Валюта бағамы
  • USD -

    518.9
  • EUR -

    587
  • RUB -

    6.23
Студенттік құрылыс жасақтары су тасқынынан зардап шеккендерге үй салып береді
редактор 23 мамыр 2024
Студенттік құрылыс жасақтары су тасқынынан зардап шеккендерге үй салып береді

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында су тасқынынан зардап шеккендерге салынып жатқан баспаналар құрылысына «Ауыл» жастары көмектеседі. Ол үшін өңірде студенттік құрылыс жасақтары құрылды. Бұл - «Ауыл» ХДПП бастамасымен қолға алынып отыр, деп хабарлайды Ulys.

Бүгін Петропавл қаласы А. Винокуров атындағы спорт сарайында «Ауыл» партиясы Жастар қанаты құрылыс жасақтарының салтанатты шеруі өтті.

Салтанатты шеруге «Ауыл» ХДПП Төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Егізбаев, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, жергілікті атқарушы билік өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары, еңбек ардагерлері т.б қатысты.

Ел аумағында болған су тасқыны зардаптарын жою үшін Жастар студенттік құрылыс жасақтарын қайта жандандырып, зардап шеккендерге нақты көмек көрсету жайында «Ауыл» партиясы Төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты Серік Егізбаев Үндеу жасаған болатын. Аталған үндеуге бірінші болып «Ауыл» партиясының Жастар қанаты үн қосты. Солтүстік Қазақстан облысында студент жастар отрядын жасақталды.

Салтанатты шеруде сөз алған Серік Егізбаев «Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында: «Адал адам – Адал еңбек – Адал тәрбие» – бір-біріне ажырамас ұғымдар. Осы үш бағытты озық әрі табысты елге айналудың басты кілті деуге болады. Балалар мен жастарды тәрбиелеп, олардың бойына осы озық құндылақтарды сіңіруге айырықша көңіл бөлінуі тиіс – деп атап өткен болатын. Бүгін, «Ауыл» Партиясының Жастар қанаты бастама көтеріп, еліміз егемендік алған уақыттан бері тұңғыш рет «Ауыл» жастарының құрылыс жасақтарын» құрды. Жоба жас буын үшін жаңа өмірге жолдама, жаңа мамандыққа бастау болады деп ойлаймын. Бүгін біз «Ауыл» партиясы жастар құрылыс отрядтарының жұмысына ресми старт береміз. Біздің балалар 3 ай ішінде, көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерді күзгі суыққа ұрындырмай қоныстандыру үшін «Солнечный – 2» кентінде құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Уақыт өте аз, ал жұмыс – өте көп. Сондықтан балаларымызға сәттілік тілейміз!», - деді.

«Ауыл жастары» құрылыс жасағының құрамында 40 жас бар. Тағы 40 студент резервте тұр. Қазіргі уақытта Петропавл қаласының Солнечный-2 кентінде тасқыннан зардап шеккендерге арналып 500-ден астам баспана салынып жатыр. Жастар құрылыс жасағы сол жерде су шайған үйлерді қалпына келтіру және құрылыс жұмыстарына жұмылдырылады.

«Бұл үлкен қоғамдық әлеуметтік маңызы бар жоба. Бір  жағынан, жастар жасағы зардап шеккен отандастарға су тасқыны зардаптарын жоюға көмектессе, екінші жағынан, студент жастардың жазғы демалыс кезінде еңбекке араласып, табыс табуына мүмкіндік береді. Басқа өңірлерде де жұмысты жалғастырамыз. Мәселен Қарағанды жастары басқа облыстарға барып, көмек көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді», - дейді Серік Егізбаев.

RELATED NEWS
Қазақстанның 20-дан астам елді мекенінде су тасқаны болуы мүмкін
05 ақпан 2025
Қазақстанның 20-дан астам елді мекенінде су тасқаны болуы мүмкін

Мәжілістің жалпы отырысының кулуарындаТөтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов су тасқыны қаупі бар аймақта 23 елді мекен бар екенін айтты, деп хабарлайды Ulys.

