Валюта бағамы
  • USD -

    504.1
  • EUR -

    546.5
  • RUB -

    6.03
Қостанайда  «Таза ойындар» жастар экологиялық акциясы өтті
редактор 14 маусым 2024
Қостанайда «Таза ойындар» жастар экологиялық акциясы өтті

Қостанай облысының түкпір-түкпіріндегі тұрғындар сенбілікке шықты, деп хабарлайды Ulys.

Экологиялық іс-шараларға жүздеген қатысушылар жиналды, олардың арасында жергілікті билік, қоғамдық ұйымдар, студенттер, белсенділер және қарапайым тұрғындар бар.

Адамдарды ортақ үйімізді таза және әдемі ету, экология мәселелеріне назар аударып, қоршаған ортаға ұқыпты қарау сияқты ортақ мақсат біріктірді. Барлығы 20-дан астам түрлі акция, флешмоб пен челлендж өтті.

Мәселен, Қостанай қаласында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Таза ойындар» жастар экологиялық акциясы өтті. Ұйымдастырушылар – «Neco» кологиялық қоры» қоғамдық қорымен бірге «Қостанай облысының жастар ресурстық орталығы» ( ЖРО).

«Бүгінгі басты міндетіміз – жастарды экологиялық бастамаларға тарту және ауқымды акцияны белсенді қолдау», - дейді облыстық МРК басшысы Абай Дүйсеков. - Акция балаларға өте ұнады. «Таза ойындардың» логикалық жалғасы болады деп ойлаймын. Мұндай іс-шаралар туған қаланың немесе ауылдың экологиялық жағдайын жақсартуға септігін тигізіп қана қоймай, сонымен қатар тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілікпен қарауын оята алатынына сенімдімін».

 «Таза ойындар» акциясына «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жауынгерлері, ЖРО қызметкерлері мен еріктілері, «Жастар Ассамблеясы» РҚБ Қостанай облысы бойынша өкілдігінің волонтерлері және т.б. қатысты.

Халық арасында ортақ экологиялық мәдениетті қалыптастыру эстафетасын Арқалық қаласы мен Сарыкөл өңірінің тұрғындары да қолдады. «Демалыс» орталық саябағында Арқалық ЖРО қызметкерлері мен еріктілері «Таза Арқалық» флешмобын ұйымдастырды.

Сарыкөлдіктер де «Меньше мусора - меньше проблем» деген тақырыппен ұйымдастырылған акцияға белсене қатысты. Қатысушылар отбасымен және достарымен уақыт өткізгенді ұнататын жерлері – саябақтардан, алаңдардан және жағалаудағы аумақтардағы қоқыстарды тазартты. Шараға 50-ден астам адам қатысты, оның ішінде жергілікті тұрғындар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және еріктілер бар.

Денисов ауданын дене шынықтыру және спорт мекемелерінің спортшылары мен қызметкерлері спорт нысандарын абаттандыру акциясына қатысып, сол арқылы челлендж бастады.

«Шараның мақсаты – облысымыздағы және жалпы елімізде тазалық орнатуға азаматтардың назарын аудару», - дейді спорт бөлімінің басшысы Наталья Филатова құлшыныспен. – Біз бәріміз Қазақстанның азаматымыз, ал Денисов ауданының спортшылары «Таза Қазақстан» республикалық акциясынан қалыс қала алмады. Секцияларда жастайынан балалардың экологиялық тәрбиесіне көп көңіл бөлінеді, тәрбиешілер олардың бойында Отанға деген құрмет сезімін оятады».

Өз кезегінде Федоров ауданында «Таза Қазақстан» аясында «Ең таза балалар алаңы» акциясы өткізіліп, нәтижесінде жастар ұйымдары мен еріктілер ауылдардағы балалар мен спорт алаңдарын абаттандырды.

«Бірге бір күн жұмыс істеп, тренажерларды жөндедік, жаңа орындықтар орнатып, қоқыс жәшіктерін орнаттық», - деп атап өтті «Федоров ауданының жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Ахметчин Мұсатафа. Балалар арасында экологиялық тақырыптарда сайыстар мен викториналар ұйымдастырылып, ойын алаңдарында тазалық пен тәртіпті сақтаудың маңыздылығы туралы әңгімелер өткізілді».

