Валюта бағамы
  • USD -

    519.7
  • EUR -

    610
  • RUB -

    6.47
РЕСЕЙ ДЕПУТАТЫ ГРУЗИЯДАҒЫ ЕРЕУЛГЕ СЕБЕП БОЛДЫ
21 маусым 2019
РЕСЕЙ ДЕПУТАТЫ ГРУЗИЯДАҒЫ ЕРЕУЛГЕ СЕБЕП БОЛДЫ

19 маусым күні Тблисиде Грузия үкіметаралық православие ассамблеясының 26-ші отырысы басталған болатын. Оған 25 елден жүздей делегация қатысып жатқан. Кеше Грузия Парламентінде өтіп жатқан үкіметаралық православие ассамблеясының отырысының басталуында Грузия Парламенті төрағасының орындығына отырып алып төрағалық етіп отырған Ресей мемлекеттік думасының депутаты Сергей Гавриловтің әрекеті оппазицияның наразылығын тудырды.

Жиынды бел ортадан үзген «Еуропалық Грузия» партиясы өкілдері Ресей делегациясына отырысты тастап шығуын талап етті. Себебі, ол Тбилисиге келер кезде 2008 жылы Ресей мен Грузия арасында болған текетірес кезінде Абхазияда болып, ресей сеператистері арасында белсенді жұмыс істеген деген ақпарат тараған еді. Парламент қабырғасындағы оқиға кешке ушығып, он мыңдаған адам көшеге шығып, Парламент алдында митинг өткізді. Полиция күш қолданып, қақтығыс нәтижесінде екі жақтан жүздеген адам жарақаттанған. Халық  парламент төрағасы Ираклий Кобахидзе мен ішкі істер министрі Георгий Гахарияны қызметтен кетуін талап етуде. Ассамблея президенті Сергей Гавриловтің төрағылығымен 22 маусымға дейін өтуі тиіс ассамблея отырысы осылайша орта жолдан тоқтады. Ал Ресей мемлекеттік думасының депутаты Сергей Гавриловтың өз болса бұл шараны ресейге наразы топтың алдын ала жоспаралап, дайындаған акциясы деп отыр. Ресей ақпарат құралдары да радикалды оппазицияның айқай-шуы деп көрсетіп жатыр.

Бұл оқиғаға қатысты Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили өз фейсбук әлеуметтік желісінде «Өзім құрған грузин полициясын Иванишвилиге бағынғай, халық жағына шығуды шақырамын» деп жазды. Ал Грузия президенті Саломе Зарабишвили «Бүгін болған оқиға үлкен қылмыс, еліміздің ар-намысына қаяу түсіретін оқиға» дей келе «Ресей біздің жауымыз, оккуппант, олардың басқарып отырған қазіргі бесінші коллонасы олардың агрессиясынан әлдеқайда қауіпті болуы мүмкін» деп бітірген өз ойын.

Видео Эхо Кавказа сайтынан алынды

 

 

 

 

 

 

 

 

RELATED NEWS
БҰРЫНҒЫ ПРЕЗИДЕНТ СОТТАЛДЫ
25 қаңтар 2019
БҰРЫНҒЫ ПРЕЗИДЕНТ СОТТАЛДЫ

«Ukrinform» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Киев соты Януковичке "мемлекетке опасыздық жасау, басқыншылық соғысқа көмектесті" деген баптар бойынша айып тағып, 13 жылға соттады. Негізгі дәлелдерінің бірі Януковичтің Ресей президенті Владимир Путинге Украинаға әскер кіргізуді сұрап жазған хаты болды. Сырттай үкім кесілген президент 2014 жылдан бері Ресейде бас сауғалап жүр. Ресейдің Бас прокуратурасы оны қайтару туралы Украинаның сұрауынан бас тартқан болатын.

 

сурет: ukrinform.ru

https://www.ukrinform.ru/rubric-polytics/2626411-anukovic-put-k-izmene-i-kak-s-etim-pokoncit.html

Тайваньда 7,2 балдық жер сілкінісі болып, 100-ден аса адам жарақат алды
03 сәуір 2024
Тайваньда 7,2 балдық жер сілкінісі болып, 100-ден аса адам жарақат алды

Тайваньда 7,2 балдық жер сілкінісі болып, 100-ден аса адам жарақат алып, 10-нан аса тұрғын көз жұмды, деп хабарлайды  Еuronews.

Тайваньның шығыс жағалауында болған 7,2 магнитудалы жер сілкінісінен кем дегенде тоғыз адам қаза тапқаны хабарланды. Ондаған адам із-түзсіз жоғалып кеткендер қатарында, жүздеген адам түрлі дәрежеде жарақат алды.

Зілзала Тайваньның шығыс жағалауында жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат сегіз шамасында тіркелді. Ол бүкіл аралда сезілді. Тайваньның шығысындағы Хуалянь қаласында бірнеше ғимарат қирап, іздестіру-құтқару операциясы жүріп жатыр.

20 миллионнан астам адам тұратын аралда теміржол қатынасы тоқтатылды.

Иран Израильге 150-ге жуық зымыран ұшырды
14 сәуір 2024
Иран Израильге 150-ге жуық зымыран ұшырды

Израильдің бірер апта бұрын жасаған шабуылына жауап ретінде Иран 150-ге жуық зымыран ұшырды. Израиль армиясы зымыранның бәрін қағып алғанын айтты айтты, деп хабарлайды BBC.

Америка Құрама Штаттары Израильге Ираннан ұшырылған ұшқышсыз ұшақтар мен зымырандарды толықтай атып түсіруге көмектескен. Бұл туралы АҚШ президенті Джо Байден айтты.

«Осы орналастырудың және біздің әскерлеріміздің ерекше шеберлігінің арқасында біз Израильге қарата ұшырылған ұшқышсыз ұшақтар мен зымырандарды толықтай атып түсіруге көмектестік. Мен бұл шабуылдарды қатаң түрде айыптаймын», - деді Америка президенті.

 

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.