Валюта бағамы
  • USD -

    527.7
  • EUR -

    548.5
  • RUB -

    5.29
Қырғызстанда шенеуніктерге тойға баруға тыйым салынды
26 сәуір 2024
Қырғызстанда шенеуніктерге тойға баруға тыйым салынды

Қырғызстан президенті әкімшілігінің алқа мәжілісінде министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаров үкімет мүшелеріне тойға баруға тыйым салды, деп хабарлайды 24.kg.

Оның айтуынша, Қырғызстанның Президенті Садыр Жапаровтың барлық жарлығы мен тапсырмасы сапалы әрі уақытылы орындалуы тиіс.

Министрлер кабинетінің басшысы Садыр Жапаровтың той өткізу кезінде мал союға және ысырапшылдыққа тыйым салу туралы қаулысына жеке тоқталды.

«Егер сіз бір жерде ысырап жасалғанын көрсеңіздер, ол жерге бармаңыз. Тойда жүрмеңіздер», – деді А.Жапаров.

RELATED NEWS
Қырғызда болған селден қазақстандық 4 бала көз жұмды
01 шілде 2024
Қырғызда болған селден қазақстандық 4 бала көз жұмды

Қырғызстанда селден қазақстандық 4 бала көз жұмды, деп хабарлайды Ulys қырғыз қызметіне сілтеме жасап.

Кеше Ош облысының Ноокат ауданында сел жүріп, салдарынан ауыл тұрғындары мен туристер қаза тапқан еді. Көз жұмғандардың арасында Шығыс Қазақстан облысында тұрған 4 бала болған. 

«Қайғылы оқиға болған күні екі ұл мен екі қыз аналарымен бірге туыстарына қонаққа барған. Туристік аймаққа түскен сел кішкентай шығысқазақстандықтардың өмірін қиып, өңір халқы үшін қайғылы жағдайға айналды», - деп мәлімдеді ШҚО әкімдігі.

Бүгін көз жұмған балалардың денелері арнайы бортпен Өскеменге жеткізілді. Облыс әкімі Ермек Көшербаев қаза тапқандардың туыстарымен кездесті.

Еске салсақ, бұған дейін Қырғызстанда алапат сел болғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

 

Қырғызстанда билікті басып алмақ болған адамдар ұсталды
13 қараша 2024
Қырғызстанда билікті басып алмақ болған адамдар ұсталды

Қырғызстанда билікті басып алу мақсатында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болған 7 адам қамауға алынды. Бұл туралы Қырғыз ІІМ хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, бұл ұйымдасқан топ жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырып, билікті күшпен басып алу мақсатында құрылған. 

«Ұлттық спорт ойындарын өткіземіз деген сылтаумен күдіктілер 2024 жылғы 17 қарашада өтетін жергілікті кеңес сайлауы күні күш көрсетуге үндеп, конституцияға қайшы шақыруларды насихаттап, кейіннен билікті күшпен басып алу арқылы жағдайды тұрақсыздандыруды көздеген, – делінген хабарламада.

Осы іс бойынша жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыруға дайындалу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Тергеу барысында бұл топтың 7 мүшесі ұсталды. Олардың арасында шетелдік азаматтар да бар.

 Тоқаев Қырғызстан президентімен кездесті
06 қараша 2024
Тоқаев Қырғызстан президентімен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкектегі «Ынтымақ Ордо» ғимаратына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қарсы алды.

Сәлден кейін Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті басталады. Шара «Экономикалық интеграция, тұрақты даму, цифрлық болашақ және қауіпсіздік» тақырыбында өтеді.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.