Валюта бағамы
  • USD -

    537.1
  • EUR -

    626.5
  • RUB -

    6.73
ҚАЗАҚСТАН-ӨЗБЕКСТАН ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КОМИССИЯСЫ 27 ҚҰЖАТҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ
22 маусым 2019
ҚАЗАҚСТАН-ӨЗБЕКСТАН ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КОМИССИЯСЫ 27 ҚҰЖАТҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесіп, Ташкентте екіжақты ынтымақтастық бойынша Бірлескен үкіметаралық комиссия отырысына қатысты. Қазақстан Премьер-Министрі баспасөз қызметінің хабарлауынша, үкіметаралық комиссия жұмысының қорытындысы бойынша жалпы сомасы $1,5 млрд-тан асатын 27 құжатқа қол қойылды.

 

Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин мен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесуі барысында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара іс-қимылдың барлық спектрлері бойынша екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

«Қазақстан Өзбекстанмен жан-жақты өзара тиімді байланыстарды кеңейтуді көздейді», — деп А. Мамин, бұған Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев пен Өзбекстан Президенті Ш. Мирзиеев берік негізін қалаған, екі ел арасындағы соңғы жылдары қалыптасқан шынайы стратегиялық серіктестік ықпал ететінін атап өтті.

ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы сәуірде Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапары барысында Қазақстан – Өзбекстан ынтымақтастығына елеулі қарқын берген маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілді.  

«Бізді ынтымақтастықтың барлық бағыттары, оның ішінде сауда-экономикалық саладағы бағыттар бойынша оң динамика қуантады. Біз стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға мүдделіміз», — деді ӨР Президенті Ш. Мирзиеев.

ҚР Премьер-Министрі көлік және транзит, инвестициялық ынтымақтастық, ауыл шаруашылығы, энергетика, қорғаныс-өнеркәсіптік сала, цифрландыру, туризм, мәдени-гуманитарлық байланыстар саласындағы зор перспективаларды атап өтті.

Ташкентте Қазақстан Премьер-Министрі өзінің өзбек әріптесі А. Ариповпен ҚР мен ӨР арасындағы екіжақты ынтымақтастық бойынша XVIII Бірлескен үкіметаралық комиссия отырысына қатысты.

https://primeminister.kz/assets/media/img-2820-ok-2.jpg

Комиссия отырысы екі елдің мемлекеттік органдарының басшылары мен бизнес қауымдастықтары өкілдерінің қатысуымен өтті.

«Өзбекстан – Қазақстанның үшінші сауда серіктесі», — деп ҚР Премьер-Министрі, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын айтты.

Өзбекстан Үкіметінің басшысы А. Арипов екі елдің бизнес құрылымдарының арасында тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік беретін алғашқы ҚР және ӨР Аймақаралық форумның және Орталық Азия экономикалық форумының маңыздылығын атап өтті.

Белсенді дамып келе жатқан тығыз байланыстардың көрсеткіші — ҚР мен ӨР арасындағы өзара сауданың өсуі: 2018 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы $3 млрд-қа жуық мөлшерге жетті. 2019 жылғы қаңтар-сәуір айларында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,8%-ға артып, $1,1 млрд құрады.

Тараптар Үкіметаралық комиссия қабылдаған шешімдер  екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға салмақты үлес қосып, екі ел экономикасын дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенім білдірді.

Отырысқа қатысушылар 2018 жылы «Қазақстандағы Өзбекстан жылының» табысты өткенін, сондай-ақ 2019 жылы «Өзбекстандағы Қазақстан жылын» өткізу бойынша Іс-шаралар жоспарын сапалы орындаудың маңыздылығын атап өтті.

https://primeminister.kz/assets/media/img-2832-ok-3.jpg

Қазір Өзбекстанда қазақстандық капиталдың қатысуымен 600-ге жуық бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді, Қазақстанда өзбек капиталының қатысуымен 1 мыңнан астам кәсіпорын бар, оның ішінде 400-ден астамы — бірлескен кәсіпорындар.

Үкіметаралық комиссия жұмысының қорытындысы бойынша жалпы сомасы $1,5 млрд-тан асатын 27 құжатқа қол қойылды. Келісімдер сауда-экономикалық, инвестициялық, транзиттік-көлік, ауыл шаруашылығы салаларында, жеңіл өнеркәсіпте, фармацевтикада ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Отырыс қорытындысы бойынша Бірлескен Үкіметаралық комиссияның тең төрағалары Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин мен Өзбекстан Премьер-Министрі А. Арипов тиісті Хаттамаға қол қойды.

 

Суреттер  www.government.kz сайтынан алынды.

RELATED NEWS
 Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы байланыстар түбегейлі өзгерді - Тоқаев
08 тамыз 2024
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы байланыстар түбегейлі өзгерді - Тоқаев

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ақорда.

Келіссөз алдында Ақордада елімізге мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды. Содан кейін президенттер шағын құрамда келіссөз жүргізді.

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентіне ілтипат білдіре отырып, бұл сапар екі ел арасындағы ынтымақтастық пен одақтастықты дамытуға тың серпін беретінін айтты.

– Қазақстан халқы Сіздің бүгінгі сапарыңызға үлкен мән беріп отырғанын атап өткім келеді. Мұның өзі көп дүниеден хабар береді. Жалпы, соңғы жылдары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы байланыстар жақсы жағына қарай түбегейлі өзгерді. Екі ел ынтымақтастығын нақты мазмұнмен толықтыруға бар күш-жігерімізді саламыз. Бүгін біз мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастық пен одақтастықтың негізгі бағыттарын айқындайтын құжаттарға қол қоямыз. Сондықтан бұл сапардың жөні бөлек, – деді Қазақстан Президенті.

