Мешітте жамағат намаз оқып жатқан сәтте белгісіз адамдар дау тудырып, намаздың оқылу әдісіне қатысты наразылық білдірген, деп хабарлайды Ulys.
Әлеуметтік желіде тараған видеоға қарасақ, оқиға Шымкент қаласының мешітіне саяды. Бір топ азамат намаз оқып жатқан кезде екі адам наразылық тудырып, намаздың оқылу әдісіне арызданып тұр.
«Мұсылман мешіті, Әбу-Ханифа бойынша оқылады», - дейді кадр сыртындағы дауыс.
Ал видеоға түсіруге наразы азаматтар камераны ұрып, бейәдеп сөздер айтады.