Валюта бағамы
  • USD -

    521.1
  • EUR -

    612
  • RUB -

    6.65
Сарапшы Президенттің мақаласы туралы: ЖИ кеңінен қолданысқа енгізу зор мүмкіндіктерге жол ашады
Фото: ашық көзден 04 қаңтар 2025
Сарапшы Президенттің мақаласы туралы: ЖИ кеңінен қолданысқа енгізу зор мүмкіндіктерге жол ашады

Президенттің «Ана тілі» газетіне берген сұхбатына сарапшылар өз пікірлерін білдіріп жатыр. Бұл туралы Baq жазды.

«Ана тілі» газетінде жарияланған материалдың мазмұнына тоқталсақ, инфрақұрылымды жаңғырту, цифрлық трансформация мен жасанды интеллекттің жайы, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамыту, әлеуметтік саладағы стратегиялық қадамдар, сондай-ақ білім, ғылым және мәдениетті қолдау сынды бірнеше маңызды жайттарды атап өтуге болады. 

Саясаттанушы Ермек Тоқтаров Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбатындағы маңызды мәселелерді атап өтті.

Бүгінгі таңда цифрлық трансформация мен жасанды интеллекттің (ЖИ) дамуы әлемдік үрдіске айналып отыр. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында бұл мәселелердің мемлекет дамуындағы маңызы айрықша атап өтілді. Цифрландыруды тек мемлекеттік органдардың немесе IT мамандарының ісі деп қарауға болмайды, ол қоғамның әр саласына әсер ететін ауқымды үрдіске айналды. Президенттің мәлімдеуінше, еліміздегі электронды үкіметтің дамуы әлемдік рейтингте 24-ші орынға көтерілуіне ықпал етті. Бұл – маңызды жетістік, дегенмен одан әрі сапалы өзгерістер енгізіп, инновациялық шешімдерді батыл түрде жүзеге асыру қажет. Сондай-ақ, банктік және қаржылық сектордағы цифрлық экожүйе қалыптасып, халықтың күнделікті өмірін оңайлата түсті, - дейді саясаттанушы.

Оның айтуынша, жасанды интеллекті кеңінен қолданысқа енгізу орасан зор мүмкіндіктерге жол ашады.

Astana Hub технопаркінің жұмысы да отандық IT саласының өркендеуіне тың серпін беріп келеді. Мұнда отандық және шетелдік стартаптар бір алаңда бас қосып, тәжірибе алмасуда. Жасанды интеллект бағытындағы жобаларда KazLLM сынды қазақ тілінің үлкен тілдік моделінің алғашқы нұсқасы жасалды. Бұл – ұлттық тіл мен мәдениетті қолдап қана қоймай, жалпы білім беру мен инновациялық өндірісті дамытудағы үлкен қадам. Сонымен қатар, жасанды интеллектті кеңінен енгізу барысында құқықтық және этикалық мәселелер туындайтыны сөзсіз. Президенттің айтуынша, ЖИ технологияларын реттеу мен оларды жауапты қолдану үлкен маңызға ие. Бір жағынан, жасанды интеллект мемлекеттік қызметтерді жылдам әрі сапалы көрсетсе, екінші жағынан, киберқауіпсіздік, жалған контент пен алаяқтық секілді қатерлерге тосқауыл қою қажеттігі туындайды, - дейді Ермек Тоқтаров.

Саясаттанушы алдағы уақытта Қазақстанның цифрлық хабқа айналу мақсатына қол жеткізу үшін білім беру жүйесін жаңғыртып, жастарды ЖИ технологияларына баулу аса маңызды екендігін атап өтті.

Осы тұрғыда Alem.AI халықаралық орталығының ашылуы үлкен үміт күттіреді. Мемлекеттік деңгейде жасанды интеллектке қатысты тың жобаларды қолдау, заңнаманы жетілдіру және этикалық нормаларды сақтау – елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін нығайта түсетін басты бағыт, - деп ой түйіндеді Ермек Тоқтаров.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Саяси зерттеулер бөлімінің бас сарапшысы Айгерім Абдрашитованың айтуынша, сұхбатта Қазақстан халқының хал-ахуалына, әлеуметтік саясатқа қатысты маңызды жайттар айтылған.

