Валюта бағамы
  • USD -

    516.5
  • EUR -

    605
  • RUB -

    6.37
Құрбан айт мерекесі тойланып жатыр
Құрбан айт мерекесі 16 маусым 2024
Құрбан айт мерекесі тойланып жатыр

Қазақстандықтар мұсылмандар үшін қасиетті мереке олып саналатын Құрбан айт мерекесін тойлап жатыр, деп хабарлайды Ulys.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

"Құрбан айт құтты болсын! Бұл – имандылық пен мейірімділіктің, адамгершілік пен адалдықтың, жанашырлық пен жауапкершіліктің мән-маңызын арттыра түсетін мейрам. Барша мұсылмандар асыға күтетін қастерлі мерекенің тағылымы зор. Құрбан айтта, ең алдымен, сауабы мол игі амалдар жасалып, елді ізгілікке бастайтын құндылықтар кеңінен дәріптеледі. Сол арқылы халқымыздың рухани тұтастығы нығая түседі. Ата дініміздің ұлағаты біздің салт-дәстүрімізбен тығыз сабақтасып жатыр. Халқымыз қашанда қиындыққа тап болған жандарға қол ұшын беріп, көмегін аямаған. Көктемдегі алапат тасқын кезінде жұртымыздың осы асыл қасиеті айқын көрінді. Біз ырысты ынтымағымыздың арқасында кез келген қиындықты жеңеміз",- делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.

RELATED NEWS
 Рамазан айы 1 наурызда басталады
30 қаңтар 2025
Рамазан айы 1 наурызда басталады

Биыл Рамазан айы 1 наурыз күні басталып, 29 наурыз күні аяқталады. 30 наурыз күні елімізде Ораза айт басталады, деп хабарлайды Ulys muftyat.kz сілтеме жасап.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен 2025 жылдың діни мереке күндерінің кестесіне сай, биыл ораза 1 наурыз басталады. Қасиетті Қадір түні наурыз айының 26-нан 27-не қараған түні болады.

30 наурыз күні елімізде Ораза айт басталып, үш күн жалғасады. Құрбан айт 6 маусымда басталып, 8 маусымда бітеді. Егер 6-маусым жұмыс күніне тұспа-тұс келсе, онда қазақстандықтар бір күн демалады.

Димаш  Діндер съезінің  елшісі болды
08 қазан 2024
Димаш Діндер съезінің елшісі болды

Димаш Құдайберген Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің ізгі ниет елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulys.

Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІІ отырысында съездің Ізгі ниет елшісі лауазымына 5 адам ұсынылды. Осы бес адамның ішінде әнші Димаш Құдайберген де бар. 

Діни рәсім бойынша жасалған некенің Қазақстанда  күші жоқ - министрлік
31 қазан 2024
Діни рәсім бойынша жасалған некенің Қазақстанда күші жоқ - министрлік

ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли діни неке мен заңды некенің айырмашылығын айтты, деп хабарлайды Ulys.

Діни рәсімдер бойынша жасалған некенің Қазақстан Республикасы аумағында заңды күші жоқ. Сәйкесінше мұндай неке құқықтық реттеу тетіктерімен қорғалмайды. «Сожительство», яғни ері мен әйелдің заңды некеде тұрмастан бірге өмір сүруі де неке ретінде танылмайды. Заңды неке құзыретті мемлекеттік органда ресми тіркелуі тиіс», - дейді ол.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.