Валюта бағамы
  • USD -

    517.5
  • EUR -

    604
  • RUB -

    6.35
Садақа шынайы көңілмен берілуі тиіс
07 сәуір 2024
Садақа шынайы көңілмен берілуі тиіс

Берілген садақа берекетке себеп болады, сондай-ақ келер бәле-жаланың бетін қағады. Мейірімді болған адам көпшіліктің махаббатына һәм дүние, һәм ақыреттте құрметке бөленеді. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Садақа бергеннен дүние-мүлкің кемімейді. Алла құлының қадірін мейірімді болғаны үшін арттырады. Хақ тағала алдында кішіпейіл болған бір мүминнің қадірін Алла тағала, әлбетте, көтереді»- деген.

Садақа бергенде жанұясы, баласы, қызметшілері, жақын достары немесе кім болса да бергенін бұлдап, басқаға биіктен қарамау керек. Бақара сүресінің 264- аятында бұлдап, міндетсініп жасалған, дінге қайшы іспен жасалған жақсылықтың иесіне пайда бермейтіндігін білдіреді. Тәпсірде: «Ей, мүминдер, берген садақаларыңның сауабынан міндетсіп, бұлдап махрұм қалмаңдар. Бұлай берілген садақаның қарымтасы болмайды. Аллаға және ақырет күніне сенбей дүниесін басқаларға мақтанышпен, риямен шашқан адамның ісі де мұнафықтың садақасы сияқты босқа кетеді. Бүның халі жалтыр тастың үстіне түскен азғантай топырақтың қатты ескен жаңбырлы дауылдан ұшып кеткеніндей болады. Міне, бұндай садақа жалтыр тастың үстіне себілген тұқымдай босқа кетеді. Иманы болмай, садақасын риямен, бұлдап бергендер жасаған бұл амалдарынан ешқандай пайда көрмейді, сауабынан махрұм қалады. Сондықтан жасалатын бір жақсы іс, берілетін садақа шынайы ниет және дұрыс итиқатпен болу керек. Міндетсінуден, көңілге келетін сөзден, дандайсып тәкаппарланудан алыс болу керек. Алла ризалығы үшін әркімге сыпайы, қарапайым болған бір мұсылман үлкен құрметке ие болып, екі дүниеде де үлкен мәртебеге қауышады. Осылайша осы сынды көркем мінездері арқылы өмірін өрнектей бермек.

 Уәлихан ұстаз,  Ақсу қаласы

 

RELATED NEWS
 Рамазан айы 1 наурызда басталады
30 қаңтар 2025
Рамазан айы 1 наурызда басталады

Биыл Рамазан айы 1 наурыз күні басталып, 29 наурыз күні аяқталады. 30 наурыз күні елімізде Ораза айт басталады, деп хабарлайды Ulys muftyat.kz сілтеме жасап.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен 2025 жылдың діни мереке күндерінің кестесіне сай, биыл ораза 1 наурыз басталады. Қасиетті Қадір түні наурыз айының 26-нан 27-не қараған түні болады.

30 наурыз күні елімізде Ораза айт басталып, үш күн жалғасады. Құрбан айт 6 маусымда басталып, 8 маусымда бітеді. Егер 6-маусым жұмыс күніне тұспа-тұс келсе, онда қазақстандықтар бір күн демалады.

Димаш  Діндер съезінің  елшісі болды
08 қазан 2024
Димаш Діндер съезінің елшісі болды

Димаш Құдайберген Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің ізгі ниет елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulys.

Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІІ отырысында съездің Ізгі ниет елшісі лауазымына 5 адам ұсынылды. Осы бес адамның ішінде әнші Димаш Құдайберген де бар. 

Діни рәсім бойынша жасалған некенің Қазақстанда  күші жоқ - министрлік
31 қазан 2024
Діни рәсім бойынша жасалған некенің Қазақстанда күші жоқ - министрлік

ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли діни неке мен заңды некенің айырмашылығын айтты, деп хабарлайды Ulys.

Діни рәсімдер бойынша жасалған некенің Қазақстан Республикасы аумағында заңды күші жоқ. Сәйкесінше мұндай неке құқықтық реттеу тетіктерімен қорғалмайды. «Сожительство», яғни ері мен әйелдің заңды некеде тұрмастан бірге өмір сүруі де неке ретінде танылмайды. Заңды неке құзыретті мемлекеттік органда ресми тіркелуі тиіс», - дейді ол.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.