптар үшін тиімді деп санаймын», - деді вице-премьер.

Түйе шаруашылығын жүргізуге қол ұшын созуға дайын басқа өңірлерден келген кәсіпкерлер бар. Мәселен, Алматы облысында 5 мың түйе асырап, оның өнімдерін терең өңдеумен айналысатын «Дәулет-Бекет» серіктестігі. 

«Түйе шаруашылығының дамуына барынша күш салу қажет. Егер жергілікті тұрғындар ниет білдірсе, 100 түйе беріп, оны баптауға қажетті кеңес беруге әзірміз. Немесе мұнда түйе сүтін өңдеуге қажетті шағын зауыт салуға жәрдемдесе аламыз», - дейді серіктестік иесі Сыдық Дәулетов.

Шу ауданында вице-премьер ауылдық бизнесті дамытудың өндірістік бағытымен танысты. Бірлікүстем ауылының тұрғыны Нұрзат Қошқарбаев бірнеше жылдан бері кірпіш шығару ісімен айналысып, күніне 1 мыңға жуық данасын өндіріп келген. Мемлекеттік бағдарлама аясында 8,6 млн теңге көлемінде несие алып, өндіріс қуатын екі есеге арттырып отыр.

«Қазір күніне 2000 дана шығаруға қауқарлымыз. Бұған дейін 2 адам жұмыс істеп келген болатын, бүгінде 8 қызметкер бар. Өнімге сұраныс жоғары. Шудан бөлек, Мойынқұм, Меркі, Қордай аудандарынан тапсырыстар көптеп келеді», - дейді кәсіпкер.

Ал Қорағаты ауылының тұрғыны Нұрғали Жексенбиев жұбайымен бірге тігін цехін ашқан. Керекті құрылғылар сатып алып, жергілікті балабақшаларға қажетті төсек жабындары, жастық қаптарын тігіп, сатуда. Кәсібін кеңейтуді мақсат етіп отыр. Алайда тігінші табуда қиындықтар туындап отыр. Жергілікті әкімдік бұл мәселені мансап орталығы арқылы мамандар оқыту жағынан қолдау көрсетіп жатыр.

Вице-премьер жобаларды оң бағалап, туындаған мәселеде мемлекеттік бағдарламаның тетіктерін тиімді пайдаланып, ауылдық жерлерде өмір сүру деңгейін қалай жақсартуға болатынын тілге тиек етті.

«Қазіргі таңда «Күміс жас» бағдарламасы жүзеге асуда. Одан бөлек мемлекет тарапынан субсидияланатын әлеуметті жұмыс орындары тетігі бар. Жастар практикасы жобасын да қарастыру қажет. Жалпы алғанда ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартуға бағытталған бірқатар қолдау шаралары бар. Олар туралы кеңінен насихаттау қажет», - деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

Жамбыл облысында «Ауыл аманаты» жобасы аясында жергілікті тұрғындарға ауыл шаруашылығын жүргізу дағдылары үйретіледі.  Бұл бағыт негізінен «Қарызымыз қоғам» жобасы қатысушыларына бағытталған. Мәселен, AMANAT партиясының  бастамасымен Меркі ауданында «Агросауат» атты агробіліктілік орталығы ашылды. нысанда егін, құс және мал шаруашылығын жүргізуге қатысты теориялық және тәжірибелік курстарды ақысыз негізде оқыту ұйымдастырылған.

AMANAT партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев мұндай орталықтардың ауыл тұрғындарының табысын арттыру үшін маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде Тамара Дүйсенова бастаманы жоғары бағалап, оны одан әрі қарай кеңігнен тарату мүмкіндігін қарастыру қажеттігін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында ауыл шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі мен оның қосылған құнын арттыру, кооперативтерді дамыту стратегиялық міндет екенін атап өткен еді.

«Ауыл Аманаты» жобасының негізгі қаржыландыру бағыттары:
1) Өңдеу саласына қатысты жобалар;
2) Өсімдік шаруашылығын дамыту;
3) ауыл шаруашылығы коперативтерін жабдықтау;
4) мал шаруашылығын дамыту;
5) басқа бағыттағы бизнес жобалар;
Несиенің негізгі шарттары:
1) шағын несие мерзімі 5 жылға дейін; мал шаруашылығындағы жобалар үшін 7 жылға дейін;
2) шағын несиенің ең жоғарғы сомасы - ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда 2,5 АЕК, яғни (8.6 млн теңге), зәкірлік кооперация – шағын және орта шаруа (фермерлік) қожалықтары және/немесе ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін 8 мың АЕК (27.6 млн теңге) дейін;
3) сыйақы мөлшері жылына 2.5 пайыздан аспайды;
Несие талаптары:
1) несие алушы жеке кәсіпкер ретінде тіркеуде болуы тиіс;
2) басқа несиелері бойынша мерзімі өткен жарналар болмауы керек;
3) Мемлекеттік кірістер органдарында берешек болмауы тиіс;
4) кепілмен қамтамасыз ету;
5) зейнет жасына жетпеген;
6) Ауыл шаруашылығын жүргізу үшін қажетті жағдайдың (жер телімі, қораның) болуы қажет.

