Валюта бағамы
  • USD -

    523.1
  • EUR -

    597
  • RUB -

    6.45
Талғардағы өрт: Алматы облысының әкімдігі отбасына материалдық көмек көрсетеді
Фото: облыс әкімдігі 12 қазан 2024
Талғардағы өрт: Алматы облысының әкімдігі отбасына материалдық көмек көрсетеді
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Азат ауылындағы өртке және Талғар ауданындағы жағдайға байланысты өңір әкімі Марат Сұлтанғазиев шұғыл жиын өткізді, деп хабарлайды Ulys әкімдікке сілтеме жасап.
"Біз марқұмның отбасына көмектесу үшін бар күшімізді саламыз. Жағдай бақылауда, барлық құқық қорғау органдары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Заңдылықты қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдау қажет. Барлық кінәлілер жауапқа тартылады", - деді Марат Сұлтанғазиев.

Сондай-ақ, облыс басшысы өртенген үйді толық қалпына келтіруді тапсырды.

"Сонымен қатар, отбасына материалдық және психологиялық көмек көрсетіледі", - деп атап өтті әкім.
Еске салсақ, бүгін түнде Талғарда бұзақылардың қолынан көз жұмған 16 жастағы Шерзат Болаттың үйі сенбіге қараған түні өртеніп кетті.
RELATED NEWS
Ақмола облысында әжесі немересін өлтіріп, денесін үйдің ауласында көмген
04 наурыз 2025
Ақмола облысында әжесі немересін өлтіріп, денесін үйдің ауласында көмген

Ақмола облысының Щучинск қаласында асырап алынған баланың өліміне байланысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ulys.

HALYQSTAN хабарлауынша, бес жылға жуық уақыт бойы жан түршігерлік қылмыстың іздері жасырулы болып келген. Бұл атышулы іс бойынша бала асырап алған анасы мен әжесі сот алдында жауап берді.

Бес жасар баланың денесі үйдің бақшасына жерленген, ал бұл сұмдық оқиға тек өткен көктемде ғана анықталды. Қылмыстың беті күтпеген қателіктің арқасында ашылған.

Асырап алған анасы басқа баласын денесі  көгеріп жүргендіктен ауруханаға алып келген, алайда құжаттарды шатастырып алған. Кейінірек оның төрт жыл бойы қайтыс болған балаға тиесілі туу туралы куәлікті қолданып жүргені анықталды.

Басты күдікті 65 жастағы әжесі бірден қамауға алынса, 29 жастағы асырап алған анасы да уақытша ұстау изоляторына жіберілді.

Сот жабық есік жағдайында өтіп, үкім шықты. Баланың әжесі – 21 жылға, өгей анасы 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қазақстанда 30-ға жуық  «қылмыс әлемінің беделділері» ұсталды
08 қаңтар 2025
Қазақстанда 30-ға жуық «қылмыс әлемінің беделділері» ұсталды

Қазақстанда соңғы екі жылда ұйымдасқан қылмыстық топтарды құру, басқару және оларға қатысу фактілері бойынша 120-дан астам қылмыстық іс тіркелді, соның ішінде 13-і трансұлттық қылмыстық топтарға қатысты, деп хабарлайды Ulys ІІМ сілтеме жасап.

Қылмыстық кодекстің әртүрлі баптары бойынша 600-ден астам қылмыскер жауапкершілікке тартылды.

Бұдан бөлек, халықаралық іздестіруде болған ұйымдасқан қылмыстық топтардың 27 мүшесі, яғни «қылмыс әлемінің беделділері» ұсталды. Жақын шет елдерден келген алты «заңдағы ұрының» Қазақстан аумағында болуының алдын алынды. Бопсалау және басқа да ауыр қылмыстарды жасаған 160 қылмыстық топтың заңсыз әрекеті тоқтатылды. Бопсалау фактілері бойынша барлығы 1300-ден астам қылмыстық іс қозғалды. 400-ден астам адам саудасымен байланысты қылмыстар анықталды.

«Министрлік ұйымдасқан қылмыстық топтармен күресті жалғастырады және бұл бағытта нақты шаралар қабылданатын болады», – деп атап өтті ІІМ.

 Қазақстандағы дропперлердің 90 пайызы шетелдіктер
09 қаңтар 2025
Қазақстандағы дропперлердің 90 пайызы шетелдіктер

2024 жылы Қазақстандағы «дропперлердің» 90 пайызы резидент емес адамдар. Бұл туралы Қаржы мониторинг агенттігінен мәлім етті, деп хабарлайды Ulys Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Қылмыстық кірістерді заңдастыру үшін биыл осындай 6,2 мың адамның картасы қолданылған екен.

«Бұл карталар арқылы айналымның жалпы сомасы 24 миллиард теңгеге жетті. Ақшаны заңсыз жылыстатқысы келгендер үшінші тұлғаларға тіркелген байланыс операторларының SIM карталарын пайдаланған. Көбінесе «дроп-карталар» есірткі саудасы, кибералаяқтық, заңсыз құмар ойындар және басқа да қылмыстық әрекеттерге байланысты схемаларда қолданылған», - деп хабарлайды ҚМА.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.