Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев әлеуметтік желіде билік спорт легионерлеріне квазимемлекеттік сектордан да, бюджеттен де қаражат бөлмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulys.
«Легионерлерге, Қазақстанда жүрген шетелдік спортшыларға бюджет ақшасынан да, квазимемлекеттік сектордан, «Самұрық-Қазына» секілді қордың ақшасы да берілмеуі керек деген норманы заңға енгіздім. Жұмыс тобындағы әріптес депутаттар қолдады.Олимпиадалық, Азиада ойындары, Сурдолимпиада, Паралимпиада ойындары тізіміне енген спорт түрлеріне ғана қаражат бөлінеді. Одан бөлек мемлекеттік спорттық ұйымдардағы балаларға, бұқаралық спортқа беріледі», – деді депутат.
Оның айттуынша ендігі кезекте 180 спорт түріне мемлекет бюджетінің ақшасы берілмейтінін мәлімдеді.