Қарабалық ауданында экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне арналған «Жастар Таза Қазақстан үшін» флешмобы өтті. Экологиялық квесттер мен байқаулар ұйымдастырылып, қатысушылар экология және қоршаған ортаны қорғау бойынша білімдері мен дағдыларын көрсете алды. Жастарға тазалықты сақтау және қалдықтарды дұрыс басқару маңыздылығы туралы айтылды. Дәрістер қалдықтарды сұрыптау және бір реттік пластмассаларды пайдалануды азайту бойынша практикалық кеңестерді қамтыды.

Ал Ұзынкөл ауданында «Жасыл аймақ» күні орталық саябақта бағалы ағаш түрлерінің 250 көшеті отырғызылды. Бұл экологиялық акцияға «Ершовское-2» ЖШС директоры Сәбит Ағайдаров қаржылай қолдау көрсетті.

«Қамқорлық, жерлестердің өмірін жақсарту, еңбек пен тұрмысқа қолайлы жағдай жасауға ұмтылу – жергілікті ауылшаруашылық тауар өндірушілері мен кәсіпкерлеріне тән қасиет», - дейді Ершов ауылдық округінің әкімі Мария Гоян. – Жұмыстар мен іс-шаралардың негізгі көлемін «Ершовское-2» ЖШС атқарды. Соның нәтижесінде саябақта брусчатка, түрлі демалыс орындары, жүгіру жолдары, әдемі өңделген көгалдар пайда болды. Сондай-ақ, бюджет қаражатына жарықтандыру және бейнебақылау камералары, баскетбол алаңы орнатылды, балалар ойын алаңы жабдықталды».

Ауылдық округ басшысының айтуынша, биыл Ершовкаға тағы да балалар ойын алаңы мен сырғанақ орнатуды жоспарлап отыр.

Ауылдық округ басшысының айтуынша, биыл Ершовкаға тағы да балалар ойын алаңы мен сырғанақ орнатуды жоспарлап отыр.

Рудный қаласында «спорттық экосаяхат» ұйымдастырылды. Жастар еңбек жасақтарының қатысуымен осындай атаумен команда құрылды. Жастар еңбек жасақтары Рудный қаласының көрікті жерлерін аралап, табиғатты тамашалап қана қоймай, орманды және жағалаудағы қоқыстарды тазартты. Шара аясында эстафеталық жарыстар, футбол және волейбол жарыстары, спорттық бағдарлау шаралары ұйымдастырылды, сонымен қатар қатысушылар экологиялық мінез-құлық негіздері бойынша шеберлік сабақтарын өткізді, қалдықтарды дұрыс сұрыптауды үйренді және олардың табиғатқа тигізетін әсерін барынша азайту жолдарын білді.

«Бұл іс-шара бәрімізді біріктірді, біз командалық рухты сезіндік», - деп өз әсерімен бөлісті тимбилдингтің қатысушысы және ұйымдастырушысының бірі Рудный ЖРО директоры Шохова Ақбілек.

 Айта кетсек, биыл елді мекендерді абаттандыруға 11 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген.

Жоспарланған 130 мыңнан астам көшеттің 51,4 мыңнан астамы отырғызылды. Көшелер 90%, жарықтандырылып, 108 ауылға 129 шақырым қоршау орнатылады.

Ағымдағы кезеңде (а.ж. 10 сәуірінен 13 маусымға дейін) тазарту жұмыстарына мемлекеттік органдар мен жеке ұйымдар, шаруа қожалықтары, жастар, волонтерлік және үкіметтік емес ұйымдар, мәслихат депутаттары, ПИК, МИБ өкілдері тартылды. Барлығы 249,6 мың адам қатысып, 106 рұқсат етілмеген қоқыс алаңдары жойылды, сквер абаттандырылып, 127,0 мың тонна қоқыс шығарылды, 51,4 мыңнан астам ағаш отырғызылды.

