Валюта бағамы
  • USD -

    505.5
  • EUR -

    527
  • RUB -

    5.47
РЕСЕЙ СЫЙЛАҒАН ЕСКЕРКІШТІ ӨРТЕП ЖІБЕРДІ
24 қаңтар 2019
РЕСЕЙ СЫЙЛАҒАН ЕСКЕРКІШТІ ӨРТЕП ЖІБЕРДІ

Ереулшілер Венесуэланың Боливар штаты Сан-Феликс елді мекеніндегі бұрынғы президент Уго Чавеске арналған ескерткішті өртеп жіберді. Бұл туралы. EL NACIONAL порталы жазды. 

Граниттен жасалған биіктігі  6 метр болатын  туындыны Ресейдің Сергей Казанцев деген мүсіншісі жасапты. «Роснефть» компаниясының тапсырысымен жасалған ескерткішті 2016 жылы Ресей Венесуэлаға сыйға тартқан болатын. Жергілікті билік болса, оны 2018 жылдың шілде айында Уго Чавестің туған күніне сыйлық ретінде Сан-Феликстің орталығына   орнатқан болатын.

 

RELATED NEWS
БҰРЫНҒЫ ПРЕЗИДЕНТ СОТТАЛДЫ
25 қаңтар 2019
БҰРЫНҒЫ ПРЕЗИДЕНТ СОТТАЛДЫ

«Ukrinform» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Киев соты Януковичке "мемлекетке опасыздық жасау, басқыншылық соғысқа көмектесті" деген баптар бойынша айып тағып, 13 жылға соттады. Негізгі дәлелдерінің бірі Януковичтің Ресей президенті Владимир Путинге Украинаға әскер кіргізуді сұрап жазған хаты болды. Сырттай үкім кесілген президент 2014 жылдан бері Ресейде бас сауғалап жүр. Ресейдің Бас прокуратурасы оны қайтару туралы Украинаның сұрауынан бас тартқан болатын.

 

сурет: ukrinform.ru

https://www.ukrinform.ru/rubric-polytics/2626411-anukovic-put-k-izmene-i-kak-s-etim-pokoncit.html

 Меккеде қажылық  кезінде аптап ыстықтан 500-ден аса адам көз жұмды
19 маусым 2024
Меккеде қажылық кезінде аптап ыстықтан 500-ден аса адам көз жұмды

Сауд Арабиясындағы Меккеге қажылық сапары кезінде аптап ыстықтан жүзден аса адам көз жұмды, деп хабарлады DW .  

Көз жұмғандардың нақты саны белгісіз, бірақ AFP агенттігінің хабарлауынша, тек қажылық кезінде кем дегенде 550 адам мерт болған.

Оның ішінде 323-і Мысырдан келген. 

Tunis Afrique Presse ақпарат агенттігінің хабарлауынша, құрбандар арасында Тунистің 35 азаматы бар. 

Иорданияның Сыртқы істер министрлігі қажылыққа Иорданиядан барғандарды жерлеуге 41 рұқсат берілгенін хабарлады.

Иранның ИРНА ақпарат агенттігі 11 ирандықтың қаза тапқанын, тағы 24-і ауруханаға жатқызылғанын хабарлады. 

Сондай-ақ үш Сенегал азаматы мен 144 Индонезия азаматының қайтыс болғаны айтылды. 

Бұл адамдардың көпшілігі қатты аптап ыстықтан қайтыс болды, деп хабарлады туыстары әлеуметтік желіде.

Нигерияда содырлар 160 адамды ұрлап кетті
27 мамыр 2024
Нигерияда содырлар 160 адамды ұрлап кетті

Нигерияның орталығындағы Нигер штатында содырлардың шабуылынан кемінде 10 адам қаза тауып, тағы 160 адам ұрланған, деп хабарлайды BBC.

«Боко Харам» исламшыл тобынан болуы мүмкін қарулы содырлар жұма күні кешке Кучи ауылына кірді, деп хабарлады жергілікті кеңес төрағасы Амину Абдулхамид Нажуме BBC World Service.

Оның айтуынша, ұрланғандар арасында негізінен әйелдер мен балалар, ал қаза тапқандар арасында ауданның қауіпсіздігін қамтамасыз еткен жергілікті тұрғындар бар.

Мәліметке қарағанда, содырлар ауылға мотоциклмен кіріп, онда екі сағаттан астам уақыт өткізіп, осы уақыт ішінде өздеріне тамақ әзірлеп үлгерген.

Осыдан кейін олар үй-үйді тонап, жергілікті тұрғындарды алып кеткен.

Amnesty International құқық қорғау ұйымы жаппай ұрлауға қатты алаңдайтынын хабарлады.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.