Семей қаласында жатқан қоқыс жәшігінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды. Сәбидің денесінің 80 пайызын күйік шалған. Бұл туралы Абай облыстық полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды Ulys.
«Департамент кызметкерлері санынан арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел іздестіру барысында бейнежазбаларды тексеру, куәгерлерді анықтау жұмыстары атқарылуда. Қылмыстық істі тергеу ерекше бақылауда», - деді Абай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Елдос Закимов.