Валюта бағамы
  • USD -

    532.7
  • EUR -

    544.5
  • RUB -

    5.17
Су тасқыны: Білім саласының 20 мың қызметкері ерікті ретінде жұмыс жасауда
09 сәуір 2024
Су тасқыны: Білім саласының 20 мың қызметкері ерікті ретінде жұмыс жасауда

Білім беру саласының 20 мың қызметкері тасқынға қарсы іс-шараларға ерікті ретінде қатысуда. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан ОКҚ баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Ulys.

«Оқу-ағарту министрлігі ең көп зардап шеккен аймақтарда тұратын балаларды сауықтыру орталықтарына жіберу жұмыстарын жүргізуде.Соңғы тәуліктерде Алматы қаласындағы ұлттық сауықтыру орталығына Батыс Қазақстан облысынан  балалар қабылданды. Одан бөлек 80 бала Ақмола облысындағы «Жасдәурен» лагеріне орналастырылды. Жалпы алғашқы лекте 11 балаларды сауықтыру орталықтарына Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола және Ақтөбе облыстарынан 600 бала қабылданады. Министрлік «Қазақстан темір жолымен» бірлесіп, балалардың сауықтыру орталықтарына тегін жеткізілуін ұйымдастыруда», - деді Еділ Оспан.

Оның айтуынша балалар сапалы білім алуы үшін қажетті оқу-құралдарымен, тамақтанумен және киім-кешекпен қамтамасыз етілді.

Эвакуациялық пункттердегі балаларды республикалық маңыздағы инновациялық мектеп лицейлерінің жатақханаларына орналастыру және оқу процесін ұйымдастыру мәселесі шешілуде. Бүгін «Дарын» мамандандырылған мектептері балаларды қабылдауды бастады. Педагогтер мен білім саласының барлық қызметкерлеріне айрықша алғыс білдіреміз! Бүгінде білім беру саласының 20 мың қызметкері тасқынға қарсы іс-шараларға ерікті ретінде қатысуда, оның ішінде 10 мыңнан астамы эвакуациялық пункттерде жұмыс жасауда. Балаларға және зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсету мақсатында жергілікті жерлерде 300-ден астам мектеп психологы жұмыс жасауда. Бала құқықтары жөніндегі уәкілдердің белсенді жұмысы ұйымдастырылды. Зардап шеккен елді мекендердегі балалар қажетті оқу-құралдарымен, сондай-ақ қашықтықтан оқу үшін техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілді», - деді вице-министр.

 

RELATED NEWS
Су тасқыны: 8 мыңнан астам үй апатты жағдайда деп танылды
21 маусым 2024
Су тасқыны: 8 мыңнан астам үй апатты жағдайда деп танылды

Парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов ауқымды су тасқынының салдарын жою жөніндегі қалпына келтіру жұмыстарының барысына түсініктеме берді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет басшысы су тасқыны мыңдаған азаматқа, сондай-ақ инфрақұрылымға, экономикаға және жалпы елімізге айтарлықтай зиян келтіргенін атап өтті.

120 мыңнан астам адам өз үйінен эвакуацияланды. Олардың 67 570-і үйлеріне оралды. Бұл ретте бүгін таңертеңгі мәлімет бойынша 3 952 адам эвакуациялық пункттерде қалып отыр. Барлығы 12 мың тұрғын үй (ЖТҚ) және 26 мың саяжай учаскелері су астында қалды. Су астында қалып отырған үйдің саны — 98.

«Көмек көрсету бойынша ауқымды жұмыс атқарылуда. Мемлекет басшысының үндеуіне жауап бере отырып, ірі бизнес елеулі қолдау көрсетті, бюджеттік ресурстар да тартылды. Бүгінгі таңда 33 141 отбасы 100 АЕК көлемінде өтемақы алды. Осы мақсатқа бюджеттен 12 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді», — деді Олжас Бектенов.   