Қазақстанда соңғы 2 жылда әлеуметтік саясат пен білім беру саласында бірқатар маңызды бастамалар жүзеге асырылып келеді. Қолға алынған бұл реформалар мен бағдарламалар халықтың әл-ауқатын жақсартуға, балалардың болашағын қамтамасыз етуге және білім беру жүйесінің инфрақұрылымын жетілдіруге бағытталған. Мәселен, «Балаларға арналған ұлттық қор» атты бірегей бағдарлама аясында қазақстандық балалар алғаш рет Ұлттық қордан төлемдер ала бастады. Бұл бастама жаңа ұрпақтың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және олардың болашағын қаржылық тұрғыдан қолдауға бағытталған маңызды қадам. Ұлттық қор активтерінің тұрақты өсуі мен қосымша инвестициялық кірістің түсуі есебінен балаларға арналған төлемдер жыл сайын ұлғайып отыратын болады. Қазіргі уақытта 6,9 млн астам бала қолдауға ие болды. Өткен жылы олардың 304 815-і кәмелеттік жасқа толды, бұл олардың тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе білім ақысын төлеу мақсатында жинақталған қаражатты пайдалануына мүмкіндік береді. Ұзақ мерзімді жоба келешекте халық арасында қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге және әлеуметтік теңсіздікті азайтуға мүмкіндік беретін ескеру керек, - дейді Айгерім Абдрашитова

Сарапшы атап өткендей, әлеуметтік саясатты жетілдіру аясында зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы және мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы айтарлықтай өсті. Әсіресе, базалық және бірлескен зейнетақыларды, мемлекеттік жәрдемақыларды кеңейтілген индекстеу арқылы арттыру маңызды қадам болды.

Айгерім Абдрашитова, өз сөзінде 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде базалық зейнетақының ең төменгі мөлшерін кезең-кезеңімен арттыру жоспарланғанын атап өтіп мәліметтер келтірді.

Айта кетелік, 2024 жылы жиынтық зейнетақының орташа мөлшері БЖЗҚ төлемдерін есептемегенде 130 414 теңгені құрады. Бала туу бойынша жәрдемақы да жыл сайын артып отыр. Өткен жылы 1,2 және 3 бала туғанда 140 296 теңге берілсе, осы жылдан бастап 149 416 теңгені құрап отыр. Биылдан бастап I топ мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақы 95 496 теңгеден 101 702 теңгеге дейін, II топ – 76 397 теңгеден 81 362 теңгеге дейін, III топ – 52 089 теңгеден 55 474 теңгеге дейін ұлғайтылады. Бұл шаралар халықтың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге және өмір сүру деңгейін жақсартуға ықпал етеді,- деген сарапшы нақты мәліметтер келтірді.

Айта кетелік, елімізде 460 мың оқушыға арналған 217 жаңа мектептің құрылысы жоспарланған. Бүгінде олардың жартысына жуығы салынды. Бұл жоба үш ауысымда оқыту мәселесін түбегейлі шешіп, апатты жағдайдағы мектептердің санын жоюға және орын тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік бағдарламаның басты артықшылығы - білім беру инфрақұрылымын дамытуда қала мен ауыл арасындағы алшақтықты жою. Жаңа мектептер барлық аймақтарда сапалы білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Білім беру инфрақұрылымын дамыту және қолжетімділікті арттыру қоғамның жалпы дамуына және азаматтардың өмір сапасының жақсаруына ықпал етеді. Соңғы жылдары қолға алынған әлеуметтік және білім беру реформалары Қазақстанның стратегиялық дамуының маңызды бөлігіне айналды. Алдағы жылдары бұл бастамалардың жемісті нәтижелері қазақстандықтардың өмір сүру сапасының артуына және елдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына ықпал ететіні сөзсіз, - деп ой түйіндеді сарапшы.

Халық жазушысы Смағұл Елубай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбатындағы маңызды мәселелерді атап өтті.

