Валюта бағамы
  • USD -

    522.7
  • EUR -

    605.5
  • RUB -

    6.69
Құлсарыда тасқыннан зардап шеккен барлық үйді бағалау 10 күн ішінде аяқталмақ
16 мамыр 2024
Құлсарыда тасқыннан зардап шеккен барлық үйді бағалау 10 күн ішінде аяқталмақ

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Құлсары тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы Ulys облыстың ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап хабарлайды.
 
Өңір басшысы Құлсары тұрғындарымен кездесіп, олардың ұсыныс-талаптарын тыңдап, су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб.
 
Облыс әкімі Серік Шәпкенов апатты тұрғын үйді өтеу туралы ұсыныстарды тыңдап, мүлкі апатты деп танылған зардап шеккендерге өтемақы нарық құны бойынша төленетінін, Құлсары қаласы бойынша зардап шеккендердің арнайы нысаналы шоттарына шамамен 200-240 мың теңге төленетінін хабарлады.
 
Атырау облысы әкімінің айтуынша, су тасқыны кезінде зардап шеккен Құлсары қаласының тұрғындары ақшалай өтемақыларды нысаналы мақсаты бойынша - жаңа тұрғын үй сатып алуға, тұрғын үй салуға немесе жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына жұмсауға тиіс.
 «Қазір бірінші кезекте су тасқынынан зардап шеккендер бағалау қорытындысымен және мүлікті техникалық сараптау қорытындыларымен танысып, ақшалай қаражатты төлеуге өз келісімін беруі тиіс. Төлем екі апта ішінде жүргізіледі», - деді Серік Шәпкенов жиналғандарға.
 
16 мамыр күні Жылыой ауданында 3613 отбасы 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Төленген қаражаттың жалпы сомасы – 1 млрд 387 млн теңге.
 
Сонымен қатар, келтірілген материалдық залал үшін өтемақы төлеу үшін құжаттар дайындалады. Жылжымайтын мүлікке техникалық тексеру және бағалау жүргізілуде. Қазір барлығы 2950 өтініш қабылданып, 2697 өтініш қарауға жіберілді, 2624 үйге бағалау және 2671 үйге техникалық тексеру жүргізілді. 756 апатты үй анықталды. 15 мамырдан бастап алты мобильді топ Құлсарының 100-ден астам тұрғынының үйлеріне барып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың мүлкіне келтірілген залалды бағалау және техникалық сараптама қорытындылары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
 
15 мамырда Құлсарында жылжымайтын мүлікті бағалау және техникалық сараптау қорытындыларын жариялау бойынша мобильді топтардың жұмысы басталды. Жылыой ауданының 100-ден астам тұрғыны бағалау парақтарын алды. Екі күн ішінде олар ақшалай өтемақы алуға өтініш жаза алады. Барлық үйлер бойынша бағалау жұмыстарын 10 күн ішінде аяқтау жоспарланды.
 

RELATED NEWS
Қазақстанның 20-дан астам елді мекенінде су тасқаны болуы мүмкін
05 ақпан 2025
Қазақстанның 20-дан астам елді мекенінде су тасқаны болуы мүмкін

Мәжілістің жалпы отырысының кулуарындаТөтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов су тасқыны қаупі бар аймақта 23 елді мекен бар екенін айтты, деп хабарлайды Ulys.

«Бұл статистиканы мамандар береді. Кейбір депутаттар осы өңірдің барлығын су басады деп шошып жатыр екен. Олай болмайды. Белгілі бір жұмыс жүргіземіз. Кейбір өңірден ол қауіптер жойылды. Ал өңірлер бойынша су тасқыны қаупі төніп тұрған ТОП-5 аймақты айтатын болсақ, БҚО, Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары болып отыр», - деді Шыңғыс Әрінов

Су тасқынына дайындық:  ел аумағының 71%-ында қар жатыр
11 наурыз 2025
Су тасқынына дайындық: ел аумағының 71%-ында қар жатыр

Үкімет  отырысында экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев ел аумағының 71%-ында қар жатқанын хабарлады. 

 Ол 11 наурыздағы жағдай бойынша қар астында жатқан аумақ 71%-ды құрайтынын, дегенмен бұл өткен аптаға қарағанда 15%-ға аз екенін атап өтті. Еліміздің оңтүстігінде: Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарында, батысында: Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында қар еріп жатыр.
«Наурыз айында температура көтеріліп, жауын-шашын көп болса еріген қар суынан тау өзендерінде тасқын жүруі мүмкін. Орталық, солтүстік және шығыс аймақтарда қар қалың, наурыз айында жауын-шашын мөлшері айлық нормадан екі және одан да көп түседі деп күтіліп отыр. Мысалы, Астанада бірінші онкүндіктің өзінде айлық жауын-шашын мөлшері түсті», 
— деп атап өтті Ерлан Нысанбаев.

Су тасқынымен күрес: 5 мыңнан аса отбасы қоныс тойын тойлады
08 тамыз 2024
Су тасқынымен күрес: 5 мыңнан аса отбасы қоныс тойын тойлады

Су тасқынынан зардап шеккен 5 239 отбасыға арнайы салынған және сатып алынған үйлер мен пәтерлер берілді, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Үкімет су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға тұрғын үй салу және сатып алу, сондай-ақ оларға жан-жақты көмек көрсету бойынша өңірлерде жүргізіліп жатқан жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстап отыр.

Қираған баспанасының орнына 4769 отбасы жаңа үйлер мен пәтерлерге ие болды. Сонымен қатар зардап шеккен өңірлерде 2568 жаңа үйдің құрылысы қарқынды түрде жүргізіліп жатыр, оның ішінде 470 нысан бойынша жұмыстар толығымен аяқталып, тұрғындарға кілттер табысталды.

Солтүстік Қазақстан облысында құрылысы аяқталған 285 үй, Қостанай облысында 57, Батыс Қазақстан облысында 80, Ақтөбе облысында 43 және Павлодар облысында 5 үй пайдалануға берілді.

Барлық облыста су басқан тұрғын үйлерді тексеру және бағалау жұмыстары 100% аяқталды. Жалпы сомасы 49,3 млрд теңгеге 8 853 отбасы тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге тиісті төлем алды.

34 216 отбасыға 12,6 млрд теңгеге 100 АЕК мөлшерінде біржолғы өтемақы төленді. Сондай-ақ жоғалған бірінші қажеттіліктегі заттарын сатып алу үшін 150 АЕК-ке дейін қосымша төлемдер берілуде. Бүгінгі таңда 9,9 млрд теңгеге 21 869 отбасы осындай көмек алды.

Зардап шеккен бизнеске келтірілген залалды өтеу жұмыстары жалғасуда. Өңірлік комиссиялар жалпы сомасы 7,9 млрд теңгеге ШОБ субъектілерінің 455 өтінімін қарап, мақұлдады.

Суға кеткен мал үшін берілген мемлекеттік көмек көлемі 2,8 млрд теңгеден асты.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.