Валюта бағамы
  • USD -

    503.1
  • EUR -

    544
  • RUB -

    5.95
Қазақстанға Қытайдан әкелінген көлік 2 есеге өсті
17 сәуір 2024
Қазақстанға Қытайдан әкелінген көлік 2 есеге өсті

Қазақстанға қытайлық жеңіл көліктердің импорты өсуде. 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қытайдан 10,1 мың автокөлік әкелінді. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен екі есеге көп, деп жазады Data Hub телеграм каналы.

Канал бұл ақпаратты ҚР Ұлттық статистика бюросы берген ақпаратақ сүйеніп таратты

Екі ай ішінде Қазақстанға импортталған жеңіл автокөліктердің жалпы саны 20 мың бірлікті құрады. Осылайша, елге шетелден жеткізілетін әрбір екінші көлік Қытайда шығарылған.

Үш ірі жеткізуші күш біріктіргеннен кейін де Қытаймен бәсекеге түсе алмаған. Олардың үлесі 42% құрады: 

АҚШ – 19% (3,7 мың бірлік); 

Жапония – 15% (3 мың бірлік);

Корея – 8% (1,6 мың бірлік).

RELATED NEWS
Қытай басшысы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
02 шілде 2024
Қытай басшысы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды Ақорда.

Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін әуежайда Құрмет қарауылы ротасы сап түзеп тұрды. Сондай-ақ Қазақстан мен Қытай халықтарының шынайы достығының белгісі ретінде балалар екі елдің жалауын желбіретіп, қошемет көрсетті.

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Астанаға мемлекеттік сапармен келді
Фото: Ақорда
ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Астанаға мемлекеттік сапармен келді
Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында қарсы алды
Фото: Ақорда

Балалар Төраға Си Цзиньпин бастаған ҚХР делегациясына ілтипат білдіріп, қытай тілінде ән шырқады. Сапар аясында жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр. 

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Астанаға мемлекеттік сапармен келді
Фото: Ақорда
ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Астанаға мемлекеттік сапармен келді
Фото: Ақорда

Бұған дейін хабарланғанындай, 2-4 шілде күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Ол сондай-ақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады.

Бір-біріне басты сауда-экономикалық серіктеске айналған қос мемлекеттің басшыларының кездесуінде қандай мән бар? Kazinform тілшісі талдап көрді. 

Қазақстанға ең көп мигрант Қытайдан келеді
27 мамыр 2024
Қазақстанға ең көп мигрант Қытайдан келеді

Қазақстан аумағында 13 733 шетел азаматы еңбек етеді. Бұл туралы Еңбек министрлігі хабарлады.

Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 564 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімше басшылары үшін 2 599 рұқсат (екінші санат).

Тартылған шетелдік жұмыс күшінің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады — тиісінше олар 5 592 және 549 адам.

Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 639 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 2 790 адам тартылды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 762 жұмыс беруші бар.

Онда 455,5 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл — қызметкерлердің жалпы санының 99 пайызы.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында — 4 222 адам (30,7%), ауыл, орман және балық шаруашылығы — 1 686 адам (12,2%), әкімшілік және көмекші қызметтер — 1 652 (12%), тау — кен өнеркәсібі және карьер қазу — 1 276 адам (9,2%), өңдеу өнеркәсібі — 1 300 адам (9,4%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет — 806 адам (5,8%).

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай — 4 059 адам (29,6%), Өзбекстан — 1 815 адам (13,2%), Үндістан — 1 192 адам (8,6%), Түркия — 1 068 адам (7,7%).

Естеріңізге сала кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі.

2024 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,23% немесе 22 мың мөлшерінде белгіленді.

 

Қытай шетелдіктерге бала асырап алуға тыйым салды
07 қыркүйек 2024
Қытай шетелдіктерге бала асырап алуға тыйым салды

Қытайда шетелдіктердің бала асырап алу тәжірибесін тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ВВС.

Қытай СІМ өкілі Мао Нин Бейжің бұдан былай шетелдіктерге елде бала асырап алуға рұқсат бермейтінін айтты, тек қандас туыстары бала немесе өгей баланы асырап алуы мүмкін. 

Пекин сонымен қатар шетелдік үкіметтер мен отбасыларға Қытай балаларын асырап алғысы келгені үшін алғыс айтты. Соңғы 13 жылда шетелдіктер кем дегенде 150 мың қытай баласын асырап алды. Олардың көпшілігі Америка Құрама Штаттарына кеткен, Америкалцқ отбасылар Қытайдан 82 674 бала асырап алды.

Қытай шетелдіктердің бала асырап алуына тыйым салды

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.