Сұхбат жан-жақты, терең жазылған, еш жерде айтылмаған мәліметтер берілді, бұл сұхбат сонысымен құнды. Айтпай келетін апаттар, былтыр көктемдегі су тасқыны, Маңғыстаудағы ұшақ апаты, бәрі-бәрі қамтылған. Ерекше атап айтатын тұсы - журналист Ерлан Жүністің Нұрсұлтан Назарбаев туралы қойған сауалы бізге ең қызықты тарау болды. 2022 жылы елімізде қос үкімет болғанына екінші Президент тұңғыш рет өз ойын білдіріп, «қосарланған билікке ешқашан жол берілмеуі тиіс», - деді. Шындығына келсек, қаңтар оқиғасына тек қана қос үкімет түрткі болған жоқ, оның ішінде ашқұрсақ халықтың ашынып көшеге шығуы да бар еді. Бұған ең алдымен бұл әлеуметтік мәселе де себеп болды. Миллиондаған жастар үйсіз, күйсіз жүргенін айтып шырылдағаны рас. Осы ұрымтал тұсты кейбір топтар өз мүддесіне пайдаланып кетті. Мінеки, осы ақиқатты Президент Тоқаев ашық айтты, - деді Халық жазушысы.

Смағұл Елубайдың пікірінше, «Президент – кәсіби дипломат, сондықтан халықаралық мәселелерге көбірек назар аударады» деген сауал сұхбат барысында орынды қойылған.

Осы сұхбатта сыртқы саясатпен Мемлекет басшысы көп шұғылданып кетті деген сұрақтар орынды қойылды. Тоқаев Қазақстанның орта державаға айналғанын ашық айтты. Бұл да елімізге керек, бұл инвестицияға жол ашатын мүмкіндік деп санаймын. 2 миллионға жуық ашқұрсақ қазақстандық бар екені де әңгімеден тыс қалмады. Біз ендігі жерде назарды ішкі саясатқа баса аударуымыз қажет. Меніңше, әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға көңіл бөлу керек. Сондай ақ тағы бір мәселе, қазір пара алып ұсталған шенеунік көп. Парақор шенеуніктер қалай қалыптасты? Жемқорлық пен парақорлық қайдан пайда болды? Егер мен Ерлан Жүністің орнында болсам, осы сұрақты қояр едім. Бізде қазір құдайдан қорықпайтын қоғам қалыптасты. Бүкіл халықты құқық қорғау орындары қылмыстан қорғап еді ғой. Қазір олардың жұмысын қалай реттейміз? Көшпелі қоғамда болмаған парақорлық, жемқорлық, қылмыс, маскүнемдік, жезөкшелік мәселесі көтерілу керек еді. Ендеше біздің елдімізде қылмысты жоюға бетбұрыс болуы тиіс деп ойлаймын. Жалпы сұхбат бүгінгі қоғамға көпшілікке Президенттің үндеуі болды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жаңарайық, тазарайық, әділетті Қазақстан құрайық!» деді. Шынын айтсақ, Президент - жалғыз, біз - көппіз, әділетті қоғамды жасайтын біз, халық, көпшілік. Бір жағынан бұл сұхбатты мен Мемлекет басшысының жанайқайы деп қабылдадым, - деді ол.

Смағұл Елубайдың пікірінше, қоғамдық-әлеуметтік мәселелерге, халықаралық қатынастағы процестерге, ел тарихындағы басты оқиғаларға Мемлекет басшысы тарпынан жан-жақты, мағыналы жауаптар берілген.

RELATED NEWS
Көз тимесін, көлік бұйырды! Ермектің 10 миллионы жайлы хикая
18 сәуір 2025
Көз тимесін, көлік бұйырды! Ермектің 10 миллионы жайлы хикая

Адамның пешенесіне жазылған бақтың қай күні, қай сәтте, қай жерден төгіліп түсетінін кім білген? Біреу өмір бойы тырысады да, ештеңе шықпайды. Біреу шай ішіп отырып, шынайы жеңімпаз атанады.

Астаналық Ермек Баимбетов — дәл сондайлардың бірі. Жаңа көлік емес, жаңа үмітке ие болған азамат. Оның бағы — ғаламтордың ар жағынан келген. Ал бақыт — қою, күрең шай үстінде күтіп тұрған.

Бір күні Ермек "Сәтті жұлдыздың" жарнамасын көреді. Біреулер мұндайға селт етпейді. "Бәрібір жолым болмайды" дейді. Ал Ермек... тәуекел етті. Екі билет сатып алды. Бар болғаны — екі билет! Бірі — жай қағаз. Екіншісі — 10 миллион теңгелік алтын құжат болып шықты.

