Валюта бағамы
  • USD -

    518.1
  • EUR -

    605
  • RUB -

    6.35
ТАҒЫ БІР ТАЛАНТЫМЫЗ «СЛАВЯН БАЗАРЫ-2019» XАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ
16 шілде 2019
ТАҒЫ БІР ТАЛАНТЫМЫЗ «СЛАВЯН БАЗАРЫ-2019» XАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Қазақстандық әнші - Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының эстрада-өнер факультетінің 4 курс студенті Әділхан Макин Витебск қаласында «Славян базары-2019» xалықаралық фестивалінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы ақжолтай хабарды Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова өзінің фейсбук парақшасында хабарлады.

 

«Бас Жүлде - бұл үлкен жеңіс. Төрт жыл бұрын осы жарыс сахнасында Димаш Құдайбергеннің жұлдызы жанған еді. Ол кезде де Министрліктің қолдауымен аттанып, бас жүлдемен оралған болатын»,-деп жазды министр қуана.

 

«Ары қарай бағы қалай жанғанына өздеріңіз де куәсіздер, достар. Витебскте біздің министрліктің қолдауымен келген шығармашылық делегацияға бүгінгі күннің белсенді жұмысы үшін алғысымды білдіремін. Барлығыңызды осындай айтулы жеңіспен құттықтаймын, әріптестер!

 

Әділxан Макин өз кезегінде тыңдармандарға тамаша қазақ ойшылы Абайдың 175 жылдығына орай бірегей флешмобты жалғастырды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған ұлы ақынның өлеңдерін оқыған флеш-моб Витебскте Әділxан Макин жалғастырды: Абайдың «Көзімнің қарасы» атты әнін орындап, тыңдармандардың ду қол шапалағына бөленді!

 

Беларусия, Ресей, Германия, Швейцария, Болгария, Мальта, Израиль, Қытай, Латвия, Украина, Польша, Литва, Грузия, Армения және Молдова... Біздің жігіт ең үздігі атанды! Бұл үлкен жетістікпен баршаңызды құттықтаймын! Бұл жеңіс - Әділхан Макиннің өнер жолында алғашқы қадамы - оның алдағы табыстары мен жеңістеріне апаратын қадам екеніне сенімдімін. Біз қолымыздан келгеннің барлығына көмектесеміз»,— деп жазды Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова өз парақшасына.

RELATED NEWS
БҰРЫНҒЫ ПРЕЗИДЕНТ СОТТАЛДЫ
25 қаңтар 2019
БҰРЫНҒЫ ПРЕЗИДЕНТ СОТТАЛДЫ

«Ukrinform» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Киев соты Януковичке "мемлекетке опасыздық жасау, басқыншылық соғысқа көмектесті" деген баптар бойынша айып тағып, 13 жылға соттады. Негізгі дәлелдерінің бірі Януковичтің Ресей президенті Владимир Путинге Украинаға әскер кіргізуді сұрап жазған хаты болды. Сырттай үкім кесілген президент 2014 жылдан бері Ресейде бас сауғалап жүр. Ресейдің Бас прокуратурасы оны қайтару туралы Украинаның сұрауынан бас тартқан болатын.

 

сурет: ukrinform.ru

https://www.ukrinform.ru/rubric-polytics/2626411-anukovic-put-k-izmene-i-kak-s-etim-pokoncit.html

Тайваньда 7,2 балдық жер сілкінісі болып, 100-ден аса адам жарақат алды
03 сәуір 2024
Тайваньда 7,2 балдық жер сілкінісі болып, 100-ден аса адам жарақат алды

Тайваньда 7,2 балдық жер сілкінісі болып, 100-ден аса адам жарақат алып, 10-нан аса тұрғын көз жұмды, деп хабарлайды  Еuronews.

Тайваньның шығыс жағалауында болған 7,2 магнитудалы жер сілкінісінен кем дегенде тоғыз адам қаза тапқаны хабарланды. Ондаған адам із-түзсіз жоғалып кеткендер қатарында, жүздеген адам түрлі дәрежеде жарақат алды.

Зілзала Тайваньның шығыс жағалауында жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат сегіз шамасында тіркелді. Ол бүкіл аралда сезілді. Тайваньның шығысындағы Хуалянь қаласында бірнеше ғимарат қирап, іздестіру-құтқару операциясы жүріп жатыр.

20 миллионнан астам адам тұратын аралда теміржол қатынасы тоқтатылды.

Иран Израильге 150-ге жуық зымыран ұшырды
14 сәуір 2024
Иран Израильге 150-ге жуық зымыран ұшырды

Израильдің бірер апта бұрын жасаған шабуылына жауап ретінде Иран 150-ге жуық зымыран ұшырды. Израиль армиясы зымыранның бәрін қағып алғанын айтты айтты, деп хабарлайды BBC.

Америка Құрама Штаттары Израильге Ираннан ұшырылған ұшқышсыз ұшақтар мен зымырандарды толықтай атып түсіруге көмектескен. Бұл туралы АҚШ президенті Джо Байден айтты.

«Осы орналастырудың және біздің әскерлеріміздің ерекше шеберлігінің арқасында біз Израильге қарата ұшырылған ұшқышсыз ұшақтар мен зымырандарды толықтай атып түсіруге көмектестік. Мен бұл шабуылдарды қатаң түрде айыптаймын», - деді Америка президенті.

 

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.