Өз кезегінде Өзбекстан Президенті көрсеткен сый-құрметі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының маңызына тоқталды.

– Бұл сапар тарихи мәнге ие. Бүгінгі кездесуіміз екі халық арасындағы сан ғасырға жалғасқан достық және тату көршілік қатынастардың тінін нығайта түсіп, стратегиялық серіктестік пен одақтастық байланыстарды жаңа деңгейге көтереді, – деді Шавкат Мирзиёев.

Келіссөз барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, көлік-транзит, инвестиция, энергетика, ауыл шаруашылығы, су ресурстары, мәдени-гуманитарлық және өнеркәсіп кооперациясы салаларындағы ықпалдастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылады. Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді қарастырды.

Президенттер қазақ-өзбек қатынастары барлық бағыт бойынша өркендеп келе жатқанын атап өтті.

Тоқаев Өзбекстан президентінің қызы әрі көмекшісі Саида Мирзиёеваны қабылдады
05 тамыз 2024
Тоқаев Өзбекстан президентінің қызы әрі көмекшісі Саида Мирзиёеваны қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Өзбекстан президентінің көмекшісі Саида Мирзиёеваны қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Айта кетейік, бірнеше күннен кейін елімізге Өзбекстанның президенті, Саида Мирзиёеваның әкесі Шавкат Мирзиёев келеді.

Ал, бүгін Ақорда хабарлағандай, Тоқаев пен Мирзиёева кездесу барысында екі ел арасындағы көпжақты серіктестікті одан әрі ілгерілетуге қатысты өзекті мәселелерді талқылады

«Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстанның одақтастық әрі стратегиялық сипаттағы қарым-қатынасын атап өтіп, жоғары деңгейдегі саяси диалогтың тиімділігін арттыра түсу үшін екі ел президентінің әкімшіліктері арасындағы тығыз байланысты жолға қою маңызды екеніне назар аударды», - делінген Ақорда хабарламасында.

Бүгін Ақордада Тоқаев Астанада осы халықаралық «Заковат» интеллектуалдық ойынының өткізілуіне қолдау білдіріп, мұндай іс-шаралар халықтарымыздың арасын жақындата түсетінін атап өткен.

ҚР Президенті қазақ-өзбек тандемі өмірлік қажеттіліктен туғанын айтты
05 сәуір 2024
ҚР Президенті қазақ-өзбек тандемі өмірлік қажеттіліктен туғанын айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.

Қазақстан Президенті ислам өркениеті мен сәулет өнерінің жауһары саналатын Хиуа қаласында өтіп жатқан кездесудің символдық мәні бар екеніне назар аударып, барлық бағыт бойынша табысты дамып келе жатқан екіжақты ынтымақтастыққа көңілі толатынын мәлімдеді.

Мемлекет басшысының айтуынша, екі ел үкіметтері қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру ісімен белсенді айналысып жатыр. Тиісті «жол карталары» жоспарлы түрде орындалып, қол қойылған келісімдер мен сауда келісімшарттары бойынша жұмыс жүргізілуде. Өзара тауар айналымының көрсеткіштері жаман емес. Өткен жылдың қорытындысы бойынша оның көлемі 4,4 миллиард долларды құрады. Өнеркәсіп, энергетика, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы салаларында бірлескен жобалар жүзеге асырылып жатыр. Бүгінде портфелімізде инвестиция көлемі 2,5 миллиард доллардан асатын 60 бірлескен жоба бар. Оның аясында 13 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Халықаралық өнеркәсіп кооперациясы орталығын салу жобасы да сәтті ілгерілеп келеді.

Президент қазақ-өзбек тандемі өмірлік қажеттіліктен туғанын және бірге әрі жұмыла әрекет еткенде ғана елдеріміздің орнықты дамуын қамтамасыз етуге болатынын айтты. Осы орайда Мемлекет басшысы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың 2034 жылға дейінгі бағдарламасын қабылдау бастамасын қолдады.

Кездесуде президенттер өзара тауар айналымын ұлғайту, энергетика, көлік, су шаруашылығы, IT салаларындағы ынтымақтастықты дамыту сияқты экономикалық ықпалдастықтың сан алуан мәселесі жөнінде пікір алмасты.

Әңгімелесу барысында мәдени-гуманитарлық байланыстарды өркендету, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстанның бірегей туристік әлеуетін пайдалану мүмкіндіктеріне айрықша мән берілді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев өңірлік күн тәртібін талқылап, халықаралық құрылымдар аясындағы өзара ықпалдастық мәселелерін қарастырды.

Келіссөз барысында мемлекеттер басшылары Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау мәселесіне ерекше назар аударды. Осы ретте Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кезекті алтыншы Консультативтік кездесуіне дайындық барысы, сондай-ақ С5+ форматындағы ықпалдастық перспективалары талқыланды.

Екі ел басшылары өңірдегі өзара ынтымақтастықты нығайту үшін Қазақстан мен Өзбекстанның теміржол әкімшіліктері арасында бірлескен кәсіпорын құру туралы бастамаға қолдау білдірді. Бұл бірлескен кәсіпорынды құрудағы мақсат – Қытай – Қазақстан – Өзбекстан бағытындағы жүк тасымалын ұйымдастыру үшін қазақ-қытай шекарасындағы және Өзбекстандағы жүк терминалдарын өзара тиімді негізде пайдалану.

Аталған жоба екіжақты сауданы жандандырып, тауар тасымалының көлемін арттыруға ықпал етеді, сондай-ақ оңтүстік бағыттағы жүк тасымалын ұлғайтуға қолайлы жағдай туғызады.

Бұдан бөлек, Бірлескен кәсіпорын Трансауған бағытын дамытуға жұмылдырылады.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.