RELATED NEWS
Вандализммен күрес жан-жақты жүргізілуде
12 маусым 2024
Вандализммен күрес жан-жақты жүргізілуде

«Таза Қазақстан» road-эстафетасының ІІ-ші күнінде вандализммен күрес жалғасын тапты, деп хабарлайды Ulys.

«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының бастамасымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны аясындағы road-эстафета жалғасуда.

Бүгін road-эстафетаның екінші күнінде Астанадан шыққан алдыңғы топ пен Қарағанды белсенділері «Спасск» мемориалдық кешенінің аумағын қоқыстан және вандализм іздерінен тазартты. Олар Ақсу-Аюлы мен Шет ауданының аумағын жүріп өтіп, Балқашқа қарай бет алды. 

«Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова road-эстафета аясында жан-жақты жұмыс жүргізілетінін айтты. 

«Бүгін road-эстафетаның екінші күнінде қоқыспен бірге вандализммен күресудеміз. Қарағанды-Балқаш бағытында кездескен ескерткіштерді де ретке келтірудеміз. Өздеріңіз білесіздер, вандалдық әрекеттердің жиілеп кетуіне байланысты қылмыстық кодекске арнайы бап енгізіліп, құқық бұзушылықтарды жазалау шаралары күшейтілді. Бұл вандалдармен күресте қолданылатын жақсы тәсілге айналды. Былтыр қазан айында бастау алған вандализммен күрес республикалық акциясы road-эстафетада да көрініс табуда. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан белсенділердің көңіл-күйі жақсы. Кеше Астана-Қарағанды тас жолында 1 күннің өзінде 13 тонна қоқыс жинадық. Автокөлікпен жол бойында кетіп бара жатқанда қоқыстар көзге көрінбейді. Ал шын мәнінде қоршаған ортамызда қоқыс өте көп. Сондықтан жастар атынан барлығыңызды тазалыққа, саналы экологиялық орта құруға шақырамын», - деді ол өз сөзінде.

Жастарға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Жарқынбек Амантайұлы қосылып, вандализмге ұшыраған ескерткіштерді олармен бірге ретке келтірді.   

«Акцияның пайдасы зор. Мысалы күні кеше 3 қап қоқыс жинадым. Бүгін жастардың қатарына қосылдым. Вандалдардан кейінгі қалған ізді жойып, тас жолы аумағы мен оған қарасты аймақтарды қоқыстардан тазартудамыз. Сондай-ақ Ақсу-Аюлы халқымен де кездесіп үлгердік», - деді Жарқынбек Амантайұлы. 

Депутат Ақсу-Аюлыда азаматтарды қабылдап, халықтың өзекті мәселелеріне құлақ асты.

Сондай-ақ белсенділер Қарағанды-Балқаш тас жолы мен оның аумағын қоқыстан тазартып, сұрыптауда. Жиналған қоқыс қаптарға сұрыпталып, «ҚазАвтожол» машиналарына тиеліп, қоқыс полигондарына шығарылады.  Қатты қалдықтар «Қазақстанның қайталама шикізат өңдеушілер қауымдастығы» басқармасының қолдауымен қайта өңдеуге жіберілетін болады. 

«Өте жақсы бастаманың куәгері болып отырмыз. Экологиямыз үшін қоқысты сұрыптау өте маңызды. Өздеріңіз білетіндей, дамыған елдер тұрмыстық қалдықтарды қайтадан өңдеп, барынша кәдеге жаратуда. Бұл үрдіс бізге де аса қажет. Сұрыптау – қоқыс көлемін азайтуға, табиғи ресурстарды үнемдеуге және елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді. Сондықтан Жастар қанатының бұл бастамасына біз қуана қолдау білдірудеміз», - дейді қауымдастық төрағасы Батырбек Әубәкіров.

