Валюта бағамы
  • USD -

    520.9
  • EUR -

    611
  • RUB -

    6.63
РЕЖЕП ЕРДОҒАН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ
12 қараша 2019
РЕЖЕП ЕРДОҒАН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркия Республикасына жұмыс сапары аясында Президент Режеп Ердоғанмен және Вице-Президент Фуат Октаймен келіссөздер жүргізді. «Сонымен қатар, Қазақстан–Түркия үкіметаралық экономикалық комиссиясының ХІ отырысына, екіжақты бизнес-форумның ашылуына және түрік бизнесінің капитандарымен кездесуге қатысты» деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі. 

«Елдеріміз арасындағы ынтымақтастық барлық салада қарқынды түрде дамып жатыр, екіжақты қатынастарды сапалы жаңа деңгейге шығарудың негізі салынды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев Түркияны Қазақстанның маңызды әрі стратегиялық серіктестерінің бірі ретінде қарастырады», — деді А. Мамин Анкара қаласында Р. Ердоғанмен кездесуде.

Қазақстанда түрік капиталының қатысуымен 4200-ден астам компания тіркелген, олар энергетика, көлік, агроөнеркәсіп, машина жасау секторларында, инфрақұрылымдық құрылыста және басқа да салаларда қызмет көрсетеді. Осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы $2,3 млрд-қа жетті, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 68%-ға артық. Осы жылдың соңына қарай екіжақты сауда-саттық көлемі $3 млрд асады деп күтілуде. Қазіргі кезде түрік тарапымен бірлесіп пысықталып және іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар пулы $6 млрд-тан асады.

Келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

А. Мамин ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың монументіне барып, Ататүрік кесенесіне гүл шоғын қойды және Р. Ердоғанмен бірге Түркияда өткізіліп жатқан «Болашаққа тыныс бер» экологиялық науқаны аясында ағаштар отырғызды. Сонымен қатар, Үкімет басшысы ТР Сауда-өнеркәсіп палатасының жұмысымен танысты, оның ішінде Түркияның мемлекеттік органдарын цифрландыру жұмыстары да бар.

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ТР Вице-Президенті Ф. Октаймен Стамбулда Қазақстан–Түркия үкіметаралық экономикалық комиссиясының ХІ отырысына қатысты.

Шара қорытындысы бойынша сауда және инвестициялар, өнеркәсіп, көлік, білім беру, денсаулық сақтау, туризм тәрізді және т.б. салаларда 65 пункттен тұратын Бірлескен іс-қимылдар жоспары қабылданды. Бұдан өзге, халықаралық аралас жүктерді тасымалдау туралы үкіметаралық келісімге, 2019-2021 жылдарға арналған «Жаңа синергия» бірлескен экономикалық бағдарламасы бойынша іс-қимылдар хаттамасына, сондай-ақ, ҚР Сауда және интеграция министрлігі мен ТР Сауда министрлігі арасындағы «халал» санатындағы өнімдер бойынша ынтымақтастықты дамытуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

А. Мамин мен Ф. Октай 500-ге жуық түрік және 100 қазақстандық іскерлік орталардың өкілдерінің қатысуымен Қазақстан–Түркия бизнес-форумын ашты. Форум аясында инфрақұрылым, индустрия, көлік-логистика салаларында, денсаулық сақтауда, қаржы нарығын дамытуда, мемлекеттік-жекешелік әріптестікте тәжірибемен алмасу және т.б. салаларда бірлескен жобаларды іске асыруды қарастыратын, жалпы $1,5 млрд сомасына 18 құжатқа қол қойылды.

Атап айтқанда, Қазақстанда қатпаркартон қаптама, лак-бояу өнімдері өндірістерін, «Ақтөбе–Гебзе» индустриялық аймағын ашу, Түркістан қаласын инфрақұрылымдық дамыту, сондай-ақ, Алматы мен Қарағандыда университеттік клиникалар салу, Көкшетау, Қызылорда, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Таразда көпбейінді ауруханалар салу, Шымкент пен Ақтөбеде диагностикалық орталықтар салу туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Қазақстан Премьер-Министрі Түркияның 41 ірі компаниясының басшыларымен – ҚР экономикасының қазіргі және әлеуетті инвесторларымен кездесті. Асқар Мамин түрік бизнесінің капитандарымен екіжақты келіссөздер, сонымен қатар, «дөңгелек үстел» форматында ортақ кездесу өткізді. Үкімет басшысы түрік бизнесмендерін Түркістан қаласының түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде жаңғыруы мен дамуына үлес қосуға шақырды.