"Кешкі шай үстінде отыр едік. Қоңырау шалынды. «Сіз көлік ұтып алдыңыз», дейді. Ә дегенде алаяқтар шығар деп ойладым. Бірақ билет нөмірін айтты, телефон нөмірін айтты. Сайттан қарап едім — шынымен де мен екенмін..." – дейді өзі.

Кейде сене салу қиын. Әсіресе қазақ сенім мен күмәннің арасында жүреді. Ал Ермектің қуанышы — кейінірек келді. Бастапқыда – тосын, кейін – тұщымды. Ол көлікті емес, оның орнына берілетін 10 миллион теңгені таңдады. Қайда жұмсамақ? Бір бөлігі — әкесінің еміне, қалғаны — несиеге.

Кім не десе де, бұл — бір адамның ғана емес, бір әулеттің жеңісі.

Сәтті жұлдыз – сәтті күннің хабаршысы ма?

«Сәтті жұлдыз» ұлттық лотереясы — соңғы он жылда мыңдаған адамның үмітіне ұшқын берген ұйым. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі 200-ден астам сауда нүктесінде армандар билетпен сатылып жатыр десек, асыра айтқандық болмас.

Жеңімпаз көп. Ең үлкен жүлде — 150 миллион теңге. Қызылордадан шыққан қатысушы ұтып алған. Бұл енді қарапайым байлық емес, бір өңірдің жаңалығы.

Ал алда не күтіп тұр? Тағы да пәтер, тағы да көлік!

Қазақ "көп қорқытады, терең батырады" дейді. Көптің ішінен дара шығу оңай емес. Бірақ келесі мүмкіндіктер де дайын тұр:

20 сәуір — пәтер ойнатылады («TeleBingo» ойыны);

30 сәуір — автокөлік ойнатылады («6/49» ойыны);

Джекпот қазірдің өзінде 572 миллион теңге болып тұр! Сандардың өзі сөйлеп тұр.

Міне, осының бірі — «ЛотоНабор Квартира». 5 билеттен тұратын бұл жинақ — пәтерге апарар бес қадам. Әр билет — өз алдына бір мүмкіндік.

Ұтыс жексенбі, 20 сәуірде, сағат 10:00-де, «31 арнада» тікелей эфирде өтеді. Көзбен көріп, көңілмен ұтудың жолы осы.

Жеңіс жеке емес, қоғамға ортақ

Жеңіске жеткен әр теңгенің 10 пайызы — қазақ спортына кетеді. Тағы 10 пайызы — «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына аударылады. Демек, біреудің бағы — елге қайырлы. Ойын ойнасаң да, оймен ойнар кезең бұл.

Ермектің жолы болды. Келесіде кім біледі — бағыңыз сізге бұйырып қалуы да ғажап емес. Қайраттан туған қайсарлық пен үміттің арасы кейде бар болғаны екі билет қана.

 

мариалдың ақысы төленген.

 

Пәтер ұтып алған адам кім?
28 сәуір 2025
Пәтер ұтып алған адам кім?

Телефон шырылдады. «Сіз пәтер ұтып алдыңыз» деді. «Алаяқтық емес пе?» деп ойлады. Екі күн бойы сенбеді. Үшінші күні ғана Алматыдағы бас кеңсеге кіргенде барып көз жеткізді. Шын екен. Қағаз жүзінде емес, өмірде.

Бұл – Василийдің хикаясы. Ол – қарапайым еңбек адамы. Еліміздің өндіріс орындарында жиырма жылдан бері вахталық әдіспен жұмыс істеп келеді. Алматыда тұрады. Алыс жол, ауыр жұмыс, ұзақ ауысым – бәрі үйреншікті. Бірақ мына жаңалық оған мүлде үйреншікті емес.

– Лотереяға шамамен екі жылдан бері қатысып жүрмін, – дейді ол. – Аптасына кемі екі рет билет аламын.

Сәті түскен күн – дәл осы апта. Қолына тиген – баспана. Бірақ бұл қуаныш бастапқыда күмәнмен келген.