RELATED NEWS
Көз тимесін, көлік бұйырды! Ермектің 10 миллионы жайлы хикая
18 сәуір 2025
Көз тимесін, көлік бұйырды! Ермектің 10 миллионы жайлы хикая

Адамның пешенесіне жазылған бақтың қай күні, қай сәтте, қай жерден төгіліп түсетінін кім білген? Біреу өмір бойы тырысады да, ештеңе шықпайды. Біреу шай ішіп отырып, шынайы жеңімпаз атанады.

Астаналық Ермек Баимбетов — дәл сондайлардың бірі. Жаңа көлік емес, жаңа үмітке ие болған азамат. Оның бағы — ғаламтордың ар жағынан келген. Ал бақыт — қою, күрең шай үстінде күтіп тұрған.

Бір күні Ермек "Сәтті жұлдыздың" жарнамасын көреді. Біреулер мұндайға селт етпейді. "Бәрібір жолым болмайды" дейді. Ал Ермек... тәуекел етті. Екі билет сатып алды. Бар болғаны — екі билет! Бірі — жай қағаз. Екіншісі — 10 миллион теңгелік алтын құжат болып шықты.

"Кешкі шай үстінде отыр едік. Қоңырау шалынды. «Сіз көлік ұтып алдыңыз», дейді. Ә дегенде алаяқтар шығар деп ойладым. Бірақ билет нөмірін айтты, телефон нөмірін айтты. Сайттан қарап едім — шынымен де мен екенмін..." – дейді өзі.

Кейде сене салу қиын. Әсіресе қазақ сенім мен күмәннің арасында жүреді. Ал Ермектің қуанышы — кейінірек келді. Бастапқыда – тосын, кейін – тұщымды. Ол көлікті емес, оның орнына берілетін 10 миллион теңгені таңдады. Қайда жұмсамақ? Бір бөлігі — әкесінің еміне, қалғаны — несиеге.

Кім не десе де, бұл — бір адамның ғана емес, бір әулеттің жеңісі.

Сәтті жұлдыз – сәтті күннің хабаршысы ма?

«Сәтті жұлдыз» ұлттық лотереясы — соңғы он жылда мыңдаған адамның үмітіне ұшқын берген ұйым. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі 200-ден астам сауда нүктесінде армандар билетпен сатылып жатыр десек, асыра айтқандық болмас.

Жеңімпаз көп. Ең үлкен жүлде — 150 миллион теңге. Қызылордадан шыққан қатысушы ұтып алған. Бұл енді қарапайым байлық емес, бір өңірдің жаңалығы.

Ал алда не күтіп тұр? Тағы да пәтер, тағы да көлік!

Қазақ "көп қорқытады, терең батырады" дейді. Көптің ішінен дара шығу оңай емес. Бірақ келесі мүмкіндіктер де дайын тұр:

20 сәуір — пәтер ойнатылады («TeleBingo» ойыны);

30 сәуір — автокөлік ойнатылады («6/49» ойыны);

Джекпот қазірдің өзінде 572 миллион теңге болып тұр! Сандардың өзі сөйлеп тұр.

Міне, осының бірі — «ЛотоНабор Квартира». 5 билеттен тұратын бұл жинақ — пәтерге апарар бес қадам. Әр билет — өз алдына бір мүмкіндік.

Ұтыс жексенбі, 20 сәуірде, сағат 10:00-де, «31 арнада» тікелей эфирде өтеді. Көзбен көріп, көңілмен ұтудың жолы осы.

Жеңіс жеке емес, қоғамға ортақ

Жеңіске жеткен әр теңгенің 10 пайызы — қазақ спортына кетеді. Тағы 10 пайызы — «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына аударылады. Демек, біреудің бағы — елге қайырлы. Ойын ойнасаң да, оймен ойнар кезең бұл.

Ермектің жолы болды. Келесіде кім біледі — бағыңыз сізге бұйырып қалуы да ғажап емес. Қайраттан туған қайсарлық пен үміттің арасы кейде бар болғаны екі билет қана.

 

мариалдың ақысы төленген.

 

Пәтер ұтып алған адам кім?
28 сәуір 2025
Пәтер ұтып алған адам кім?

