Валюта бағамы
  • USD -

    482.7
  • EUR -

    535.5
  • RUB -

    5.37
Семейде ауқымды абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
21 мамыр 2024
Семейде ауқымды абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр

Облыс орталығы мәртебесіне ие болғалы бері Семейді сұр, әрі қызықсыз қала деп атау қиын. Мұнда жаңа қоғамдық кеңістіктер ашылып қана қоймай, көпқабатты үйлердің қасбеттері ретке келтіріп, жерасты өткелдері жөнделіп, қызықты тақырыптық муралдар көбейіп келеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың сәуір айында көшелерді тазарту, елді мекендердің аумақтарын көгалдандыру және абаттандыру жөніндегі науқанды бастауды тапсырды.

Абай облысының әкімшілік орталығының көшелері жаңа түстермен жарқырауы үшін өткен жылдан бастап Семейде қасбеттерді кеңінен жөндеу басталды. Осы жылы 36 көппәтерлі тұрғын үйдің қабырғаларын жаңарту жоспарланған. Қаланың тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Диана Шаяхметованың айтуынша, қала орталығындағы үйлер, сондай-ақ оң жағалауда да, сол жағалауда да магистральдардан алыс орналасқан үйлерді сырлау жұмыстары жасалмақ.

- Жұмыс қасбеттерді жөндеу, тегістеуді, содан кейін қасбетті бояуды қамтиды. Тұрғын үй қатынастары туралы Заңға сәйкес біз қалаға сәулеттік көрініс беретін үйлерді ғана қамти аламыз,- деп атап өтті Диана Шаяхметова.

Қасбеттерді жаңарту кестеге сәйкес 15 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Егер мердігерлердің жұмысы ескертулер тудырса, олар кепілдік міндеттемелер шеңберінде оларды жоюға міндетті. 

Сонымен қатар, Қ.Мұхамедханов көшесіндегі жерасты және жер үсті өткелдерін жөндеу жоспарланған. Жерасты өткеліндегі жөндеуден басқа, белгілі музыкант Батырхан Шүкеновті еске алу туралы шешім қабылданды. Қазір мұнда бірнеше қабырғаға суреттер салынып, оның композициялары шырқалады.

- Қазір жұмыс басталды. Техникалық ерекшелікке сәйкес, жерасты өткелінде ішінара муралдарды бейнелеу, музыкалық сүйемелдеуді ұйымдастыру және жарықтарды ауыстыру жоспарлануда. Сонымен қатар, жер үсті жаяу жүргіншілер өткелінде лифт пен шатырдың поликарбонат жабыны ауыстырылады,- деді жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Ерік Шағанов.

Сондай-ақ, вандализмге және қоғамдық тәртіпті бұзуға қарсы бейнебақылау камералары орнатылады.

Семей қаласының орталық көшелерін көгалдандыруға және абаттандыруға арналған тағы бір жоба – Мәңгілік ел көшесіндегі қоғамдық кеңістікті абаттандыру, Арбаттың жалғасын ұйымдастыру көзделген. Барлық жұмыстардың аяқталуы мамыр айының соңына жоспарланған.

RELATED NEWS
Вандализммен күрес жан-жақты жүргізілуде
12 маусым 2024
Вандализммен күрес жан-жақты жүргізілуде

«Таза Қазақстан» road-эстафетасының ІІ-ші күнінде вандализммен күрес жалғасын тапты, деп хабарлайды Ulys.

«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының бастамасымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны аясындағы road-эстафета жалғасуда.

Бүгін road-эстафетаның екінші күнінде Астанадан шыққан алдыңғы топ пен Қарағанды белсенділері «Спасск» мемориалдық кешенінің аумағын қоқыстан және вандализм іздерінен тазартты. Олар Ақсу-Аюлы мен Шет ауданының аумағын жүріп өтіп, Балқашқа қарай бет алды. 

«Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова road-эстафета аясында жан-жақты жұмыс жүргізілетінін айтты. 

