Валюта бағамы
  • USD -

    519.7
  • EUR -

    540
  • RUB -

    5.31
Қазақстанда «Атлетико Мадрид» футбол академиясы ашылады
Ақорда 11 маусым 2024
Қазақстанда «Атлетико Мадрид» футбол академиясы ашылады

Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» футбол клубының президенті Энрике Сересо Торресті қабылдады. Президентке елімізде «Атлетико Мадрид» футбол академиясын ашу жобасы таныстырылды, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев испаниялық клубтың футбол әлеміндегі беделі зор екенін атап өтіп, Қазақстанда спорттың осы түрін дамытуға және тәжірибе алмасуға қызығушылық танытқаны үшін Энрике Сересо Торреске алғыс білдірді.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанда футболды дамытуға айрықша назар аударылады.

Қазір еліміздегі спорт мектептерінде, футбол секцияларында 40 мыңға жуық бала жаттығады. 

Сондай-ақ инфрақұрылым жақсартылып, жаңа стадиондар салынуда.

жиын
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев футболды дамытуға бағытталған бұл бастамаға мемлекет жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.

Энрике Сересо Торрес «Атлетико Мадрид» футбол академиясы әлемнің көптеген елінде ашылғанын жеткізді.

атлетико мадрид
Фото: Ақорда

Академияда дарынды футболшыларды тәрбиелеумен қатар, оларды әлемдік футбол лигаларына шығару үшін үздік тәжірибелерді енгізуге, жаттықтырушылар мен тәлімгерлердің біліктілігін арттыруға мән беріледі.

«Атлетико Мадрид» футбол академиясы Алматы облысы Талғар қаласындағы «Akbulak» олимпиада орталығының базасында құрылмақ.

Кездесу соңында Энрике Сересо Торрес Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Атлетико Мадрид» ойыншыларының қолтаңбасы қойылған жейде сыйлады. 

RELATED NEWS
Қысқы Универсиада: Қазақстандық фристайл-могулдан чемпион атанды
14 қаңтар 2025
Қысқы Универсиада: Қазақстандық фристайл-могулдан чемпион атанды

Италияның Турин қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиадада фристайл-могулдан қазақстандық Анастасия Городко чемпион атанды, деп хабарлайды Ulys Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Финалға бірінші орынмен шыққан А.Городко ең жоғары ұпаймен (79,79) алтын медальға ие болды.

Жапониялық Харука Накао 76,29 балмен екіншіорынға ие болды.

Германиялық Ханна Вессе (75,04 балл) үздік үштікті түйіндеді.

Қысқы Универсиаданың ашылу салтанатында ту ұстап шыққан Аяулым Әміренова бұл бәсекеде 70,52 балмен бесінші орынға табан тіреді.

Айта кетейік, қысқы Универсиадада бүгін қазақстандық жастар үш спорт түрінен сынға түсуде.

Париж Олимпиадасына 80 спортшы барады
09 шілде 2024
Париж Олимпиадасына 80 спортшы барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевты қабылдады, деп хабарлайды Ulys Ақордаға сілтеме жасап.

Ермек Маржықпаев президентке Қазақстан құрамасының ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына дайындығы туралы есеп берген.

Дереккөзге сүйенсек, Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 25 түрінен 92 лицензия иеленген. Парижде барлығы 80 спортшы ел намысын қорғайды.

«Мемлекет басшысы Олимпиада ойындарының спортшыларымызға зор жауапкершілік жүктейтінін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан құрамасы әлем алдында мәдениетті, ұстамды әрі озық үлгілерімен ерекшеленуге тиіс екеніне назар аударды», - делінген хабарламада.

Қазақстандық Паралимпиада ойындарының күміс жүлдесін алды
31 тамыз 2024
Қазақстандық Паралимпиада ойындарының күміс жүлдесін алды

Қазақстандық пара спортшы Еркін Ғаббасов Паралимпиада ойындарының күміс жүлде алды, деп хабарлайды Ulys Паралимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Финалда R1 классында винтовкамен 10 метрге пара нысана көздеуден сынға түскен отандасымыз 247.7 ұпай жинап, күміс жүлде жеңіп алды. 

Алтын медальды 249.4 ұпай жинаған Корея спортшысы Парк Дж, ал қола медаль 226 ұпай жинаған Дания елінің спортшысы еншіледі. 

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.