Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, 9 маусымда болатын Қазақстан Республикасы президенттік сайлауына үмікер ретінде тағы екі кандидатты тіркеді. «Ұлт тағдыры» бірлескен ұлттық-патриоттық қозғалысы» қоғамдық бірлестігі ұсынған үміткер Әміржан Қосановты Президенттікке кандидат ретінде тіркеуге қажетті Орталық сайлау комиссиясына ұсынылған барлық құжаттар қойылатын талаптарға толық сәйкес келеді деп танылып, тиісті куәлік берілді. Сонымен қатар, «Қазақстан Коммунистік Халық партиясы» ұсынған үміткер Жамбыл Ахметбеков те тиісті талаптарға сай келетіндіктен ОСК-ге тіркеліп, арнайы куәлік берілді.
Есірткіге қарсы ортақ стратегия, терроризм, сепаратизм, экстремизм сияқты қауіпті құбылыстармен бірлесіп күресу, энергетика саласындағы ынтымақтастық, ақпараттық қауіпсіздік, тату көршілік, ауызсу қауіпсіздігі, қоршаған ортаны бірлесіп қорғау. Астанадағы Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің практикалық қырын бір сөйлеммен осылай түйіндеуге болады. Мұның бәрі, айналып келгенде, елдегі тұрақтылыққа тұтқа болатын өзекті мәселелер.
ШЫҰ Астана саммитін Қытай мен Ресейге кіріптар елдердің басшылары жиналатын кезекші жиындардың бірі ретінде сипаттаушылар саммитте қол қойылған 25 құжаттың ішінде біз атаған мәселелер бойынша уағдаластықтар қайта өзектендірілгенін назарға ала бермейді.
Есірткі саудасы бір елдің ішінде ғана жүретін тұйықталған нарық емес. Маңайдағы елдердің ішкі тұрақтылығы қаншалықты осал болса, іргелес елдердің өзара татулығы қаншалықты әлсіз болса, есірткінің трансұлттық саудасы соғұрлым өрши бермек. Бір шетінде Ауғанстан тұрған Орталық Азия үшін бұл мәселе ерекше маңызды болатыны содан.
Шанхай ондығының аясында террорзим мен сепаратизмге қарсы ынтымақтастық орнату осы тұрғыдан маңызды. Қазақстандағы сепаратизмнің қатері туралы ойлансақ, есімізге елдің тұтас бір өңірлерін Ресейдің субъектісі етуге құштар ылаңшылардың сотталып жататыны түседі. Шанхай ұйымындағы әріптес ретінде Мәскеумен арада осындай келісімінің болғаны да біраз істе еркінірек әрекет етуге жол ашады.
Ресейдің Өзбекстан мен Қазақстанға газ одағын құруды ұсынып жүргеніне де біраз болды. Ал Қазақстан елдің шығысы мен солтүстігіне Омбы мен Орынбордан газ тарту үшін Қытайды да ойынға қосу қажет деген ұстанымда отыр. Оның қисыны мынандай, Қазақстан Ресейден алған газдың бір бөлігін оңтүстіктегі газды Қытайға жіберу арқылы өтейді. Есесіне Ресей Қытай алдындағы газ міндеттемесін орындауда тасымал шығынын қысқартады. Мұндай жүйе Ресей газына жалғанған Қазақстанның елді мекендері ай мен күннің аманында көгілдір отынсыз қалмауына кепілдік болады. Осы тұрғыдан алғанда ШЫҰ аясындағы энергетикалық ынтымақтастық Қазақстанның солтүстігі мен шығысын газдандыруда маңызды рөл атқармақ.
«Өзбекстан ресейлік «Росатом» компаниясымен бірге Шардара су қоймасынан жақын жерде атом электр стансасын салуға кірісіп кетті. Ал Қазақстан биыл күзде АЭС салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өткізбекші. АЭС технологиясы ШЫҰ-дағы тағы бір ойыншы – Қытайда да бар. Қазақстанда АЭС салуға әлеуетті ресми вендерлердің ішінде Франция, Оңтүстік Корея, Ресеймен бірге Қытай да бар. АҚШ-тың АЭС саласындағы технологиясы да Қазақстан тарапынан мұқият зерттеліп жатыр. Әзірше бізде салынуы мүмкін АЭС Балқаштың іргесіндегі Үлкен кентінен бой көтереді деп көзделіп отыр. АЭС салысатын елі ретінде Қытай мен Ресейдің бірі болса, Бейжіңнің трансшекаралық Іле өзені құятын Балқаштың бойынша АЭС салуымызға келісім беруі оңайлайды. Ал Оңтүстік Корея, Франция, АҚШ технологиясы таңдалса, дипломатиялық диалог қажет болатыны сөзсіз. ШЫҰ аясындағы энергетикалық ынтымақ осы тұрғыдан қажет дүние.
