Валюта бағамы
  • USD -

    502.3
  • EUR -

    551
  • RUB -

    5.97
Талғар қаласына жаңа әкім сайланды
Фото: © istockphoto.com 16 желтоқсан 2024
Талғар қаласына жаңа әкім сайланды

15 желтоқсанда Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласының әкімі сайлауы өтті. Сайлаушылар тізіміне 42 774 азамат енгізіліп, олардың 12 875-і дауыс беруге қатысты. Үйден дауыс бергендер саны – 24, деп хабарлайды Ulys.

Талғар қаласының әкімі лауазымына үш кандидат үміткер болды. Дауыс беру қорытындысы бойынша келесі нәтижелер тіркелді:

  • Арыстанбек Абилхаирұлы – 9 071 дауыс;
  • Жанибек Каденов – 1 875 дауыс;
  • Әлібек Рамазанов – 1 140 дауыс;
  • «Барлығына қарсы» деген таңдау жасағандар саны – 182.

«Сайлау қорытындысына сәйкес, Талғар қаласының әкімі болып Арыстанбек Абилхаирұлы сайланды. Ол 1983 жылы туған, «Талғар тұрғын үй» ЖШС-нің директоры және Талғар қаласының тұрғыны», — деп жазылған хабарламада.

RELATED NEWS
«Ауыл» партиясын үлкен өзгерістер күтіп тұр
26 мамыр 2024
«Ауыл» партиясын үлкен өзгерістер күтіп тұр

Бүгін «Ауыл» партиясы Астана қаласы бойынша өңірлік филиалының есептік конференциясы өтті, деп хабарлайды Ulys.       

Шараға «Ауыл» партиясының Төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Егізбаев, «Ауыл» партиясы фракциясының депутаттары, Орталық аппарат қызметкерлері, Астана филиалының активі қатысты.

           

Жиында сөз алған Серік Егізбаев Саяси Кеңес Президиумының қаулысына сәйкес, партияның XXIV Съезін ағымдағы жылы 21 маусымда өткізу туралы шешім қабылданғаны айта келе,

«Партия съезін шақыру жөніндегі шешім, ең алдымен, елімізде жүргізіліп жатқан реформаларға байланысты қабылданды. Бізге парламенттік партия ретінде трансформациядан өту керек. Съезд өткізудегі мақсат тек Жарғыға өзгеріс енгізу емес, партияның саяси беделін одан әрі дамытуға және нығайтуға бағытталған жаңа саяси бағдарламаны қабылдау. Партияны жаңғырту барлық партия органдарының қызметін жетілдіруді, партия ұйымдары басшыларының, әрбір мүшесінің жоғары жауапкершілігі мен міндеттерін нақты орындауын талап етеді»,- деді.

Конференция барысында филиал атқарған жұмысының жылдық қорытындысы шығарылып, «Ауыл» партиясының XXIV съезіне делегаттар сайланды.

Жиын соңында су тасқыны зардабын жоюға белсене қатысқан партия мүшелері грамотамен марапатталды.

Партия ауылдарды дамытуға ерекше көңіл бөлуде - саясаттанушы
13 маусым 2024
Партия ауылдарды дамытуға ерекше көңіл бөлуде - саясаттанушы

Еліміздегі конституциялық реформалардан кейін саяси алаңда партиялар белсенділігінің артқанын байқауға болады. Әсіресе, «Ауыл» партиясының басшылығындағы ауыз-түйістерден соң партия қызметінде оң өзгерістер орын алуда. Бұл туралы пікірді саясаттанушы Ержан Ибраев білдірді, деп хабарлайды Ulys.

«Партия атына сай болуы үшін өңірлердегі жұмысқа көбірек көңіл бөліп, бүгінгі ауылдардың шынайы проблемаларын көтеруде. Аз ғана уақыт ішінде аймақтық филиалдарын құрып, олардың қызметін жандандыруы партияның осы бағыттағы жасалып жатқан белсенді жұмысының айқын көрінісі деуге болады», - дейді Ержан Ибраев.

Оның айтуынша партия ауылдық аумақтарды дамытуға, олардың инфрақұрылымын жақсартуға және жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға ерекше көңіл бөлуде.

«Мәселен, өзім туып-өскен Ақмола облысының Егіндікөл ауданында ауызсу мәселесі ұзақ жылдардан бері шешімін таппай келеді. Таяуда партия басшысы Серік Егізбаев мырза біздің ауданға келді. Ол аудан әкімі мен су тартуға анықталған мердігер, жергілікті азаматтармен кездесе отырып, ауызсу мәселесін жеке бақылауда ұстайтынын жеткізді. Осы тәрізді өңірлердегі жұмыстар партияға деген сенімді нығайтып, оның халық арасында беделін арттыруға септігін тигізетіні сөзсіз», - деп толықтырды саясаттанушы.

Талғарда жаңа әкім сайланады
08 қараша 2024
Талғарда жаңа әкім сайланады

Талғарда атышулы оқиғадан кейін жаңа әкім сайланады. Орталық сайлау комиссиясы сайлау күнін белгіледі. Бұл туралы Ulys ведомствоға сілтеме жасап хабарлайды.

ОСК мәліметінше, Алматы облысы Талғар ауданы аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен Талғар қаласы әкімінің сайлауы 2024 жылғы 15 желтоқсанға тағайындалды.

Дәл осы күні қала, ауыл және ауылдық округ әкімдерінің сайлауы бірнеше өңірде өтеді: Ұлытау облысында Ұлытау ауданының Алғабас, Егінді, Мибұлақ және Шеңбер ауылдық округтерінің әкімдері сайланады.

Сол сияқты Қостанай облысында Әулиекөл ауданының Новонежин ауылдық округіне, Жітіқара ауданының Пригородное ауылына, Қостанай ауданының Белозер ауылдық округіне, Сарыкөл ауданының Севастополь ауылдық округіне және Маяк ауылына әкімдер сайланады.

Естеріңізге сала кетейік, қазан айының басында Талғарда 16 жастағы Шерзат Болатты бір топ жігіт өлтіріп кетті, артынша оның отбасының үйі өртенді. Осы оқиғадан кейін Талғар қаласының әкімі Бақыт Күрішбеков пен оның орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қызметінен босатылды.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.