Оның айтуынша, зардап шеккен 17 982 үй бойынша тексеру жүргізілді, 15 685 үйді бағалау аяқталды. Үйлердің жартысына жуығы жөндеу мен қалпына келтіруді қажет етеді. Осы мақсаттарға орай 5823 отбасы өтемақы алды. Оған 38,6 млрд теңге бөлінді.

8 мыңнан астам үй апатты жағдайда деп танылды. Олар үшін зиянды өтеудің 2 нұсқасы бар:

1. пәтерлерді немесе үйлерді қайталама нарықта сатып алу;

2. үй салу.

«Біз Президенттің тапсырмасына сәйкес зардап шеккен азаматтардың талап-тілегін орындаймыз. Бүгінгі таңда 3155 отбасы жаңа баспана алды. Түрлі өңірлерде 2049 үйдің құрылысы белсенді жүргізіліп жатыр. Жалпы тұрғын үйді қалпына келтіруге және салуға 251 млрд теңге бағытталды», — деп атап өтті ҚР Премьер-Министрі.

Сонымен қатар инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымға, жолдар ззиын келді. Атап айтқанда, 2,3 мыңнан астам энергиямен жабдықтау тіректері қирап, 54 км желі үзілді. Бүгінгі таңда 40% қалпына келтірілді, жаз айларында жұмыс белсенді жалғасатын болады.

Республикалық және жергілікті жолдардың 290 учаскесінде автомобиль қатынасы үзілді. Бүгінде Атырау облысында бір учаскені қоспағанда, барлық учаскелер бойынша қозғалыс қалпына келтірілді. Аталған учаскедегі қозғалыс су кеткен кезде ашылады.

Сонымен қатар, 39 білім беру нысаны су астында қалды. Оның 18-і ағымдағы жөндеуді, 11-і күрделі жөндеуді қажет етеді, 9 білім беру нысаны одан әрі пайдалануға мүлдем жарамсыз және жаңадан салынады. Бір білім беру нысанында әлі де тексеру рәсімі жүргізіліп жатыр.

«Президенттің тапсырмасына сәйкес, күн суытқанға дейін барлық азамат жаңа тұрғынүйге қоныстанып, барлық инфрақұрылым нысандары қалпына келтірілетін болады», — деп түйіндеді Олжас Бектенов.

Cу тасқыны: Үкімет тұрғындарға қалай көмектесіп жатыр
25 маусым 2024
Cу тасқыны: Үкімет тұрғындарға қалай көмектесіп жатыр

Елімізде су тасқыны салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек көрсету жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында вице-премьер Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды Ulys Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зардап шеккендерді баспанамен қамту  

67 мыңнан астам адам өз үйіне оралды. Эвакуациялық пункттердегі 3 664 тұрғынға барлық қажетті көмек көрсетіледі.

Су тасқынынан зардап шеккендердің жалғыз баспанасы саналатын 12 086 тұрғын үй мен 7 380 саяжай құрылысы су астында қалды. Зардап шеккен өңірлерде 18 228 тұрғын үй тексеріліп, 15 651 объект бойынша бағалау аяқталды.

Бағалау қорытындысы бойынша 9 306 үй жөндеуге жатқызылды, 8 190 үй қалпына келтірілмейтіні анықталды, олар бойынша қайталама нарықта 5 714 үй мен пәтер сатып алу, сондай-ақ үлгілік жоба бойынша 2 576 үй салу жоспарлануда.

Жалпы, тұрғын үйді қалпына келтіруге шамамен 257 млрд теңге қажет.

Қазіргі уақытта тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге 40 млрд теңгеге өтемақы 6 176 отбасына берілді. 3 414 отбасы қираған баспанасының орнына жаңа үй мен пәтер алды. 

Батыс Қазақстан, Қостанай, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында зардап шеккен азаматтарға арналған 2,5 мың жаңа үйдің құрылысы басталды.

 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлемдер

24 маусымдағы жағдай бойынша 33 321 отбасы 12 млрд теңгеден астам сомаға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды.

Бұл жұмыс Қарағанды, Павлодар, Ақмола облыстарында және Абай, Ұлытау облыстарында толығымен аяқталды. Төлемдер Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Атырау облыстарында жалғасуда.