Астана саммитінің «ШЫҰ+» форматындағы кездесуінде сөз сөйлеген Біріккен Ұлттар ұйымының бас хатшысы Антониу Гуттериш жасанды зейіннің қатері туралы біраз ой айтты. Бұл технология бойынша әлемде көш бастап тұрған елдердің алдыңғы қатарында ШЫҰ-ға мүше Қытай мен Үндістан бар.
Шығыстану институтының ғылыми қызметкері, қытайтанушы Олжас Бейсенбаев осы екі елдің технологиясын пайдалана отырып, интернет алаяқтық, онлайн қаржы пирамидалары сияқты кибер қылмыстарды тежеуге болатынын айтады.
ІТ-сарапышлар суперкомпьютер технологиясын тиісті деңгейде меңгермеген елдер озық елдердің алдында цифрлық егемендігін жоғалтуы мүмкін екенін айтып жүр. Олжас Бейсенбаев ШЫҰ алаңын пайдаланып, суперкомпьютер ғылымын жетілдіруге болатынын айтады.
«Кейбір халықаралық сараптамаларда цифрлық егемендік туралы айтыла бастады. 2023 жылы киберқылмыстың кесірінен бүкіл әлемде 5 миллиард доллардай шығын келген дейтін деректер бар. Біз өзіміздің кибер кеңістігімізді қорғау жайында ойлануымыз керек. ШЫҰ аясындағы киберқауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты бұрынғыдан да маңызды етеді», - дейді қытайтанушы.
Сондай-ақ, ол «ШЫҰ аясындағы уағдаластықтарды пайдаланып өз мамандарымызды Қытай мен қоса Үндістанға ғылыми тағылымдамадан өткізуге болатынын еске салады.
«Спутник, робот технологияларында, суперкомпьютер бағыттарында Қытайдың көш басында тұрғанын білеміз. Үндістан да ІТ-технология алдыңғы орында. Сондықтан осы салаларда өзара білім бөлісуміз қажет. Мұның бәрі өз ішіміздегі цифрлық теңсіздікті азайтуға септігін тигізеді. Өйткені Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы цифрландыру деңгейін қиырдағы ауылдардың жағдайымен салыстыруға келмейді. ШЫҰ аясындағы уағдаластықтарды пысықтаған кезде әсіресе шекаралық аймақтарды цифрландыру мәселесін алға шығарып отыру керек», - дейді шығыстанушы.
Ғалым айтқан бағыттардың бәрін ШЫҰ аясындағы ақпараттық қауіпсіздік шаралары арқылы іске асырудың мүмкіндігі бар.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметі бойынша, Қазақстандағы су қорының 46 пайызы трансшекаралық өзендер арқылы көршілес елдерден кіреді. Ал бізбен су бөлісіп отырған көршілес елдердің бәрі ШЫҰ аясындағы әріптес мемлекеттер. Астана саммитінде қол қойылған 25 құжаттың ішінде ауыз су қауіпсіздігіне жеке құжаттың арналуы осы тұрғыдан маңызды.
Мысалы, Ертіс мәселесіне келгенде Бейжің өзен ортасындағы Қазақстанмен де, аяғындағы Ресеймен де жеке-жеке келісуді жөн көреді. Мұндай тәсіл тиімсіз болып жатқан жағдайда ШЫҰ аясындағы диалогқа шақыру орынды болуы мүмкін.
Бауырлас елдер саналатын Өзбекстан мен Қырғызстаннан да су алу мұқият дипломатияны қажет етіп отыр. Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі Хельсинки конвенциясын Ташкент қабылдағанымен, Бішкек әлі мойындамаған. Қазіргі экономикалық тетіктер су дипломатиясына жарамсыз болған жағдайда ШЫҰ аясындағы уағдаластықтарды алға шығаруға болады.
