Шығыс Қазақстан облысында найзағай әйелді өлтірді, деп хабарлайды Ulys.
YK.kz хабарлауынша, әйел бақташы болып жұмыс істеген. Оның қасында болған екі жылқы да тіл тартпай кеткен.
Қайғылы оқиға Глубокое ауданы Черемшанка ауылынан 5 шақырым жерде болған.
Әзірге мемлекеттік органдардан ресми түсініктеме жоқ.
Айта кетерлігі, ШҚО бойынша 2 шілдеде найзағайға байланысты дауылды ескерту жарияланған. Құтқарушылар үйде қалуды ескерткен.