 Қосымша шаралар 

Зардап шеккен тұрғындарға 150 АЕК-ке дейінгі мөлшерде жоғалған қажетті заттарды сатып алу үшін қосымша өтемақы төленеді. 15 355 отбасы 7,6 млрд теңгеге өтемақы алды.

Суға кеткен малдың өтемі үшін мемлекеттік көмек көлемі 2,8 млрд теңгеден асты.

Зардап шеккен бизнестің шығынын өтеу бойынша жұмыс басталды. Қазіргі уақытта өңірлік комиссиялар ШОБ субъектілерінің жалпы сомасы 833 млн теңгеден асатын 124 өтінімін қарап, мақұлдады.

Әкімдіктердің алдын ала бағалауы бойынша 797 ШОБ субъектісі 24,1 млрд теңге сомасында зардап шеккен. Осы объектілер бойынша бағалау және сметалық жұмыстар жүргізіледі, олардың қорытындысы бойынша өтінімдер өңірлік комиссиялардың қарауына шығарылатын болады.

Инфрақұрылымды қалпына келтіруге жалпы қажеттілік 48,7 млрд теңгеге бағаланды. Бұл қаражат автомобиль жолдарын, электрмен жабдықтау желілерін қалпына келтіруге және әлеуметтік объектілерді жөндеуге бағытталады. Бүгінгі таңда 39,8 млрд теңгеге жобалар дайындалды. Құжаттама Қаржы министрлігіне келіп түсуіне қарай Үкімет басқа жобалар бойынша шешім қабылдайтын болады.

 

Су тасқынымен күрес: Үкімет  қосымша 22 млрд теңге бөлді
19 шілде 2024
Су тасқынымен күрес: Үкімет қосымша 22 млрд теңге бөлді

Қазақстан Үкіметі көктемгі су тасқыны салдарын жоюға және зақымдалған инфрақұрылымдық нысандарды қалпына келтіруге төтенше резервтен қосымша 22,7 млрд теңге бөлді. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов қол қойды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Қаражат Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы жолдарды, сондай-ақ көпірлер мен су өткізгіш құрылымдарды қалпына келтіруге, реконструкциялауға және құрылыс жұмыстары үшін әкімдіктерге бөлінеді. Атап айтқанда, Ақтөбе облысында 31 жоба жүзеге асырылып жатыр. Олардың ішінде Ырғыз – Нұра, Ырғыз – Құттыкөл, Құмтоғай автожолдарындағы су өткізгіш құбырларды, Ойыл ауылына апаратын автожолды жөндеу, Ойыл өзеніндегі көпірді қайта жаңғырту, сондай-ақ Әйтеке би ауданы Әйке ауылындағы көпір өткелі құрылысы бар.

Ақмола облысында Атбасар қаласына апаратын жол бөлігін, Атбасар – Сочинское автожолын қайта жаңарту, Жалтыр – Макинск автожолын, Қалқұтан ауылына, Жамбыл және басқа да елді мекендерге кіреберіс жолдарын жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Барлығы – 14 бағыт.

Қостанай облысында қаражат 22 бағыт бойынша жолдарды, көпірлерді және 10-ға жуық су өткізгіш құбырды жөндеуге және реконструкциялауға жұмсалады.

Солтүстік Қазақстан облысында 10 жолды, оның ішінде Көкшетау – Омбы бағытындағы жолды жөндеу, сондай-ақ 22 шақырым су өткізгіш құбырларға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Бөлінген қаражат жергілікті атқарушы органдарға тұрғындардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін су тасқынынан кейін бүлінген жол бөліктерін уақытылы қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, 2024 жылғы 17 шілдеде ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов су тасқынынан кейін тұрғын үйлерді және инфрақұрылымды қалпына келтіру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Оның барысында Үкімет басшысы қалпына келтіру жұмыстарының қарқынын арттырып, туындаған мәселелерді жедел шешу үшін адамдар мен техниканы жұмылдыруды тапсырды.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.