Телефон шырылдады. «Сіз пәтер ұтып алдыңыз» деді. «Алаяқтық емес пе?» деп ойлады. Екі күн бойы сенбеді. Үшінші күні ғана Алматыдағы бас кеңсеге кіргенде барып көз жеткізді. Шын екен. Қағаз жүзінде емес, өмірде.

Бұл – Василийдің хикаясы. Ол – қарапайым еңбек адамы. Еліміздің өндіріс орындарында жиырма жылдан бері вахталық әдіспен жұмыс істеп келеді. Алматыда тұрады. Алыс жол, ауыр жұмыс, ұзақ ауысым – бәрі үйреншікті. Бірақ мына жаңалық оған мүлде үйреншікті емес.

– Лотереяға шамамен екі жылдан бері қатысып жүрмін, – дейді ол. – Аптасына кемі екі рет билет аламын.

Сәті түскен күн – дәл осы апта. Қолына тиген – баспана. Бірақ бұл қуаныш бастапқыда күмәнмен келген.

– Басында шын айтсам, сенбедім. «Скам шығар» деп ойладым. Қазір кім көрінген телефон шалып, алдап-арбайды ғой. Бірақ бірнеше мәрте хабарласты. Кейін өзім келіп көрдім. Міне, сол кезде ғана рас екенін түсіндім, – дейді Василий.

Жеңімпазбен сөйлесіп отырғанда оның сөздерінде бір заңдылық байқалды: үміт үзілмеген. Ол сеніп келген. Сенімінің сыры – сабыр мен тұрақтылық.

– Бұған дейін де үмітімді үзбей, билет алып жүрдім. Қазір сенімім тіпті күшейді. Одан әрі де қатыса берем, – дейді.

Бір қызығы, Василий жеңісі туралы ешкімге айтпаған. Қазір де айтқысы жоқ. «Тыныш өмір сүргің келсе, көпке жария етпе» дейді. Оның бұл сөзі бүгінгі қоғамның бір көрінісі іспетті.

– Ашық айтып, жария еткен дұрыс емес деп ойламаймын. Күнде біреу хабарласып, мазаны алады. Сол үшін ешкімге айтпадым, – дейді ол.

Лотереяға келсек, Василий көбіне TeleBingo мен 5/36 билеттерін сатып алады. Бастапқыда сандарды өзі таңдайтын. Тіпті нумерологияны зерттеп көрген. Бірақ соңғы уақытта бәрін автоматқа тапсырған. Ұтқан нөмір де автоматты түрде таңдалған.

– Бұрын ірі сауда дүкендерінен қағаз билет алатынмын. Соңғы алты айда онлайнға көштім. Ыңғайлы әрі жылдам, – дейді.

Сөз соңында ол барлық қатысушыларға қарапайым, бірақ сенімді кеңес берді:

– Үміт үзбеңіздер. Бәлкім, бір күні сіз де ұтып қаларсыз. Ештеңе де бекер емес.

Танымал қоғам қайраткері айтқандай, «Бақыт – дайын тұрған қақпа. Бірақ оны ашу үшін сенімнің кілті керек». Василий сол кілтті тапты. Енді жаңа өмірдің есігін ашты.

Келесі кезек – Кроссовер!

30 сәуір күні сағат 22:00-де өтетін кезекті тиражда басты жүлде – 282 819 500 теңгеден асады және Кроссовер автокөлігі ойнатылады.

«LOTO 6/49» лотереясының ЛотоЖиын форматында ұсынылған арнайы топтамасы арқылы әр қатысушы бір емес, бірден 6 мүмкіндікке ие болады. Әрбір ЛотоЖиын 6 билеттен тұрады, ал сандар жүйесі кездейсоқ таңдалады. Ұтысқа қатысу онлайн режимде қолжетімді.

Тікелей эфир YouTube желілесіндегі Satty Zhuldyz арнасы арқылы жүргізіледі.

Әлеуметтік жауапкершілік:

Ойыннан түскен табыстың 10%-ы отандық спортты қолдауға, ал тағы 10%-ы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына аударылады.

Мүмкіндік қашан келіп қалатынын ешкім білмейді. Василийге бұйырған бақыт, бәлкім, ертең сіздің есігіңізді қағар!

Бес миллион теңге – бес сауапқа татиды
27 маусым 2025
Бес миллион теңге – бес сауапқа татиды

Бес миллион. Біреуге – көлік, екіншісіне – пәтер. Үшіншісіне – өмір бойы маңдай термен таппаған табыс. Ал астаналық Қайрым Жарыс үшін – жүрекпен келген жақсылықтың есігі.

Бұл – жай ғана ұтыс емес. Бұл – тағдырдың сыйы, Алланың белгілеген межесі. Өйткені ол сәтсіздіктен шаршамаған, сәттілікке семірмеген. Маңдай тер мен маңдай жарықтың дәл ортасында жүрген қазақ баласы.

