Әйелін өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесі аяқталды. Судья Айжан Құлбаева Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министрге 24 жыл жаза кесті, деп хабарлайды Ulys.
«Жаза мөлшері туралы мәселені судья мен алқабилер ашық дауыс беру арқылы шешті. Сот үкімімен Бишімбаев 24 жылға, Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды», - деді судья.
Еске салсақ, 2023 жылы 9 қарашада Астанадағы «Bau» мейрамханасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің жұбайын соққыға жықты. Әйел жедел жәрдем жеткенше көз жұмды. Мұнан соң Ішкі істер министрлігі Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады.