Астанада ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның 25 жылдығына арналған Қазақстан әйелдерінің форумы өтті. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.
Мемлекет басшысы ұлттық комиссияның 25 жылдығына орай құттықтау жолдады.
«Комиссия гендерлік тендікті қамтамасыз ету, отбасы институтын нығайту және ана мен баланы корғау ісінде ерекше рөл атқарып келеді. Бұл құрылым уәкілетті органдардың, азаматтық сектордың және бизнестің күш-жігерін тоғыстыратын тиімді мінберге айналды. Сіздердің еселі еңбектерініздің арқасында Қазақстан бірқатар халықаралық конвенцияны ратификациялап, гендерлік теңсіздікті жою жөніндегі барлық міндеттемелерін орындап келеді. Біз әйелдердің қоғамдағы мәртебесін көтеру жене отбасы құндылықтарын дәріптеу үшін жүйелі шараларды жалғастырып, баршаға бірдей мүмкіндік беретін мемлекет – Әділетті Қазақстанды құру жолында нақты қадамдар жасаймыз», – делінген Президенттің құттықтау сөзінде.
Форум барысында Парламент депутаттары, халықаралық ұйымдар мен азаматтық сектор мен халықаралық ұйымр өкілдері отбасылық-демографиялық саясат, әйелдердің қазіргі қоғамдағы рөлі, отбасыларды әлеуметтік және экономикалық қолдау, балалардың құқықтары және басқа да көптеген маңызды мәселелерді талқылады.
25 жыл ішінде Ұлттық комиссия отбасылық және гендерлік саясаттағы өзекті мәселелер бойынша тиімді жұмыс жүйесін құра алды. Комиссия мен серіктестердің бірге атсалысуының арқасында әйелдер, отбасы және балалар құқықтарын қорғауға бағытталған жүздеген табысты жобалар мен бастамалар жүзеге асырылды. Комиссия осы сала бойынша маңызды шешімдер шығарып, оларды іске асыруға белсенді араласатын бірегей органға айналды.
«Amanat» партиясының хатшысы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Шолпан Каринова, БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори және басқа да спикерлер комиссияның рөлі айтарлықтай ерекше екенін атап өтті.
Іс-шараға қатысушылар әйелдер құқықтары мен отбасылық құндылықтарды қорғау саласындағы одан әрі ынтымақтастық орнатып, бірлесіп жұмыс атқаруға дайын екендігін атап өтті.
Қорытындылай келе, Аида Балаева бүгінгі форум отбасы мәртебесін арттыруға, гендерлік теңдікті сақтау жұмыстарын одан әрі дамытуға, жетістіктер мен перспективаларға жол ашып, бірлескен жұмысқа жаңа серпін беретініне сенім білдірді.