«Бүгін road-эстафетаның екінші күнінде қоқыспен бірге вандализммен күресудеміз. Қарағанды-Балқаш бағытында кездескен ескерткіштерді де ретке келтірудеміз. Өздеріңіз білесіздер, вандалдық әрекеттердің жиілеп кетуіне байланысты қылмыстық кодекске арнайы бап енгізіліп, құқық бұзушылықтарды жазалау шаралары күшейтілді. Бұл вандалдармен күресте қолданылатын жақсы тәсілге айналды. Былтыр қазан айында бастау алған вандализммен күрес республикалық акциясы road-эстафетада да көрініс табуда. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан белсенділердің көңіл-күйі жақсы. Кеше Астана-Қарағанды тас жолында 1 күннің өзінде 13 тонна қоқыс жинадық. Автокөлікпен жол бойында кетіп бара жатқанда қоқыстар көзге көрінбейді. Ал шын мәнінде қоршаған ортамызда қоқыс өте көп. Сондықтан жастар атынан барлығыңызды тазалыққа, саналы экологиялық орта құруға шақырамын», - деді ол өз сөзінде.

Жастарға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Жарқынбек Амантайұлы қосылып, вандализмге ұшыраған ескерткіштерді олармен бірге ретке келтірді.   

«Акцияның пайдасы зор. Мысалы күні кеше 3 қап қоқыс жинадым. Бүгін жастардың қатарына қосылдым. Вандалдардан кейінгі қалған ізді жойып, тас жолы аумағы мен оған қарасты аймақтарды қоқыстардан тазартудамыз. Сондай-ақ Ақсу-Аюлы халқымен де кездесіп үлгердік», - деді Жарқынбек Амантайұлы. 

Депутат Ақсу-Аюлыда азаматтарды қабылдап, халықтың өзекті мәселелеріне құлақ асты.

Сондай-ақ белсенділер Қарағанды-Балқаш тас жолы мен оның аумағын қоқыстан тазартып, сұрыптауда. Жиналған қоқыс қаптарға сұрыпталып, «ҚазАвтожол» машиналарына тиеліп, қоқыс полигондарына шығарылады.  Қатты қалдықтар «Қазақстанның қайталама шикізат өңдеушілер қауымдастығы» басқармасының қолдауымен қайта өңдеуге жіберілетін болады. 

«Өте жақсы бастаманың куәгері болып отырмыз. Экологиямыз үшін қоқысты сұрыптау өте маңызды. Өздеріңіз білетіндей, дамыған елдер тұрмыстық қалдықтарды қайтадан өңдеп, барынша кәдеге жаратуда. Бұл үрдіс бізге де аса қажет. Сұрыптау – қоқыс көлемін азайтуға, табиғи ресурстарды үнемдеуге және елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді. Сондықтан Жастар қанатының бұл бастамасына біз қуана қолдау білдірудеміз», - дейді қауымдастық төрағасы Батырбек Әубәкіров.

Еске сала кетейік, былтыр 20 қазанда «Жастар Рухы» жастар қанаты Қазақстанның тарихи, мәдени және табиғи мұрасын вандализмнен сақтауға бағытталған республикалық ауқымды акцияны бастады. 2500-ден астам «Жастар Рухы» белсендісі мен волонтері 500-ден аса тарихи, мәдени ескерткіштерді тазартты. Акция барысында «Таңбалы тас» петроглифтерін, «Ақбауыр» шатқалын, Ш. Құдайбердіұлының, С. Сейфуллиннің, Бөгенбай батыр, Кенесары хан ескерткіштерін, «Тектұрмас» кесенесін, «Ыбықты сай» шатқалын, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі маңындағы  қорғанын, «Шақпақ ата», «Сұлтан Үпі», «Қараман ата» жерасты мешіттерін қоқыстар мен жазулардан тазартты. Акция күні бүгінге дейін республиканың барлық аймақтарында жалғасуда.

 

 

Жамбылдық келіндер «Ең таза аула» конкурсына қатысты
10 маусым 2024
Жамбылдық келіндер «Ең таза аула» конкурсына қатысты

Жамбыл ауданы Ерназар ауылының келіндері арасында «Ең таза аула» конкурсы ұйымдастырылады, деп хабарлайды  Ulys.

Бүгінде дарынды мектеп оқушылары да «Таза Қазақстан» акциясына өз үлестерін қосуда. Бұл күні Тараз қаласы білім бөлімінің техникалық шығармашылық орталығының 600-ден астам тәрбиеленушісі қоқыс қалдықтарынан жасаған қолөнер бұйымдарын көпшілік назарына ұсынады.

Мәселен, орталық шәкірттері ұстаздарымен бірге жиналған қоқыс қалдықтарынан 200-ден аса түрлі картина, қуыршақтар мен ыдыстар әзірлеген. Оқушылар мұндай жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыруды көздеп отыр.