Түркияға сапары аясында А. Мамин Қайсері қаласына барып, онда 2018 жылдан бастап қызмет көрсететін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік моделі бойынша жүзеге асырылған Түркияның денсаулық сақтау саласындағы алғашқы жобасына айналған қалалық аурухана қызметімен танысты.

Суреттер primeminister.kz сайтынан алынды.

RELATED NEWS
Түркияда тағы мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін екені айтылуда
15 мамыр 2024
Түркияда тағы мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін екені айтылуда

Түркияда мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін. Осыған байланысты ел президенті Режеп Тайып Ердоған Түркияның барлау және Әділет министрлігінің басшыларымен шұғыл отырыс өткізді, деп хабарлайды Ulys түркиялық басылымдарға сілтеме жасап.

Түрік ұлтшылдарының жетекшісі Девлет Бахчели2016 жылдың шілдесінде елді дүрліктірген мемлекеттік төңкеріс қайталануы мүмкін екенін ескертті.

Бір күн бұрын Анкара Бас прокуратурасы "Айхан Бора Каплан" қылмыстық ұйымына қатысы бар деген күдікпен  үш полицейге қатысты тергеу бастады. Олардың үйлерінде тінту жүргізілді.

Türkiye газеті өз кезегінде "Айхан Бора Каплан" ұйымымен байланыста болды деп айыпталған Анкара қауіпсіздік басқармасында бірқатар полиция қызметкерлерінің жұмыстан шығарылуына байланысты Түркияда үлкен қарсылық көрсетілгенін жазады. Олардың үйлерінде цифрлық материалдарды алу мақсатында тінту жүргізілді.

"Президент Ердоған Әділет министрі Йылмаз Тунджмен және Ұлттық барлау ұйымының басшысы Ибрагим Калынмен Бахчелидің мәлімдемесінен кейін Мемлекет басшысының резиденциясында шұғыл түнгі отырыс өткізді", — деп жазады Türkiye.

Ердоған ел Парламентінде сөз сөйлейді деп күтілуде.

АҚШ Түркияға қарсы заң қабылдамақ
10 наурыз 2025
АҚШ Түркияға қарсы заң қабылдамақ

АҚШ-тың Өкілдер палатасы Түркияның демократиялық статусын қайта қарауға және оны Еуропаның емес, Таяу Шығыстың елі деп тануға бағытталған арнайы заң жобасын қарауға алды. Бұл туралы Fox News хабарлады.

Заң Түркияны Еуропа мен Еуразия істері жөніндегі бюросының құзырынан алып тастап, оны Таяу Шығыс істері жөніндегі бюроға ауыстыруды қарастырады.

Fox News хабарлауынша, мұндағы мақсат "АҚШ-тың жауы саналатын елдермен байланыс жасайтын Түркияны тосқауылдап ұстауға талаптану". Вашингтон Анкараны "АҚШ пен НАТО одақтастарынан алыстап бара жатқан мемлекет" деп есептейді.

"Бұл Үкімет ХАМАС содырларын жасырып отыр. Экономикалық одақтастық арқылы Путиннің әскери машинасына қолдау көрсетеді. Сонымен бірге, Батыс одақтасынан артықшылық талап етуін жалғастыра отырып, НАТО-ның бірлігіне кедергі келтіреді. Америкалық дипломатия көзбояушылық жасауын доғарып, Түркияны бұрынғыдай Еуропаның бір бөлігі деп санауын қоюы керек", – деді жобаны Конгресс қарауына енгізген топты басқаратын конгрессмен Брэд Шнайдер.

Бұл ұстанымға Түркия Үкіметі наразылығын білдірді және түріктің сыртқы саясаты мен еуропалық бағдарын Конгресс мүшелерінің дұрыс түсінбей отырғанына нұсқады.

Айта кетсек, Түркия – НАТО-ның АҚШ-тан кейінгі ең қуатты мүшесі. 

Түркияда теракт болып, 5 адам көз жұмды
24 қазан 2024
Түркияда теракт болып, 5 адам көз жұмды

Кеше кешкісін Түркия Анкарадағы TUSAŞ аэроғарыш компаниясы штаб-пәтерінің маңында қатты жарылыс болған. Бұл туралы Анадолы агенттігі хабарлады. 

Түркия ІІМ жарылыстан қаза тапқандар мен жараланғандар барын айтады. Ал ел билігі оқиғаны "теракт" деп атады. 

Түркияның ішкі істер министрі Али Йерликая хабарлауынша,  теракт салдарынан 5 адам қаза тауып, тағы 22 адам жарақат алғаны айтылған.

Шабуылды жасаған екі лаңкес өлтірілді. Лаңкестердің бірі әйел.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.