ШЫҰ аясында экологиялық проблемаларды бірлесіп шешудің де бізге берер тұсы көп. Өйткені әлемдегі қоршаған ортаны ең көп ластайтын экономиканың бірі – Қытай нарығы іргемізде тұр. Ал Өзбекстанмен Аралды құтқару бағытындағы ықпалдастықтың жан-жақты құжатталып, қатталғаны маңызды. Біздің елдің аумағында Ресейдің зымыран қалдықтары құлайтынын ескерсек, бұл мәселені Мәскеумен ШЫҰ аясында да қозғауға да мүмкіндік бар.
ШЫҰ-ның Астана саммиті Қазақстанның өзіне не үшін қажет болды деген сұраққа осылай жауап беруге болады.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы 1996 жылы «Шанхай бестігі» ретінде құрылса, 2001 жылы ШЫҰ ретінде жасақталды. Ал кешегі Астана саммитінде мүше мемлекеттердің саны 10 ға жетті. Олар: Қазақстан, Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Беларусь.
Былтыр ұйымға Бахрейн, Кувейт, Мальдив аралдары, Мьянма және Біріккен Араб Әмірліктері диалог серіктестері ретінде қосылса, биыл Қатар әмірі мәртебелі мейман ретінде қатысты. Демек, ұйым араб әлемімен де етене араласа бастады.
«2021 жылы ШЫҰ мүшелерінің жиынтық ЖІӨ шамамен 23,3 трлн долларға жетті, бұл әлемдік ЖІӨ-нің шамамен 25 пайызын құрайды, бұл 2001 жылы құрылғаннан 13 есе көп. ШЫҰ мүшелерінің жалпы сыртқы саудасы 2021 жылғы жағдай бойынша 6,6 трлн долларды құрады, бұл 20 жыл бұрынғыдан 100 есе көп», - дейді қытайтанушы Олжас Бейсенбаев.
Қазақстанның ұйымның саммитерінде экономикалық мәселелерді де күн тәртібіне шығаруға жиі бастама көтеруінде осындай да себеп бар.
Бұдан бөлек Қазақстан қоғамдық даму институтының сарапшысы Дамир Белгібаев Астана декларациясы жалпы ШЫҰ дамуына өзінің айтарлықтай үлесі барын айтты.
«Шанхай ынтымақтастық ұйымы құрамындағы мемлекеттер саны өсіп, ұйымның аумағы кеңейіп келеді, яғни әлемдік ұйым ретінде танылып келеді деген сөз. Астана өтіп жатқан саммитке БҰҰ Бас хатшысының келуі Қазақстанның әлемдік аренадағы беделінің көрінісі деп білем. Менің ойымша, оның сапары әлемдегі елеулі проблемаларды бірігіп шешудің жолдарын табуға арналған. Жалпы ұйымның абыройы мен дамуына бүгінгі Астана декларациясының да ықпалы болады. Қазақстан аталған ұйымға төрағалығы барысында бір жыл ішінде 150-ден астам іс-шара ұйымдастырып, ауқымды жұмыс атқарылды. ШЫҰ-да шарттық база 60 жаңа құжатпен толықты. Соның арасында экономикалық, мәдени, экологиялық қауіпсіздік, көлік, технология саласындағы тақырыптар қамтылды. Бұл өңірлер арасындағы тұрақтылық пен өзара тиімді қарым-қатынасты кеңейтуге өзінің айтарлықтай үлесін тигізеді», - дейді Дамир Белгібаев.
ШЫҰ-ның Астана декларациясы - тұрақтылық пен тыныштықтың кепілі болып отыр дейді сарапшы мамандар.
«Тұрақтылық, қауіпсіздік саласында қабылданған шешімдер бұлар мемлекетімізге қауіп төндіретін түрлі қақтығыстардың алдын алу. Яғни осы ұйымға мүше мемлекеттер бірлесе жұмыс істей отырып, шекаралық аймақтағы, мемлекеттің ішіндегі, географиялық еуразиялық өңірдегі тұрақтылықты қамтамассыз етеді», - дейді Қазақстан қоғамдық даму институтының тағы бір сарапшысы Бауыржан Серікбаев.
Қорытындылай айтататын болсақ, Астанада өткен ШЫҰ жоғары деңгейде өткен халықаралық шаралардың бірі болды деуге толық негіз бар. Оның үстіне саммитке БҰҰ Бас хатшысының қатысуы ұйымның ықпалы мен беделін арттыра түсті.
