Валюта бағамы
  • USD -

    475.3
  • EUR -

    517
  • RUB -

    5.49
Сайлау науқанының үгіт кезеңі басталмай жатып насихат жүргізгендер жауапқа тартылды
18 ақпан 2023
Сайлау науқанының үгіт кезеңі басталмай жатып насихат жүргізгендер жауапқа тартылды

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлау науқанында үгіт жұмыстарына рұқсат берілмей жатып, насихатпен айналысқандар жауапқа тартылды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысына қатысқан Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев айтты.

«Бүгінгі таңда сайлау бойынша қоғамдық пікірге сауалнама жүргізудің, сондай-ақ сайлау алдындағы үгітті жүргізудің белгіленген тәртібі мен шарттарын сақтамаумен ұштасқан бірқатар заң бұзушылықтар тіркелді. Олардың біреуі елордада болған. Кінәлі адамға Астана қаласы Сарыарқа ауданы прокурорының қаулысымен қысқартылған іс жүргізу тәртібінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 120-бабы 3-бөлігі бойынша 7,5 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды», - деді Жандос Өмірәлиев.

Бұған қоса, кандидаттар мен партиялық тізімдерді тіркеу аяқталғанға дейін үгіт жүргізген 5 заң бұзушылық фактісі анықталғанын атап өтті.

«Біреуі бойынша Талдықорған қаласының тұрғыны WhatsApp мессенджерінде үгіт жүргізгені үшін сот қаулысымен айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды. Қалғандары бойынша кінәлілерді осы баппен жауапқа тарту жөніндегі шаралар қабылданып жатыр», - деп тоқталды Бас прокурордың орынбасары.

 

RELATED NEWS
Партия ауылдарды дамытуға ерекше көңіл бөлуде - саясаттанушы
13 маусым 2024
Партия ауылдарды дамытуға ерекше көңіл бөлуде - саясаттанушы

Еліміздегі конституциялық реформалардан кейін саяси алаңда партиялар белсенділігінің артқанын байқауға болады. Әсіресе, «Ауыл» партиясының басшылығындағы ауыз-түйістерден соң партия қызметінде оң өзгерістер орын алуда. Бұл туралы пікірді саясаттанушы Ержан Ибраев білдірді, деп хабарлайды Ulys.

«Партия атына сай болуы үшін өңірлердегі жұмысқа көбірек көңіл бөліп, бүгінгі ауылдардың шынайы проблемаларын көтеруде. Аз ғана уақыт ішінде аймақтық филиалдарын құрып, олардың қызметін жандандыруы партияның осы бағыттағы жасалып жатқан белсенді жұмысының айқын көрінісі деуге болады», - дейді Ержан Ибраев.

Оның айтуынша партия ауылдық аумақтарды дамытуға, олардың инфрақұрылымын жақсартуға және жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға ерекше көңіл бөлуде.

«Мәселен, өзім туып-өскен Ақмола облысының Егіндікөл ауданында ауызсу мәселесі ұзақ жылдардан бері шешімін таппай келеді. Таяуда партия басшысы Серік Егізбаев мырза біздің ауданға келді. Ол аудан әкімі мен су тартуға анықталған мердігер, жергілікті азаматтармен кездесе отырып, ауызсу мәселесін жеке бақылауда ұстайтынын жеткізді. Осы тәрізді өңірлердегі жұмыстар партияға деген сенімді нығайтып, оның халық арасында беделін арттыруға септігін тигізетіні сөзсіз», - деп толықтырды саясаттанушы.

«Ауыл» партиясын үлкен өзгерістер күтіп тұр
26 мамыр 2024
«Ауыл» партиясын үлкен өзгерістер күтіп тұр

Бүгін «Ауыл» партиясы Астана қаласы бойынша өңірлік филиалының есептік конференциясы өтті, деп хабарлайды Ulys.       

Шараға «Ауыл» партиясының Төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Егізбаев, «Ауыл» партиясы фракциясының депутаттары, Орталық аппарат қызметкерлері, Астана филиалының активі қатысты.

           

Жиында сөз алған Серік Егізбаев Саяси Кеңес Президиумының қаулысына сәйкес, партияның XXIV Съезін ағымдағы жылы 21 маусымда өткізу туралы шешім қабылданғаны айта келе,

«Партия съезін шақыру жөніндегі шешім, ең алдымен, елімізде жүргізіліп жатқан реформаларға байланысты қабылданды. Бізге парламенттік партия ретінде трансформациядан өту керек. Съезд өткізудегі мақсат тек Жарғыға өзгеріс енгізу емес, партияның саяси беделін одан әрі дамытуға және нығайтуға бағытталған жаңа саяси бағдарламаны қабылдау. Партияны жаңғырту барлық партия органдарының қызметін жетілдіруді, партия ұйымдары басшыларының, әрбір мүшесінің жоғары жауапкершілігі мен міндеттерін нақты орындауын талап етеді»,- деді.

Конференция барысында филиал атқарған жұмысының жылдық қорытындысы шығарылып, «Ауыл» партиясының XXIV съезіне делегаттар сайланды.

Жиын соңында су тасқыны зардабын жоюға белсене қатысқан партия мүшелері грамотамен марапатталды.

Мәжіліс және мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау 19 наурызда өтеді
03 ақпан 2023
Мәжіліс және мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау 19 наурызда өтеді

Мемлекет басшысы Жетінші сайланған ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Онда Мәжіліс депутаттарын кезектен тыс сайлау мерзімі бекітілген.

«1. Жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі таратылсын.

2. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалсын» делінген Жарлықта.

Сондай-ақ ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы мәлімдемесінде барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын Орталық сайлау комиссиясы белгілейтінін атап өтті.
Сонымен қатар ҚР Парламентінің Мәжілісі таратылды.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.