Сонымен қатар білім беру ұйымдарының жас ғалымдары экологияны жақсартып, адамдардың тұрмыс-тіршілігін арттыруға бағытталған жобалар әзірлеген. Атап айтқанда, Тараз қаласы №7 мектеп-гимназиясының оқушысы Д.Тарасенконың «Жаяу жүргіншілер өткелдерінің қауіпсіздігін арттыру», Меркі ауданы М.Әуезов атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Ж.Жеңісханның «Таза қала сізден басталады», Жуалы ауданы Ә.Бөкейхан атындағы №15 мектеп-лицейінің оқушысы А.Оңдасынның «Ақылды Есо-жылыжай», Меркі ауданы №44 мектебінің оқушылары А.Еркінқызы мен Ө.Еңсебектің «Екінші өмір сыйла!» атты қоқыс өңдейтін зауыт жобалары «Көне Тараз» этно-мәдени кешеніндегі «Көрме» залында таныстырылады.

Жамбыл ауданы Ерназар ауылының келіндері арасында «Ең таза аула» конкурсы ұйымдастырылады. Байқауға 35 жасқа дейінгі 9 келін қатысады. Конкурстың мақсаты – тазалықты сақтау, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, халықтың бірлігін, татулығын арттырып, ұрпақтар сабақтастығын жарасымды жалғастыру.

Арнайы құрылған комиссия конкурсқа қатысушылардың жұмыстарына баға беріп, жеңімпаздарды сыйлықтармен марапаттайды.

Сондай-ақ облыстың барлық ауданында «Ең таза көше», «Ең таза аула», «Ең белсенді волонтер» конкурстары өткізіледі. Атап айтқанда, Байзақта «Ең үздік волонтер», Сарысу, Қордай ауданында «Ең үздік аула», Т.Рысқұловта «Ең белсенді тұрғын», Таласта «Ең үздік көше», Шуда «Ең үздік аула сыпырушы» конкурсы ұйымдастырылады.

Сонымен қатар волонтерлердің, белсенді азаматтардың, тұрғындардың қатысуымен Тараз қаласы мен аудандарда сенбіліктер, тазалық жұмыстары өткізіледі. Атап айтқанда, Тараз қаласындағы «Мамыр» саябағында 200-ден астам қала тұрғынының қатысуымен санитарлық-тазалық жұмыстары, Талас өзенінің бойында, Айша бибі көшесінде тазалық жұмыстары, Б.Момышұлы көшесіндегі аялдамаларды бояу, жуу жұмыстары, «Ұлы дала» шағын ауданында «Біздің аула» атты тазалық жұмысы, «Қарасу» шағын ауданындағы «Әулие бұлақ» каналын тазалау жұмыстары жүргізіледі.

Осындай акциялар барлық ауданда ұйымдастырылады. Атап айтқанда, Байзақ ауданының орталық саябағында, Жамбыл ауданы Айша бибі кесенесінің маңында, Қордай ауданының орталығында, Меркі ауданында «Сыпатай батыр», Сарысу ауданында «Шоқай Датқа» кесенелерінің маңында, Шу қаласы теміржолшылар саябағында өтеді.

2024 жылы өңірдегі жөл жөндеу жұмыстарына 23,1 млрд теңге бөлінді. 469,6 шақырым жол жөндеу жұмыстары атқарылады. Оның ішінде, 155,3 шақырым жергілікті маңызы бар автожол, 286,2 шақырым елді мекен көшелері мен 28,1 шақырым жаяу жүргіншілер жолы. Тараз қаласында 140 шақырымнан аса жол орташа жөндеуден өтеді. Оның ішінде 67,8 шақырымды құрайтын 117 көше, 20,2 шақырым жаяу жүргіншілер жолы, 73,8 шақырым болатын шағал жолды жөндеу жоспарланған.

Еске сала кетейік, «Таза Қазақстан» акциясы басталғаннан бері өңірде 1 770 сенбілік өтіп, оған 220 мың адам қатысты.

Нәтижесінде 60 тарихи-мәдени ескерткіш, 143 саябақ пен сквер, 816,6 шақырым каналдар мен арықтар, 3,1 мың шақырым көше мен 109,1 мың аула тазартылды. 11,4 мың тонна қоқыс шығарылды. 60 мыңға жуық көшет отырғызылып, 49 субұрқақ іске қосылды.

2024 жылға абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарына жалпы 10,3 млрд теңге қарастырылған.