Бүгін Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу жобасы жеңімпаздарының есім жарияланды. Олардың орташа жасы — 31. Алдағы уақытта мемлекеттік қызметтің биік баспалдақтарынан көрініп, ел дамуына жаңаша серпін береріне сенім мол. Жеңімпаздардың алды бүгін жаңа қызметке тағайындалды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының Өкімімен Әркен Хамитұлы Өтенов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды. Сонымен 7300-ден астам бақ сынаушы арасынан суырылып шығып, 5 кезеңнен сүрінбей өткен 300 мықтының тізімі төменде.
ІРІКТЕУДЕН ӨТКЕНДЕР:
1 Бектуров Ренат Нурмолдаевич
2 Рысмагамбетов Ернур Буркитбаевич
3 Шаяхметов Сакен Беймбетович
4 Суентаев Дамир Серкбаевич
5 Теренченко Илья Сергеевич
6 Нуртазин Ануар Абаевич
7 Zhanadil Yernar Beisenuly
8 Киманов Улыбек Булатович
9 Сағынаев Айбек Ролланұлы
10 Мақсатов Нұржан Сұлтанғалиұлы
11 Дюсембаев Медет Шарипханович
12 Абдибеков Азат Нурмухамбетович
13 Жумагулов Жусуп Рахатович
14 Ажгалиев Тимур Рапхатович
15 Оңласов Әсет Жақсыбекұлы
16 Споткай Максим Александрович
17 Оразбеков Саятбек Каирбекович
18 Данилов Александр Сергеевич
19 Шаменов Абдильда Атамуратович
20 Ахметов Серик Жетписпаевич
21 Чиналиев Марат Газизович
22 Нуриденулы Максат .
23 Бейсекин Аян Уахитович
24 Раимкулов Кайрат Мирбулатович
25 Абсаметов Нариман Малисулы
26 Ахматолла Алмат Маулетханұлы
27 Уапов Багдат Берикович
28 Тлеумуратов Нурхан Жасуланович
29 Хусаинов Алибек Жумабекович
30 Клышбеков Аскар Жаркеевич
31 Парсегова Анжелика Борисовна
32 Утюбаев Ержан Габдулрахимович
33 Адамбеков Тилектес Серикбаевич
34 Баялиев Алим Дауренович
35 Уразаков Султан Куанович
36 Оралов Асхат Раздыкович
37 Букейханов Нуралы Алимович
38 Альмухаметов Айбек Мейрамбекович
39 Омарбеков Бауыржан Бақытұлы
40 Батпенов Саят Нурланович
41 Алимкулов Бекжан Мухидинұлы
42 Коняшкин Ростислав Анатольевич
43 Нурпеисов Асат Булатович
44 Еликбаев Куаныш Нурланович
45 Акышов Алмат Талгатович
46 Альжанов Дастан Куандыкович
47 Жанахметов Алибек Жанахметович
48 Балыкбаев Руслан Алибекулы
49 Макажанова Жансулу Ермухановна
50 Оспанов Ильяс Есетович
51 Ерназар Шынасыл Женисулы
52 Кенжеханұлы Ермек -
53 Давлетов Олжас Булатович
54 Жолманов Азамат Сагатович
55 Тамабек Әбілхайыр Ғалымұлы
56 Жангозин Ануар Канатович
57 Бакшилов Бауыржан Бахытжанович
58 Абылханов Ержан Довулбаевич
59 Тюлюбаев Зекаил Маратович
60 Нуржанова Жанар Нуржановна
61 Махамбетов Асет Кенесбекович
62 Аксубаев Арман Серикович
63 Куантыров Алибек Сакенович
64 Утепов Ардак Тултаевич
65 Баймуканов Аскар Каиржанович
66 Каримов Станислав Александрович
67 Айтжанов Жантөре Жарылкасынұлы
68 Анисимов Алексей Сергеевич
69 Мусин Дамир Маратович
70 Кәрібек Дәулет Жамаубайұлы
71 Медетов Расул Махмудович
72 Нурахметов Ануар Ержанович
73 Оразбай Мұрат Асқарұлы
74 Сулейменов Марат Кавылвекович
75 Абдешов Олжас Жапарбекович
76 Тоганбаев Нурлан Бахытжанович
77 Смагамбетов Даулет Серикович
78 Сулейменов Ернар Нурканович
79 Шаймарданов Жандос Нурланович
80 Токтагулов Ержан Даулетович
81 Даданбаев Ерболат Серикович
82 Қармыс Ғазиза Сағындыққызы
83 Сакенов Олжас Берлесович
84 Абуов Болат Нурланович
85 Казжанов Арыстан Жасуланович
86 Куантыров Ермек Сакенович