– Басында шын айтсам, сенбедім. «Скам шығар» деп ойладым. Қазір кім көрінген телефон шалып, алдап-арбайды ғой. Бірақ бірнеше мәрте хабарласты. Кейін өзім келіп көрдім. Міне, сол кезде ғана рас екенін түсіндім, – дейді Василий.

Жеңімпазбен сөйлесіп отырғанда оның сөздерінде бір заңдылық байқалды: үміт үзілмеген. Ол сеніп келген. Сенімінің сыры – сабыр мен тұрақтылық.

– Бұған дейін де үмітімді үзбей, билет алып жүрдім. Қазір сенімім тіпті күшейді. Одан әрі де қатыса берем, – дейді.

Бір қызығы, Василий жеңісі туралы ешкімге айтпаған. Қазір де айтқысы жоқ. «Тыныш өмір сүргің келсе, көпке жария етпе» дейді. Оның бұл сөзі бүгінгі қоғамның бір көрінісі іспетті.

– Ашық айтып, жария еткен дұрыс емес деп ойламаймын. Күнде біреу хабарласып, мазаны алады. Сол үшін ешкімге айтпадым, – дейді ол.

Лотереяға келсек, Василий көбіне TeleBingo мен 5/36 билеттерін сатып алады. Бастапқыда сандарды өзі таңдайтын. Тіпті нумерологияны зерттеп көрген. Бірақ соңғы уақытта бәрін автоматқа тапсырған. Ұтқан нөмір де автоматты түрде таңдалған.

– Бұрын ірі сауда дүкендерінен қағаз билет алатынмын. Соңғы алты айда онлайнға көштім. Ыңғайлы әрі жылдам, – дейді.

Сөз соңында ол барлық қатысушыларға қарапайым, бірақ сенімді кеңес берді:

– Үміт үзбеңіздер. Бәлкім, бір күні сіз де ұтып қаларсыз. Ештеңе де бекер емес.

Танымал қоғам қайраткері айтқандай, «Бақыт – дайын тұрған қақпа. Бірақ оны ашу үшін сенімнің кілті керек». Василий сол кілтті тапты. Енді жаңа өмірдің есігін ашты.

Келесі кезек – Кроссовер!

30 сәуір күні сағат 22:00-де өтетін кезекті тиражда басты жүлде – 282 819 500 теңгеден асады және Кроссовер автокөлігі ойнатылады.

«LOTO 6/49» лотереясының ЛотоЖиын форматында ұсынылған арнайы топтамасы арқылы әр қатысушы бір емес, бірден 6 мүмкіндікке ие болады. Әрбір ЛотоЖиын 6 билеттен тұрады, ал сандар жүйесі кездейсоқ таңдалады. Ұтысқа қатысу онлайн режимде қолжетімді.

Тікелей эфир YouTube желілесіндегі Satty Zhuldyz арнасы арқылы жүргізіледі.

Әлеуметтік жауапкершілік:

Ойыннан түскен табыстың 10%-ы отандық спортты қолдауға, ал тағы 10%-ы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына аударылады.

Мүмкіндік қашан келіп қалатынын ешкім білмейді. Василийге бұйырған бақыт, бәлкім, ертең сіздің есігіңізді қағар!

Бес миллион теңге – бес сауапқа татиды
27 маусым 2025
Бес миллион теңге – бес сауапқа татиды

Бес миллион. Біреуге – көлік, екіншісіне – пәтер. Үшіншісіне – өмір бойы маңдай термен таппаған табыс. Ал астаналық Қайрым Жарыс үшін – жүрекпен келген жақсылықтың есігі.

Бұл – жай ғана ұтыс емес. Бұл – тағдырдың сыйы, Алланың белгілеген межесі. Өйткені ол сәтсіздіктен шаршамаған, сәттілікке семірмеген. Маңдай тер мен маңдай жарықтың дәл ортасында жүрген қазақ баласы.

Моңғолиядан – мәңгілік мекенге

Қайрым Жарыстың тағдыр жолы торғайдың қанатымен сызған көктемге ұқсайды. 2012 жылы 21 наурыз – Ұлыстың ұлы күні – атамекенге, Қазақстанға табан тіреген. Қанмен келген қасиет, жермен біткен мейір.

