Шымкент полициясы шала туған сәбиінің өлі денесін қорапқа салып, қаладағы Түркістан облыстық перинаталдық орталыққа тастап кеткен әйелді ұстады. Бұл туралы Ulys полицияға сілтеме жасап хабарлайды.
Ол — Шымкент қаласының тұрғыны.
«Аталған факті бойынша қала тұрғыны анықталып, ұсталды. Қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», -делінген полиция мәліметінде.