87 Даниярова Дина Едилевна
88 Султанов Назар Орынбасарович
89 Ибрайкулов Олжас Аскарович
90 Калдыбеков Азамат Бескемпирович
91 Аманбаев Талгат Жолдымуратович
92 Ямалтдинов Рамиль Рашадович
93 Торегельдин Мурат Маратович
94 Асафов Михаил Викторович
95 Закиев Адилет Болатулы
96 Жумагулов Ануар Маратович
97 Игликова Назым Маргулановна
98 Утенов Аркен Хамитович
99 Аринова Айжан Бейбытовна
100 Бирназарова Асель Ниязовна
101 Джанзакова Гульжанат Жамшитовна
102 Алибаев Нариман Серикович
103 Жаксимбетов Нурлан Ибрагимович
104 Компаниец Сергей Евгеньевич
105 Куаншалиев Бауыржан Сейтжанович
106 Толешов Меирхан Бурханбекович
107 Кунанбаева Жулдуз Жусуповна
108 Ниеткалиев Анвар Берикович
109 Рахымхан Диас Ерланович
110 Шуженов Даниар Жумагулович
111 Токсеитова Галия Ерлановна
112 Елекеев Ержан Иракович
113 Искаков Азиз Ержанович
114 Тайганов Нурлан Болатович
115 Саттыбаев Айбек Берикович
116 Саенко Александр Игоревич
117 Тұрғаналы Рустам Мухтарұлы
118 Туякбаев Куат Ерсингазыулы
119 Баймаханов Миржан Рустемдостанович
120 Жакенов Мади Арланович
121 Ахметкалиев Махсат Бейсембекович
122 Алекпаров Арман Юсупович
123 Ерболганов Абзал Турысбекович
124 Күлжан Мұхтар Төлегенұлы
125 Сулейменова Зульфия Булатовна
126 Әділова Ләззат Әділқызы
127 Мусилимов Ерлик Ергалиевич
128 Сарсенбаева Асель Ерболовна
129 Сагындыков Нурсултан Ермекович
130 Сапанов Дархан Бакытжанович
131 Смаилов Нурсултан Сагындыкович
132 Сейдемет Камила Рүстемқызы
133 Демесинова Лаура Баглановна
134 Какишев Жанболат Жандарбекович
135 Елибаев Марат Талгатович
136 Ахмедьяров Алибек Газизович
137 Ибагаров Марат Канатбаевич
138 Молдабаев Жарас Умурбаевич
139 Абишева Айдана Максутовна
140 Габдулкалиев Маулен Сакенович
141 Байедилов Айдын Конысбекович
142 Мендебаев Тимур Алматович
143 Мурзатаев Ильяс Кемильханович
144 Тукибаев Сакен Галымович
145 Сакенов Алмас Берлесович
146 Акжаров Бахытжан Кожанбердыулы
147 Агабеков Олжас Пернеханович
148 Ахметов Данияр Бахтиярови
149 Бейсенбай Дархан Бауржанұлы
150 Алпысов Мейир Серикович
151 Байтленов Серик Абдыханович
152 Райымбеков Дінмұхамбет Бахытұлы
153 Корабаев Елжас Кайратович
154 Шаймарданов Абылайхан Нурланович
155 Туракбаев Куаныш Ергазыулы
156 Мухамадиев Ернат Архатович
157 Шыныбеков Куатжан Канатович
158 ОВЕЧКИНА ЮЛИЯ РУСЛАНОВНА
159 Тундукпаев Султан Саидович
160 Гусев Кирилл Игоревич
161 Каипов Ермек Талгатович
162 Досмухамбетов Болат Махамбетович
163 Избасканов Уалихан Батырович
164 Рахимжанов Даурен Галымович
165 Платов Владимир Анатольевич
166 Сейлханов Махмуд Буркитович
167 Омарбеков Талант Кенжебекович
168 Мутали Абуталип -
169 Нагым Салим Жанабайулы
170 Шералиев Мейіржан Нұртай ұлы
171 Хамбаров Руслан Геннадьевич
172 Пирметов Мақсутбек Сыздықұлы
173 Курманбаев Сакен Сарыбаевич
174 Манасов Берик Жамбулович
175 Атажан Ерлан Кайратұлы
176 Байтилесов Нурсултан Толенович
177 Абдухалиұлы Дидар -
178 Мухаметкалиев Бахтияр Абаевич
179 Уралов Болатбек Умербекович
180 Казантаев Даурен Ганибекович
181 Нургалиев Жанат Серикович
182 Аукешев Бекасыл Капбасович
183 Поддубный Дмитрий Владимирович
184 Акжалов Касымбек Бесембекович
185 Тажекенов Миржан Амангельдиевич
186 Бейсенбекұлы Абзал .