Еске сала кетейік, былтыр 20 қазанда «Жастар Рухы» жастар қанаты Қазақстанның тарихи, мәдени және табиғи мұрасын вандализмнен сақтауға бағытталған республикалық ауқымды акцияны бастады. 2500-ден астам «Жастар Рухы» белсендісі мен волонтері 500-ден аса тарихи, мәдени ескерткіштерді тазартты. Акция барысында «Таңбалы тас» петроглифтерін, «Ақбауыр» шатқалын, Ш. Құдайбердіұлының, С. Сейфуллиннің, Бөгенбай батыр, Кенесары хан ескерткіштерін, «Тектұрмас» кесенесін, «Ыбықты сай» шатқалын, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі маңындағы  қорғанын, «Шақпақ ата», «Сұлтан Үпі», «Қараман ата» жерасты мешіттерін қоқыстар мен жазулардан тазартты. Акция күні бүгінге дейін республиканың барлық аймақтарында жалғасуда.

 

 

Жетісу облысында қоқыс сұрыптайтын контейнерлер тегін таратылды
02 қараша 2024
Жетісу облысында қоқыс сұрыптайтын контейнерлер тегін таратылды

Жетісу облысы «Таза Қазақстан» бағдарламасының аясында тек сенбілік шараларын  ұйымдастырумен шектелмей, ақпараттық-түсіндіру және қайырымдылық бағыттарында да жұмыстар атқаруда, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мәселен, жастарға қызмет көрсету орталығында 1 қараша күні «ЭКОtime» тақырыбында жастармен кездесу өтіп, қатысушыларға қоқысты дұрыс сұрыптау және сол арқылы қайырымдылықпен айналысу жолдары түсіндіріліп, іс жүзінде көрсетілді.

Өңірдегі экобелсенді, волонтер Ғазиз Аманжолұлы  2021 жылдан бері өз үйінің ауласында целлофан, қағаз, металл, тұрмыстық қалдықтар және пластик бұйымдарын бөшкеге бөлек сұрыптап, барша азаматтарды аталған істен үлгі алуға шақырады.

Экобелсенді сұрыпталған қоқысты шикізат қабылдап алушы компанияларға ай сайын өткізіп, түскен қаржыны қайырымдылық қорларына табыстап келеді, соның бірі «Харекет» қоры. Бұл бастама бір оқпен екі қоянды атқандай деп есептейді.

2024 жылдың тамыз айында республикалық акцияға қолдау білдіру мақсатында экобелсенді өзінің жеке бастамасымен спонсорлық көмекпен Талдықорған қаласындағы аз қамтылған отбасыларға 100 дана қоқыс сұрыптайтын контейнерді тегін таратып, қоқысты дұрыс сұрыптау жолдары түсіндірді. Сонымен қатар, сұрыпталған қоқысты қабылдайтын компаниялардың тізімін де қосып берген. 

Жақсымен пайдалы іске барша жетісулықтарды шақырамыз!

Жалпы, өздеріңізге мәлім, тек ел аумағында ғана емес, табиғаттың қоқыспен ластануы барлық мемлекеттердің жерлеріне де мұхиттарға үлкен зардаптарын тигізуде. Жанған қоқыстар улы химикаттар бөліп, адам денсаулығының асқынуына бірден бір себеп болып отыр. Өкінішке орай, адамдардың қоқысты сұрыптау мәдениетіне әлі де алшақтау болып тұр, керісінше қоқысты целлоффанға салып, тастай салу немесе жолда кетіп барып, кез-келген жерге лақтыра салу сынды жағдайлары азаймай тұр.

Сонымен қатар, Жетісу облысының Жастарға қызмет көрсету орталығының мамандары ұйымдастырумен «Таза орта» акциясын ұйымдастырды. Акциясының мақсаты,  ғимарат тазалығын сақтау барысында артқарылатын тазалық жұмыстарын жүргізу,  жұмыс орнында қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз ету.  Акцияға Жастарға қызмет көрсету орталығының мамандары, техникалық қызметкерлері қатысты.

Таза болса табиғат – аман болса адамзат деген ұранды ұстай келе, адамзат баласын табиғатты таза ұстау әрқайсымыздың міндетіміз деп есептейміз. 

