Валюта бағамы
  • USD -

    514.5
  • EUR -

    598
  • RUB -

    6.55
Талғардағы өрт бойынша барлық айғақ алынды - ІІМ
Фото: ІІМ 12 қазан 2024
Талғардағы өрт бойынша барлық айғақ алынды - ІІМ

Талғар ауданында үйді өртеу қылмысы бойынша барлық айғақтар алынып, қажетті сараптамалар жүргізілуде

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Аленов пен Алматы облысының прокуроры Берік Адамов Талғар ауданындағы үйді өртеу фактісі бойынша тергеу барысы туралы хабарлады.

Бауыржан Аленовтың айтуынша, қылмыс жасалған сәттен бастап, яғни 4 қазаннан бері Талғар ауданында министрдің бірінші орынбасары бастаған ІІМ орталық аппараты қызметкерлерінен құралған жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

– Жедел-тергеу тобы құрылып, қылмыс жасалған жерде мұқият тексеру жұмыстарын жүргізуде. Бейнебақылау камераларынан жазбалар қаралуда. Аулалар мен есепте тұрған тұлғалар тексерілуде. Отбасының тұрғылықты жерін полиция қызметкерлері патрульдеуде. Оқиға орын алған кезде өрт болған үйде ешкім тұрып жатқан жоқ еді. Жанұя қазіргі кезде басқа мекенжайда тұрып жатыр. Қылмыскерлер ұсталып, міндетті түрде жауапқа тартылады. Сонымен қатар жалған ақпарат таратпауға шақырамын, – деді Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Аленов.

Алматы облысының прокуроры Берік Адамов барлық тергеу әрекеттері Бас прокуратураның бақылауында екенін атап өтті.

– Тергеу барысы туралы бас прокурорға есеп беремін. Бүгінгі таңда арнайы прокурорлар үйді өртеу фактісін тергеп жатыр. Оқиға орнынан барлық айғақтар алынып, олар бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Біз сараптама нәтижелерін күтудеміз, одан кейін қосымша ақпарат беріледі. Бүгінгі таңда осы іс бойынша көптеген жалған ақпарат таратылуда. Азаматтарға жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын ескерткіміз келеді, – деді Алматы облысының прокуроры Берік Адамов.

Еске салсақ, бүгін түнде Талғарда бұзақылардың қолынан көз жұмған 16 жастағы Шерзат Болаттың үйі сенбіге қараған түні өртеніп кетті.

RELATED NEWS
Вьетнамнан демалып келген қазақстандық әуежайға қонған бетте қамауға алынды
20 тамыз 2025
Вьетнамнан демалып келген қазақстандық әуежайға қонған бетте қамауға алынды
 

Астана халықаралық әуежайында Камрань – Астана рейсімен келген 30 жастағы елорда тұрғыны мас күйінде ұшақта жанжал шығарғаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды Ulys.

Мәліметке сүйенсек, ер адам рейс кезінде айғайлап, бейәдеп сөздер айтқан және экипаждың заңды талаптарына бағынбаған. Оқиғаға байланысты көліктегі полиция қызметкерлері оны ұшақтан түсіріп, әкімшілік хаттама толтырды.

Сот қаулысымен тәртіп бұзушы 5 тәулікке қамауға алынды. Сонымен қатар ол қоғамдық орында мас күйде жүру, спирттік ішімдік ішу және әуе кемесіндегі тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Көліктегі полиция департаменті азаматтарға қоғамдық орындарда, әсіресе әуе рейстерінде тәртіп сақтаудың маңыздылығын ескертеді.

Павлодарда туысқан қарындасын зорлаған жеткіншек 10 жылға сотталды
26 наурыз 2025
Павлодарда туысқан қарындасын зорлаған жеткіншек 10 жылға сотталды
 

Былтыр жазда Павлодар облысы Шарбақты ауданындағы ауылдардың бірінде туысқан ағасы зорлап, артынан жүкті болған қыз босанған еді. Бүгін Павлодар облысында осы іске қатысты сот өтті, деп хабарлайды Ulys.

Күдікті болған 17 жастағы бала кәмелет жасына толмағандықтан, сот оны 10 жылға бас бостандығынан айырды. Соттың бүгінгі шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Жазда оқушы қыздың босанғаны белгілі болған соң Павлодао облысындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенова 12 жасар қыздың ауылына барған. Қыз бала отбасымен Павлодар облысы Шарбақты ауданы Галкино ауылында өмір сүріп жатыр. Атажұртқа көшіп келген қандастарды Қазақстанға ерте көшіп келген туыстары осы ауылға қоныстандырған көрінеді.

СҚО-да сүйіктісін сәбиімен бірге өртеп жіберген қылмыскер сотталды
12 мамыр 2025
СҚО-да сүйіктісін сәбиімен бірге өртеп жіберген қылмыскер сотталды

Петропавлда сүйіктісін сәбиімен бірге және өзінің інісін өлтірген қылмыскер Александр Канищев өмір бойына сотталып кетті, деп хабарлайды Ulys.

Адам шошырлық қанды оқиға 2023 жылдың қыркүйек айында болған. Сот үкімімен сотталған ер адам бастапқыда өрттен аман қалған жалғыз адам болып есептелген. Алайда, медициналық сараптама шыққаннан кейін ол күдіктілердің қатарына өтті.

Алапат өрттен кейін қылмыскердің сүйіктісі болған, бірақ заңды некеде тұрмаған 20 жастағы Алина Котяштың, оның бір жасар қызы Александраның және інісі Савелияның денесін эксгумацияға жіберуге мәжбүр болды.

Медициналық сараптама нәтижесінде бүлдіршіндер өртке дейін-ақ көз жұмғаны дәлелденді. Ал жас келіншек улы газға уланып көз жұмған. Тергеу барысында прокурор қылмыстық істің осы нұсқасына тұрып алды. Сот алғашқыда күдікті ретінде болған Канищевті ақтап алған. Бұл қанды оқиғадан кейін бір жылдан соң болды.

Дегенмен мемлекеттік айыптаушы сот шешіміне шағым түсірді. Айыптаушы тарап сүйенген негізгі дәлелдердің бірі балалардың қанында көмірқышқыл газының болмауы болды. Бұған қоса, сараптама кішкентай қыз баланың көзі тірісінде бас-ми жарақатын алғанын анықтады. Сондықтан прокурор зардап шеккендердің өртке дейін көз жұмғаны толықтай дәлелденген деп санады.

Ұзаққа бармай іс қайтадан сот алдында қаралды. Бұл жолы сот оны өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Александр Канищевтің сот үкіміне шағымдануына 15 күн уақыт бар.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.