«Бұл статистиканы мамандар береді. Кейбір депутаттар осы өңірдің барлығын су басады деп шошып жатыр екен. Олай болмайды. Белгілі бір жұмыс жүргіземіз. Кейбір өңірден ол қауіптер жойылды. Ал өңірлер бойынша су тасқыны қаупі төніп тұрған ТОП-5 аймақты айтатын болсақ, БҚО, Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары болып отыр», - деді Шыңғыс Әрінов

Су тасқынына дайындық:  ел аумағының 71%-ында қар жатыр
11 наурыз 2025
Су тасқынына дайындық: ел аумағының 71%-ында қар жатыр

Үкімет  отырысында экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев ел аумағының 71%-ында қар жатқанын хабарлады. 

 Ол 11 наурыздағы жағдай бойынша қар астында жатқан аумақ 71%-ды құрайтынын, дегенмен бұл өткен аптаға қарағанда 15%-ға аз екенін атап өтті. Еліміздің оңтүстігінде: Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарында, батысында: Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында қар еріп жатыр.
«Наурыз айында температура көтеріліп, жауын-шашын көп болса еріген қар суынан тау өзендерінде тасқын жүруі мүмкін. Орталық, солтүстік және шығыс аймақтарда қар қалың, наурыз айында жауын-шашын мөлшері айлық нормадан екі және одан да көп түседі деп күтіліп отыр. Мысалы, Астанада бірінші онкүндіктің өзінде айлық жауын-шашын мөлшері түсті», 
— деп атап өтті Ерлан Нысанбаев.

Су тасқынымен күрес: 5 мыңнан аса отбасы қоныс тойын тойлады
08 тамыз 2024
Су тасқынымен күрес: 5 мыңнан аса отбасы қоныс тойын тойлады

Су тасқынынан зардап шеккен 5 239 отбасыға арнайы салынған және сатып алынған үйлер мен пәтерлер берілді, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Үкімет су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға тұрғын үй салу және сатып алу, сондай-ақ оларға жан-жақты көмек көрсету бойынша өңірлерде жүргізіліп жатқан жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстап отыр.

Қираған баспанасының орнына 4769 отбасы жаңа үйлер мен пәтерлерге ие болды. Сонымен қатар зардап шеккен өңірлерде 2568 жаңа үйдің құрылысы қарқынды түрде жүргізіліп жатыр, оның ішінде 470 нысан бойынша жұмыстар толығымен аяқталып, тұрғындарға кілттер табысталды.

Солтүстік Қазақстан облысында құрылысы аяқталған 285 үй, Қостанай облысында 57, Батыс Қазақстан облысында 80, Ақтөбе облысында 43 және Павлодар облысында 5 үй пайдалануға берілді.

Барлық облыста су басқан тұрғын үйлерді тексеру және бағалау жұмыстары 100% аяқталды. Жалпы сомасы 49,3 млрд теңгеге 8 853 отбасы тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге тиісті төлем алды.

34 216 отбасыға 12,6 млрд теңгеге 100 АЕК мөлшерінде біржолғы өтемақы төленді. Сондай-ақ жоғалған бірінші қажеттіліктегі заттарын сатып алу үшін 150 АЕК-ке дейін қосымша төлемдер берілуде. Бүгінгі таңда 9,9 млрд теңгеге 21 869 отбасы осындай көмек алды.

Зардап шеккен бизнеске келтірілген залалды өтеу жұмыстары жалғасуда. Өңірлік комиссиялар жалпы сомасы 7,9 млрд теңгеге ШОБ субъектілерінің 455 өтінімін қарап, мақұлдады.

Суға кеткен мал үшін берілген мемлекеттік көмек көлемі 2,8 млрд теңгеден асты.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.