Акция жыл соңына дейін жалғасып, тұрғын үйлер, жолдар, демалыс саябақтары абаттандырылып, жөнделетін болады.

"Алматы жазы" акциясы басталды
26 маусым 2024
"Алматы жазы" акциясы басталды

Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» жалпы республикалық акциясын іске асыру және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанын жалғастыру аясында биыл 26 маусым мен 6 шілде аралығында субұрқақтарды, өзендер мен су айдындары жағалауларын, арық желісі, қоқыс алаңдары, ағашты санитарлық мақсатта кесу, жол инфрақұрылымын (аялдама кешендері, бағдаршам нысандары, жол көрсеткіштері мен белгілері) тазарту бойынша «Алматы Жазы» акциясы басталды. 

 

Алматыда 150 субұрқақ бар, оның 66 коммуналдық (60-ы штаттық режимде, 6-ы қайта жаңартылып жатыр) және 84-і жеке аумақта. Коммуналдық меншіктегі субұрқақтар 1 мамырдан 25 қазанға дейін күн сайын сағат 8:00-ден 23:00-ге дейін профилактикалық іс-шаралар (тазалау, жабдықтарды тексеру) кезінде өшіріліп, кестемен жұмыс істейді. Субұрқақты тазалау кестесіне сәйкес, субұрқақтың суы ай сайын ағызылып, жабдықтар тексеріліп, арнайы құралдармен тостағаны жуылып, тазартылады. Кейде коммуналдық субұрқақтар апаттық-қалпына келтіру жұмысын жүргізу және ағымдағы жөндеу (кабельді ауыстыру, сорғылар мен қозғалтқыштарды ауыстыру немесе жөндеу, гидрооқшаулау, қаптаманы жөндеу) үшін өшіріледі.

 

Жеке аумақта орналасқан субұрқақтардың жағдайы мәз емес, қараусыз қалған, жұмыс істемейді немесе меншік иесінде қаржының болмауына байланысты күрделі жөндеуді талап етеді. «Алматы Жазы» акциясы аясында жеке субұрқақтар қалалық нысандармен бірге ретке келтіріледі.

 

Акция барысында ұзындығы 1525 км қаланың арық желілерін тазарту жұмыстары күшейтіледі. Күн сайын арық желісінен шамамен 250 м3 лай және қоқыс шығарылады. Жүргізіліп жатқан шараларға қарамастан, арықтар нөсер жаңбыр кезінде тұрғындар тастаған қоқыстармен, қалдықтармен бітеліп, жергілікті су тасқынына себеп болып отыр. Бұрын хабарланғандай, тазарту жұмыстары кезінде коммуналдық қызмет арықтан жаңбыр суының кедергісіз ағып кетуіне кедергі келтіретін пайдаланылған жөргектерді, ескі заттарды, ыдыс-аяқты, тіпті үлкен көлемді заттарды – көлік дөңгелектері мен құрылыс қоқыстарын тауып алған.

 

«Алматы Жазы» акциясы аясында 624 аялдама кешенін, 222 бағдаршам нысанын, 2 181 жол белгілерін шаңнан және ластанудан тазарту (жуу), өзен жағалауы мен су айдындары аумағындағы шамамен 250 шаршы км жерді қоқыстан тазарту жоспарлануда.

 

Жазғы кезеңде аулаішілік аумақта қоқыс контейнерлерінің тез толуы өзекті мәселе болып отыр, осыған байланысты 1 454 контейнерлік алаңды санитарлық өңдеу, 700 контейнерлік алаңды жуу және дезинфекциялау, сондай-ақ 24 747 көше және ауладағы қоқыс жәшіктері тазартылады.

 

Жазғы маусымдық іс-шараның бірі ағаштарды санитарлық мақсатта кесу. Апатты жағдайдағы ағаш адамға және мүлікке үлкен қауіп төндіреді. Осыған байланысты ауру және қураған ағаштың бұтақтарын санитарлық мақсатта кесу дауыл, қатты жел мен нөсер кезінде бұтақтардың құлау қаупін азайтады. «Алматы Жазы» акциясы барысында 6 мыңға жуық ағашты санитарлық мақсатта кесу жоспарланып отыр.

Осылайша, «Алматы Жазы» акциясы «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанының жазғы уақыттағы жалғасы болады. Естеріңізге сала кетейік, «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанының басты мақсаты – қалалық инфрақұрылым мен ортақ мүлікке ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, ел арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдап, оларды іске асыруға жағдай жасау.

 

 

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.