Төтенше жағдайлар министрлігінің соңғы дерегі бойынша су тасқынына байланысты қазіргі уақытта елімізде 63 927 адам құтқарылды және эвакуацияланды. Бұл туралы ТМЖ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы Қахарман Оразалин Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте айтты.
Осы уақытқа дейін Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 391 жеке тұрғын үй, 1059 саяжай үйі, түрлі мақсаттағы 79 ғимарат су астында қалды.
Қазіргі таңда 63 927 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды, оның ішінде 45 мүмкіндігі шектеулі адам, 15 283 бала бар. Уақытша орналастыру пункттерінде 13 328 адам, оның ішінде 6 742 бала бар. Психологтар жұмыс істеп жатыр. Барлық қажетті көмек көрсетілуде, - деді Кахарман Оразалин.