Валюта бағамы
  • USD -

    523.1
  • EUR -

    597
  • RUB -

    6.45
«Қырғыз бен қазақтай бір-біріне жақын халық жоқ»
19 сәуір 2024
«Қырғыз бен қазақтай бір-біріне жақын халық жоқ»

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы Қырғызстан Президенті сапарының екі тарап үшін де мән-маңызы айрықша екенін атап өтті.

Бүгін біз Одақтастық қатынастарды нығайту және кеңейту туралы тарихи келісімге қол қоямыз. Осы маңызды құжат қазақ-қырғыз байланыстарының дамуына тың серпін беретініне сенімдімін. Ел аузында «Қырғыз бен қазақтай бір-біріне жақын халық жоқ» деген сөз бар. Бұл – дұрыс айтылған тұжырым, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қазақстанның бұрын-соңды болмаған су тасқынымен күресіп жатқанын атап өтіп, осындай қиын-қыстау кезде гуманитарлық көмек көрсеткені үшін Қырғызстан Президентіне және барша қырғыз халқына алғыс айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-қырғыз қатынастарының қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды. Президенттің пікірінше, бұған белсенді саяси диалог, үкіметаралық және парламентаралық тығыз байланыстар ерекше серпін беріп отыр.

Екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық жылдан-жылға нығайып келеді. Былтыр өзара тауар айналымы 1,5 миллиард долларға жетті, яғни 26 пайызға өсті. Алдағы мақсатымыз алыс-беріс көлемін 2 миллиард долларға жеткізу. Сонымен қатар осы бағытта болашағы зор бірқатар жоба қолға алынды. Жалпы, сауда-экономикалық саладағы уағдаластықтар орындалып жатыр, – деді Мемлекет басшысы.

Садыр Жапаров қырғыз делегациясына қонақжайлық танытқаны үшін Қазақстан тарапына ризашылығын білдірді.

– Қазақстан біздің ең жақын көршіміз. Сыртқы саясатымызда ерекше артықшылықтарға ие болған бауырлас мемлекет әрі негізгі сауда серіктестеріміздің бірі. Екі ел арасында ешқандай саяси, аймақтық қайшылық жоқ. Мемлекет басшысы лауазымына келгелі бері қырғыз-қазақ қарым-қатынасы болсын, халықаралық құрылымдарда болсын, маған қолдау көрсетіп келесіз. Біз бауырлас қазақ халқына су тасқыны салдарынан туындаған қиын кезде қолдан келген көмекті беруге дайынбыз. Екі елді ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан достық, бауырластық, тату көршілік байланыстар, сондай-ақ ортақ мәдени, рухани және діни құндылықтар біріктіреді. Өзара ынтымақтастығымыз бен стратегиялық серіктестігіміздің одан әрі нығая беретініне сенімдімін, – деді Садыр Жапаров.

Келіссөз барысында тараптар саяси, көлік-транзиттік, энергетикалық салалардағы өзара ықпалдастықты нығайту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібін қарастырды.

RELATED NEWS
Қырғызстанда билікті басып алмақ болған адамдар ұсталды
13 қараша 2024
Қырғызстанда билікті басып алмақ болған адамдар ұсталды

Қырғызстанда билікті басып алу мақсатында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болған 7 адам қамауға алынды. Бұл туралы Қырғыз ІІМ хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, бұл ұйымдасқан топ жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырып, билікті күшпен басып алу мақсатында құрылған. 

«Ұлттық спорт ойындарын өткіземіз деген сылтаумен күдіктілер 2024 жылғы 17 қарашада өтетін жергілікті кеңес сайлауы күні күш көрсетуге үндеп, конституцияға қайшы шақыруларды насихаттап, кейіннен билікті күшпен басып алу арқылы жағдайды тұрақсыздандыруды көздеген, – делінген хабарламада.

Осы іс бойынша жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыруға дайындалу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Тергеу барысында бұл топтың 7 мүшесі ұсталды. Олардың арасында шетелдік азаматтар да бар.

Қырғызстанда 4 балдық жер сілкінісі болды
04 қараша 2024
Қырғызстанда 4 балдық жер сілкінісі болды

4 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 05:31-де Қырғызстанның Қытаймен шекарасында эпицентрінде шамамен 4 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Ulys  Kaбар агенттігіне сілтеме жасап

Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясы сейсмология институтының алдын ала мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Қытайда (Как Шаал Тоо жотасы), Бедел ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 20 шақырым, Құмтөр кенішінен оңтүстік-шығысқа қарай 70 шақырым, Қаракөлден оңтүстік-шығысқа қарай 125 шақырым жерде жатыр.

 Тоқаев Қырғызстан президентімен кездесті
06 қараша 2024
Тоқаев Қырғызстан президентімен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкектегі «Ынтымақ Ордо» ғимаратына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қарсы алды.

Сәлден кейін Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті басталады. Шара «Экономикалық интеграция, тұрақты даму, цифрлық болашақ және қауіпсіздік» тақырыбында өтеді.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.