Айта кету керек,  «Таза Қазақстан» акциясы аясында Жетісу облысында жалпы 1990 техника жұмылдырылып, нәтижесінде 10714 тонна қоқыс шығарылып, 2445 км арық желісі тазаланды. Облыс аумағында акция кезінде 38003 түп көшет отырғызылды.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы Жетісу облысында белсенді түрде ұйымдастырылып, тұрғындар тарапынан зор қолдауға ие болды. Бүгінгі күннің өзінде жалпыұлттық тазалық шарасына облыс бойынша 226 мыңнан астам адам атсалысты.

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» әлі жалғасып жатыр
29 қараша 2024
Жетісу облысында «Таза Қазақстан» әлі жалғасып жатыр

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы басталған уақыттан бері тазалық акцияларына,  тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілерін вандализм іздерінен тазарту іс-шараларына жалпы саны 251 мыңнан астам адам атсалысты. Атап айтқанда, кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, волонтерлар, жастар, шағын және орта бизнес өкілдері, жалпы облыс тұрғындары белсене қатысты.

Бүгін, 29 қарашада облыс жастары Талдықорған қаласының Өтенай ауылында «ЭКОквест» экологиялық квест ойынын ұйымдастырды. Шараға белсенді жастар, Талдықорған қаласының кәсіптік техникалық білім беру ұйымдарының студенттері, ауыл тұрғындары жалпы 100 адам қатысты. Жаңашыл форматтағы шараның мақсаты – жастар мен жасөспірімдерге қоршаған орта мен табиғат тазалығының қаншалықты маңызды екенін көрсете отырып, оған өз үлестерін қосуға ықпалдасу. Бұл шараға эко-белсенділер мен ауыл тұрғындарынан құралған 15 команда қатысты. 5 локация бойынша өткен ойын Өтенай ауылының орталық аллеясының аумағын қоқыстан тазалаумен қатар, жастарды шапшаңдық пен ұтқырлыққа тәрбиелейді. Қатысушы командалар белгіленген орынды тазалап, ең көп қоқыс шығарудан бәсекеге түсіп, сонымен қатар ойын барысында танымдық сұрақтарға жауап беріп, түрлі кедергілерден өтеді. Викториналық сұрақтар Жетісу өңірінің тарихы, табиғи маңызды орындары мен киелі жерлері туралы қойылды.

Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Тимур Губашев: «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының қолдауымен «Таза Қазақстан» акциясы кең ауқымды республикалық деңгейге ие болғанын атап өткім келеді. Біз бұл әрекетті көшедегі тазалықты сақтау ретінде ғана емес, сонымен қатар өзімізді таза ұстау ретінде қабылдауымыз керек. «Таза Қазақстан» бағдарламасының негізгі идеясы – барлық қазақстандықтар қолдауы тиіс жаңа экологиялық және қоғамдық этиканы қалыптастыру», - деп атап өтті.

«Қазақстан студенттер альянсы» Жетісу облыстық филиалының төрағасы, эковолонтер Ескендір Имандос: «Сәуір айынан бастау алған «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында облыс жастарының ұйымдастыруымен 500 аса шара өтті. Жастардың бойына игі істерді дарыту барысында олардың қызығушылықтарын ескеріп, біз тазалық жұмыстарының пайдалы әрі қызықты бола алатынын көрсеткіміз келеді. Жастардың жаңа ортасы тазалыққа жақын болса, келесіде осы қатысушы өзінің тағы бір досын ертіп келеді. Сөйтіп, тазалыққа жақын, туған жерін аялайтын нағыз жанашыр жастарды қалыптастыра аламыз. Осы тұста «Таза Қазақстан» бағдарламасының қоғамға берері зор екенін айтқым келеді», - деді.

Айта кету керек, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Жетісу облысында жалпы 2 322 техника жұмылдырылып, нәтижесінде 12 822 тонна қоқыс шығарылды. 193 саябақ пен скверді, 721 тарихи-мәдени ескерткіштерді тазарту жұмыстары жүргізілді. Бағдарлама аясында облыс аумағында 56 мыңнан астам түп көшет отырғызылды.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы Жетісу облысында белсенді түрде ұйымдастырылып, тұрғындар тарапынан зор қолдауға ие болды.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.