Ол – үш баланың әкесі. Отбасына ие, ата-анаға арқа сүйер ұл. Қарапайым тірліктің ішінде, артық айқайсыз, есепсіз есеппен емес, ниетпен өмір сүріп жүрген азамат. Еліне еркін келіп, еншісін еңбекпен алған қандас.

Бір күні дүкенге бара жатып, Уәлиханов көшесіндегі әжеден «3 Алма» атты лотерея билетін сатып алады. Бұрын да алып жүрген. Бірақ дәл осы жолы Алланың сыйы басқа болды – санаулы секундтардан соң, бес миллион теңге ұтып алады.

Жеңіс – жалғыздың емес, жұрттың қуанышы

Жеңісті жалғыз тойлаған жоқ. Алдымен жұбайымен бөлісті. Балаларын қуантты. Бауыры мен ата-анасына жеткізді. Сосын жүрегімен ойлап, басқаларға көмектесу керектігін түсінді. Өйткені:

«Өзін ғана ойлаған – жамандықтың белгісі, өзгені де ойлау – адамгершіліктің белгісі», – дейді қазақ.

Қайрым – осы мақалдың тірі мысалы.

Жұбайы бастапқыда сенбеген. «Қайдағы бес миллион? Лотереяға сенетін уақыт па бұл?!» деп қарсы болған. Бірақ құжаттарды көріп, көңілі орнына түсті. Бала-шаға қуанды. Қуаныш – жай байлықта емес, ниеттегі байлықта.

Қайрым бұл ұтыстың бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсамақ. «Қиналған отбасы көп, көмектессек – қайырлы іс» дейді. Қалғанын жақын-жуыққа бөліп бермек. Жасаған жақсылығының есебін емес, сауабын күтеді.

Сәттілік – сүрінбей жеткен шүкір

Қайрым айына бір-ақ рет билет алады. Әр жолы бірдеңе ұтып жүрген. Кішкентай сандар – үлкен мағынаға ие. Жеңгенін емес, бөліскенін мақтан тұтады.

– Билет алған кезде ішкі бір тыныштық болды. Көңілім алаңсыз еді. Кейде адамның жүрегі сезеді ғой. Бұл жолы да солай болды. Кейін білдім – бұл жеңіс менің туған күнімде келіпті. 24 маусым – мен үшін ерекше дата. Бұл Алланың мейірі болмаса, не? – дейді өзі.

Мұны жай ғана сәттілік деуге болмас. Бұл – біреуге сабақ, біреуге үміт. Өйткені дәл сол билет сататын әжей де бұл жаңалыққа көз жасын сүртіп тұрып, шын қуанды. Бұл жеңіс – жалғыз Қайрымның емес, жүрегі таза қазақтың жеңісі.

«Сәтті Жұлдыз» – сәттің емес, жүректің лотереясы

«Сәтті Жұлдыз» – бұл жай ойын емес. Бұл – сенімнің, адалдықтың, адамдықтың таразысы. Ұлттық лотерея арқылы ел игілігіне қыруар қаржы бөлініп отыр. Тек биылғы жылдың алғашқы тоқсанында ғана «Қазақстан халқына» қорына 1,2 миллиард теңге аударылды. Спорт пен дене шынықтыруға – 15 миллиард теңге.

Бұл – жай сандар емес. Бұл – ардагерлерге үй, спортшыларға зал, балаларға алаң. Яғни қайырымның үлкен жолы. Әр билет – сол жолға салынған бір кірпіш.

Келесі ұтыс – 30 маусым күні. Бірақ кім ұтады – Алла біледі. Бәлкім, ол да туған күнінде билет алған тағы бір қазақ болар...

Қайырым мен қайыр – қазақтың қос қанаты

Қайрым Жарыс – бір ұтыспен ұлтқа үміт сыйлаған адам. Оның әрекеті – жарнамасыз ерлік. Қарапайым болса да, қарапайымдылығымен қадірлі. Қазақтың мінезін, мейірін, мырзалығын тірілтіп тұрған бір бейне.

Ұтыс – жолы болғанға бұйырады. Бірақ сол ұтысты бөлісе білу – тек жүрегі кеңнің ісі. Қайрым дәл осы кең жүректілердің қатарынан.

Бес миллион теңге – бес сауапқа жетер амалға айналғанда ғана шын мәнге ие.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.