187 Нуриев Олжас Бердібайұлы
188 Уәли Бауыржан Құдайбергенұлы
189 Асанұлы Ғанижан -
190 Раева Аянай Мұхитқызы
191 Адахаев Асет Садыкулы
192 Нуртазаев Сакен Рустемович
193 Сагиев Еркебулан Газизович
194 Бекинов Нурсултан Берикович
195 Досхожаев Ильяс Алмасханович
196 Дюсенбинов Арман Есильбаевич
197 Кабдрашитов Азат Рашитович
198 Рамазанов Самат Маратович
199 Аслялиев Тахир Жастлекович
200 Есенбекова Гульнур Боранбаевна
201 Курмалаев Нурлан Саиынович
202 Абдикаримов Абзал Алиевич
203 Ахметов Маркен Кентаевич
204 Аманбаева Айгерим Акдапрбековна
205 Сальменбаев Эльдар Чингизханович
206 Қаскеев Сырымбет Ерденұлы
207 Бейспеков Азамат Омирзакович
208 Картов Алишер Ерланович
209 Әбдімәулен Диас Ғаниұлы
210 Жахин Арман Серикпаевич
211 Карабалаев Акылбек Жамалбекович
212 Ускенбаев Азамат Алшериевич
213 Ашимов Аскат Бейсенбаевич
214 Рыстина Индира Садыбековна
215 Белгибердин Тлеубек Белгибердыулы
216 Медетбеков Мейржан Муратбекович
217 Тургамбаев Арсен Ануарбекович
218 Сериков Нурбек Нуржанович
219 Муканов Сабит Сейткалиевич
220 Буранбаев Еркебулан Сагатович
221 Дубирова Жаннат Балгабаевна
222 Жазыкбаев Дияр Серикович
223 Рыспеков Дастан Адаевич
224 Кабаев Дидар Дауырович
225 Шинтаев Олжас Маратович
226 Жумагалиев Ардак Кайсарулы
227 Карибай Асия Сергеевна
228 Сарсенгалиев Асет Айтбаевич
229 Тезекбаев Арсен Буранбаевич
230 Жанадил Дина Жайлаубаевна
231 Кульметов Спандиярхан Маратович
232 Ыдырыс Әлібек -
233 Жумагулов Мейрам Темирболатович
234 Нуралиев Айдар Аллабергенович
235 Какпенов Данияр Сакенович
236 Конкаков Алибек Туленулы
237 Шанбаев Ильяс Сагындыкович
238 Имажанов Бахытжан Гылымбекович
239 Джангозин Казбек Мухитович
240 Абсаликов Жанибек Куттыбекович
241 Утешов Данияр Сандыбаевич
242 Асанов Азамат Канатович
243 Қадыр Әділқайыр Оразқайырұлы
244 Байсултанов Ринат Маратович
245 Сейтказинов Санжар Дюсембаевич
246 Кожахметов Мурат Маратович
247 Серікбай Нұрсұлтан Бейбітұлы
248 Көшкінов Бахтияр Ержанұлы
249 Бижан Ануар Димашұлы
250 Ахмедиев Дархан Мейрамович
251 Ширанов Акзан Рашидович
252 Мынжанов Ернар Сеитович
253 Уранхаев Нуржан Нурланович
254 Манаев Олжас Абуталипович
255 Мукажанова Асем Нурлановна
256 Турлубаев Максат Кайратович
257 Жанабеков Нурбол Мейрамович
258 Елеусинов Сабыржан Бауржанович
259 Шаяхметов Алишер Калантаевич
260 Ибраимов Руслан Камбарулы
261 Николаева Арина Николаевна
262 Қанашаев Даулет Есенбайұлы
263 Кузембаева Айнур Муташевна
264 Сыздыков Ерлан Амангельдыевич
265 Кашиев Азамат Совхозбаевич
266 Оспанов Айдаржан Мухамедкалиевич
267 Ниязов Ернар Дулатович
268 Турганбаев Адилет Ерболатович
269 Абдрахманова Айнагуль Жайнагановна
270 Мырзахметов Кайрат Жаксыкулович
271 Токжанов Дамир Жакенович
272 Шарипов Нурлан Сакенович