Моңғолиядан – мәңгілік мекенге

Қайрым Жарыстың тағдыр жолы торғайдың қанатымен сызған көктемге ұқсайды. 2012 жылы 21 наурыз – Ұлыстың ұлы күні – атамекенге, Қазақстанға табан тіреген. Қанмен келген қасиет, жермен біткен мейір.

Ол – үш баланың әкесі. Отбасына ие, ата-анаға арқа сүйер ұл. Қарапайым тірліктің ішінде, артық айқайсыз, есепсіз есеппен емес, ниетпен өмір сүріп жүрген азамат. Еліне еркін келіп, еншісін еңбекпен алған қандас.

Бір күні дүкенге бара жатып, Уәлиханов көшесіндегі әжеден «3 Алма» атты лотерея билетін сатып алады. Бұрын да алып жүрген. Бірақ дәл осы жолы Алланың сыйы басқа болды – санаулы секундтардан соң, бес миллион теңге ұтып алады.

Жеңіс – жалғыздың емес, жұрттың қуанышы

Жеңісті жалғыз тойлаған жоқ. Алдымен жұбайымен бөлісті. Балаларын қуантты. Бауыры мен ата-анасына жеткізді. Сосын жүрегімен ойлап, басқаларға көмектесу керектігін түсінді. Өйткені:

«Өзін ғана ойлаған – жамандықтың белгісі, өзгені де ойлау – адамгершіліктің белгісі», – дейді қазақ.

Қайрым – осы мақалдың тірі мысалы.

Жұбайы бастапқыда сенбеген. «Қайдағы бес миллион? Лотереяға сенетін уақыт па бұл?!» деп қарсы болған. Бірақ құжаттарды көріп, көңілі орнына түсті. Бала-шаға қуанды. Қуаныш – жай байлықта емес, ниеттегі байлықта.

Қайрым бұл ұтыстың бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсамақ. «Қиналған отбасы көп, көмектессек – қайырлы іс» дейді. Қалғанын жақын-жуыққа бөліп бермек. Жасаған жақсылығының есебін емес, сауабын күтеді.

Сәттілік – сүрінбей жеткен шүкір

Қайрым айына бір-ақ рет билет алады. Әр жолы бірдеңе ұтып жүрген. Кішкентай сандар – үлкен мағынаға ие. Жеңгенін емес, бөліскенін мақтан тұтады.

– Билет алған кезде ішкі бір тыныштық болды. Көңілім алаңсыз еді. Кейде адамның жүрегі сезеді ғой. Бұл жолы да солай болды. Кейін білдім – бұл жеңіс менің туған күнімде келіпті. 24 маусым – мен үшін ерекше дата. Бұл Алланың мейірі болмаса, не? – дейді өзі.

Мұны жай ғана сәттілік деуге болмас. Бұл – біреуге сабақ, біреуге үміт. Өйткені дәл сол билет сататын әжей де бұл жаңалыққа көз жасын сүртіп тұрып, шын қуанды. Бұл жеңіс – жалғыз Қайрымның емес, жүрегі таза қазақтың жеңісі.

«Сәтті Жұлдыз» – сәттің емес, жүректің лотереясы

«Сәтті Жұлдыз» – бұл жай ойын емес. Бұл – сенімнің, адалдықтың, адамдықтың таразысы. Ұлттық лотерея арқылы ел игілігіне қыруар қаржы бөлініп отыр. Тек биылғы жылдың алғашқы тоқсанында ғана «Қазақстан халқына» қорына 1,2 миллиард теңге аударылды. Спорт пен дене шынықтыруға – 15 миллиард теңге.

Бұл – жай сандар емес. Бұл – ардагерлерге үй, спортшыларға зал, балаларға алаң. Яғни қайырымның үлкен жолы. Әр билет – сол жолға салынған бір кірпіш.

Келесі ұтыс – 30 маусым күні. Бірақ кім ұтады – Алла біледі. Бәлкім, ол да туған күнінде билет алған тағы бір қазақ болар...

Қайырым мен қайыр – қазақтың қос қанаты

Қайрым Жарыс – бір ұтыспен ұлтқа үміт сыйлаған адам. Оның әрекеті – жарнамасыз ерлік. Қарапайым болса да, қарапайымдылығымен қадірлі. Қазақтың мінезін, мейірін, мырзалығын тірілтіп тұрған бір бейне.

Ұтыс – жолы болғанға бұйырады. Бірақ сол ұтысты бөлісе білу – тек жүрегі кеңнің ісі. Қайрым дәл осы кең жүректілердің қатарынан.

Бес миллион теңге – бес сауапқа жетер амалға айналғанда ғана шын мәнге ие.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.