Валюта бағамы
  • USD -

    533.1
  • EUR -

    550
  • RUB -

    5.19
ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ӨЗБЕКСТАННЫҢ ӨЛИЙ МӘЖІЛІС СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
05 қараша 2019
ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ӨЗБЕКСТАННЫҢ ӨЛИЙ МӘЖІЛІС СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Қазақстан Президенті Өзбекстанның Өлий Мәжіліс Сенатының Төрағасы Танзила Нарбаеваны қабылдады. Ақордадағы баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу кезінде екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Танзила Нарбаеваның сапары екі елдің парламентаралық байланыстарын дамытып, мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасқа тың серпін беретінін атап өтті.

– 2018 жылы сауда айналымы 2,5 миллиард долларды құрады. Ал биылғы 9 айдың өзінде өткен жылғы нәтижеден артық жетістікке жетіп отырмыз. Соған сәйкес, жыл соңында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда айналымының көлемі де арта түседі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент сәуір айындағы Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапарының нәтижесінде сауда-экономикалық байланыстарды нығайтып, өзара сауда айналымын біртіндеп 5 миллиард долларға дейін арттыру туралы келісімге қол жеткізілгенін айтты.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы көлік-транспорт байланыстарының, сондай-ақ, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастардың даму барысы жоғары деңгейде екенін атап өтті.

– Қазақстан мен Өзбекстан өзара ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытып қана қоймай, сонымен қатар, бірқатар мәселелер бойынша бірін-бірі толықтырып отырады. Сондықтан біздің өзара ықпалдастығымыз табысты болатыны сөзсіз. Оның үстіне, әріптесім, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен екі ел арасындағы ынтымақтастықты жан-жақты дамыту үшін белсенді жұмыс жүргізуге келістік, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.       

Танзила Нарбаева Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлық танытқаны үшін алғыс айтып, Шавкат Мирзиёевтің сәлемін жеткізді.

– Сіздің Қазақстан Президенті лауазымына сайлануыңыз – бұған дейінгі абыройлы қызметіңіздің нәтижесі. Сіз тәжірибелі дипломат, ықпалды басшы ретінде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның мемлекеттік қауіпсіздігін нығайту және экономикасын дамытуға бағытталған бастамаларын жалғастырып келесіз, – деді өзбек саясаткері.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентіне ізгі тілегін жолдады.

Суреттер akorda.kz сайтынан алынды.

RELATED NEWS
 Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы байланыстар түбегейлі өзгерді - Тоқаев
08 тамыз 2024
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы байланыстар түбегейлі өзгерді - Тоқаев

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ақорда.

Келіссөз алдында Ақордада елімізге мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды. Содан кейін президенттер шағын құрамда келіссөз жүргізді.

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентіне ілтипат білдіре отырып, бұл сапар екі ел арасындағы ынтымақтастық пен одақтастықты дамытуға тың серпін беретінін айтты.

– Қазақстан халқы Сіздің бүгінгі сапарыңызға үлкен мән беріп отырғанын атап өткім келеді. Мұның өзі көп дүниеден хабар береді. Жалпы, соңғы жылдары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы байланыстар жақсы жағына қарай түбегейлі өзгерді. Екі ел ынтымақтастығын нақты мазмұнмен толықтыруға бар күш-жігерімізді саламыз. Бүгін біз мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастық пен одақтастықтың негізгі бағыттарын айқындайтын құжаттарға қол қоямыз. Сондықтан бұл сапардың жөні бөлек, – деді Қазақстан Президенті.

Өз кезегінде Өзбекстан Президенті көрсеткен сый-құрметі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының маңызына тоқталды.

– Бұл сапар тарихи мәнге ие. Бүгінгі кездесуіміз екі халық арасындағы сан ғасырға жалғасқан достық және тату көршілік қатынастардың тінін нығайта түсіп, стратегиялық серіктестік пен одақтастық байланыстарды жаңа деңгейге көтереді, – деді Шавкат Мирзиёев.

Келіссөз барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, көлік-транзит, инвестиция, энергетика, ауыл шаруашылығы, су ресурстары, мәдени-гуманитарлық және өнеркәсіп кооперациясы салаларындағы ықпалдастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылады. Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді қарастырды.

Президенттер қазақ-өзбек қатынастары барлық бағыт бойынша өркендеп келе жатқанын атап өтті.

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ ПРЕЗИДЕНТТЕРІ ӨЗБЕКСТАНДА БАС ҚОСАДЫ
19 қараша 2019
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ ПРЕЗИДЕНТТЕРІ ӨЗБЕКСТАНДА БАС ҚОСАДЫ

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының екінші Консультативтік кездесуі 29-қараша күні Ташкентте өтеді. Бұл туралы Өзбекстанның сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов айтты. 

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ташкентте Орталық Азия елдерінің Сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан Сыртқы істер министрлері қатысқан. Олар Ташкентте өтетін Орталық Азия мемлекеттері басшыларының екінші Консультативтік кездесуіне дайындық барысын талқылады. Министрлер Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары консультативтік кездесуінің күн тәртібін, бірлескен мәлімдемесі мен регламентінің жобаларын нақты қарады. Сондай-ақ өңірлік өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың жай-күйі мен перспективалары талқыланды.

Орталық Азия бағытындағы маңызды ортақ жетістігі ретінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2018 жылғы 15 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында өткен ОА мемлекеттері басшыларының Жұмыс (консультативтік) кездесуі болды. Бұл – көп жылдар ішіндегі мұндай форматтағы алғашқы кездесу болып, оның барысында өңір елдерінің көшбасшылары бесжақты ынтымақтастықтың негізгі басымдықтарын анықтап, болашаққа жоспарлар белгіледі.

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді өз сөзінде Орталық Азия елдерімен жан-жақты кооперациялық байланыстарды дамыту және өңірдің маңыздылығын нығайту Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі басымдықтарының бірі болып табылатынын атап өтті. 

Кездесу қатысушылары өзбек тарапына іс-шараны сапалы ұйымдастырғаны және Өзбекстанның аймақтық интеграцияны одан әрі дамытуға бағытталған күш-жігері үшін алғыс білдірді.

 

 

Суреттер mfa.gov.kz сайтынан алынды. 

 

Бүгін - Өзбекстан Республикасының Тәуелсіздігіне 31 жыл толды
01 қыркүйек 2022
Бүгін - Өзбекстан Республикасының Тәуелсіздігіне 31 жыл толды

Айтулы күн тарихта, 1991 жыл 31 тамыз күні Өзбекстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік негіздері туралы Заңы қабылданып, оған сәйкес Өзбекстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінде ССР Өзбекстанды, бұдан әрі Өзбекстан Республикасы деп атап, 1 қыркүйекті Тәуелсіздік күні, деп жариялаған.

Бүгін Өзбекстан Республикасы Тәуелсіздігіне 31 жыл толды. Биылғы мерейтойлы мерекелік шаралар ашық алаңдар мен саябақтарда атап өтілді.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.