273 Манатбаев Асхат Койшыбекович
274 Нахбаева Гулисхан Сайфулинқызы
275 Уразова Арай Асылбековна
276 Уакбаев Бектур Маратович
277 Ауганов Гибрат Кайратович
278 Ахметова Роза Муратовна
279 Нығметов Еркін Талғатұлы
280 Курманова Бибигуль Бисенгалиевна
281 Черияздан Алибек -
282 Нурмуканов Елдар Айткалиевич
283 Абдуалиев Азамат Сагандыкович
284 Жазитов Тимур Айдарович
285 Калдыгужин Даулет Куатович
286 Нургалиев Нурым Нуржанович
287 Габбасов Руслан Оринбаевич
288 Алмахова Аяужан Ералыевна
289 Джатабаев Максат Муратович
290 Карабатыров Алтынбек Амырбекович
291 Балгабаев Бауржан Еркинович
292 Нуркимбаев Сагыныш Маратович
293 Есенаманов Адайбек Шакирович
294 Тынымкулова Дана Болатбаевна
295 Кайдарова Жанара Газизовна
296 Балыкбаев Нурлыбек Женисбекович
297 Мукитанов Данияр Ерланулы
298 Айдарбеков Алибек Габитович
299 Қосымбаев Тимур Ернатұлы
300 Кабдушев Даулен Данатович
Бұрынғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин АҚШ-та жүр, деп хабарлайды Ulys.
«АҚШ-та жүргеніме бірнеше күн болды. Бұнда келуіме бірнеше себеп бар. Әрине, кәсіби мәселелерді отбасылық мәселелермен біріктіруге тырысамын)). Бұл жолы шағын топ боп келдік, сүйіктім Дина, кенже қызым Бірғаным және мен. Біріншіден, кез келген кәсіпті маман ретінде технологиялық дамудың алдыңғы қатарында болу маған да қызық. Сол себепті осы күндері Bay Area-да өтетін іс-шараларға қатысамын», - деп жазды Бағдат Мусин Facebook парақшасында.
Сондай-ақ, экс-шенеунік кенже қызының робототехника жарыстарына қатысатынын айтты.
«Дәстүр бойынша Digital Nomads-пен (біздің аймақтың Bay area-да орналасқан IT мамандарымен) кездесіп, түрлі әлеуметтік бастамаларды талқылаймыз. Кездесу біз құрған Silkroad инновациялық хабының қабырғасында өтеді. Мен еліміздің Спорттық бағдарламалау федерациясының басшысы болғандықтан, осы жылдың қыркүйегінде Астанада зияткерлік спортымыздан (спорттық бағдарламалау) әлем чемпионатының финалын өткізуге қатысты бірнеше ұйымдастырушылық мәселелерді шешуге барамын. Ол үшін мен ICPC басшысы Билл Поучермен және оның командасымен кездесемін», - дейді ол.
Одан бөлек, Б. Мусин АҚШ-тың бірнеше оқу орнын аралап көрмек.
«Сондай-ақ басқа елдерде цифрландырудың негізін қалыптастыру мәселесін талқылау үшін әртүрлі университеттердің профессорларымен кездесулер өткізуді жоспарлап отырмын. Өйткені Қазақстанның тәжірибесін одан әрі тарату қажет. АҚШ университеттері бұған қызығушылық танытады деп ойлаймын, сол сияқты түрлі қорлармен, компаниялармен кездесулер өтеді. Жалпы бұл сапарға жоспар көп. Барлығын орындауға мүмкіндігінше тырысамын», - дейді бұрынғы министр.
Еске сала кетейік, бір ай бұрын Бағдат Мусин Мемлекет басшысының жарлығымен лауазымынан босатылған еді.