Валюта бағамы
  • USD -

    541.7
  • EUR -

    638.5
  • RUB -

    6.51
ҚЫРҒЫЗДАР ДА ЛАТЫН ҚАРПІНЕ КӨШУДІ ТАЛҚЫЛАЙ БАСТАДЫ
11 қыркүйек 2019
ҚЫРҒЫЗДАР ДА ЛАТЫН ҚАРПІНЕ КӨШУДІ ТАЛҚЫЛАЙ БАСТАДЫ

Қырғыз парламентінде латын қәрпіне көшу мәселесі сөз болды. Бұл туралы ақпарат 24.kg сайтында шықты.

Жогорку Кенештегі «Бир Бол» фракциясының лидері Алтынбек Сулайманов латынға көшудің қажеттілігін атап өткен. Оның ойынша, бұл уақыт талабы. «Біз тек латынға ғана көшпейміз, бастауымызға ораламыз. Мәселен, Қырғыз мемлекетінің негізін қалаушы әкесі Қасым Тыныстанов латынға көшуді қолдаған. Алайда репрессияға ұшырап кетті. Біз оның ісін жалғастыруымыз керек. Оның үстіне латын әліпбиіне көшу бізді өзге түркітілдес елдермен жақындастырады және ағылшын тілін үйренуді жеңілдетеді»—деді Алтынбек Сулайманов. Жогорку Кенеш  депутаты айтқан латын қарпі жайын Білім министрлігіне үміткер Каныбек Исаков та қолдайтынын білдіріп, осы мәселе бойынша ары қарай жұмыс істейтінін жеткізді.

RELATED NEWS
Қырғызстанда билікті басып алмақ болған адамдар ұсталды
13 қараша 2024
Қырғызстанда билікті басып алмақ болған адамдар ұсталды

Қырғызстанда билікті басып алу мақсатында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болған 7 адам қамауға алынды. Бұл туралы Қырғыз ІІМ хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, бұл ұйымдасқан топ жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырып, билікті күшпен басып алу мақсатында құрылған. 

«Ұлттық спорт ойындарын өткіземіз деген сылтаумен күдіктілер 2024 жылғы 17 қарашада өтетін жергілікті кеңес сайлауы күні күш көрсетуге үндеп, конституцияға қайшы шақыруларды насихаттап, кейіннен билікті күшпен басып алу арқылы жағдайды тұрақсыздандыруды көздеген, – делінген хабарламада.

Осы іс бойынша жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыруға дайындалу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Тергеу барысында бұл топтың 7 мүшесі ұсталды. Олардың арасында шетелдік азаматтар да бар.

 Тоқаев Қырғызстан президентімен кездесті
06 қараша 2024
Тоқаев Қырғызстан президентімен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкектегі «Ынтымақ Ордо» ғимаратына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қарсы алды.

Сәлден кейін Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті басталады. Шара «Экономикалық интеграция, тұрақты даму, цифрлық болашақ және қауіпсіздік» тақырыбында өтеді.

Қазақстанға Қырғызстанның министрі келді
10 қаңтар 2025
Қазақстанға Қырғызстанның министрі келді

Мемлекет басшысы Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Президент Қырғызстан Сыртқы істер ведомствосының басшысына ілтипат білдіре отырып, берік достық пен тату көршілік байланыстарға арқа сүйеген қазақ-қырғыз қарым-қатынасы стратегиялық серіктестік және одақтастық сипатында қарқынды әрі дәйекті дамып келе жатқанын атап өтті.


Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды толыққанды іске асырудың маңыздылығына назар аударды. Оның пікірінше, бұл келісімдер стратегиялық сипатқа ие әрі мемлекетаралық ықпалдастықты айтарлықтай нығайтады.

Жээнбек Кулубаев Мемлекет басшысына екі елдің сыртқы істер ведомствосы басшыларының арасында өткен келіссөздердің нәтижесі мен екіжақты ынтымақтастықты тереңдету бойынша бірлесе атқаратын жұмыстың негізгі бағыттары жөнінде мәлімет берді.

Кездесу барысында сауда-экономикалық ықпалдастықты арттыруға, көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға, өзара инвестициялар және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі жандандыруға айрықша мән берілді.

Сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

 

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.