Валюта бағамы
  • USD -

    518.3
  • EUR -

    586.5
  • RUB -

    6.23
ҚАЗАҚСТАН-ӨЗБЕКСТАН АРАСЫНДАҒЫ САУДА КӨЛЕМІ 4,1 МЛРД ДОЛЛАРҒА ЖЕТТІ
25 ақпан 2020
ҚАЗАҚСТАН-ӨЗБЕКСТАН АРАСЫНДАҒЫ САУДА КӨЛЕМІ 4,1 МЛРД ДОЛЛАРҒА ЖЕТТІ

Бүгін Ташкент қаласында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сізбен бірге Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты қарым-қатынасты стратегиялық ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шығарудың негізін қалады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сабақтастықты сыртқы саясаттың негізгі қағидаты ретінде құптай отырып, Өзбекстан Республикасымен өзара тиімді әрі ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуға ерекше көңіл бөледі», — деді А. Мамин.

ҚР Премьер-Министрі екіжақты ынтымақтастықтың жоғары қарқынын атап өтті.

Өзбекстан — Қазақстанның аймақтағы аса маңызды сауда серіктесі. 2019 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты сауда көлемі $4,1 млрд жетті. 2020 жылдың соңына дейін тауар айналымын $5 млрд дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда Қазақстан мен Өзбекстанда 3 мыңнан астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. 

Келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, су-энергетикалық, транзиттік-көліктік, құрылыс, ауыл шаруашылығы, тоқыма, автомобиль жасау, мәдени-гуманитарлық, туристік, экологиялық және басқа да салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың ауқымды мәселелері талқыланды.

Тараптар Қазақстан мен Өзбекстанның стратегиялық серіктестікті кеңейтуге және нығайтуға деген үздіксіз ұмтылысы екі елдің Аймақаралық ынтымақтастық форумын өткізу тәжірибесінен көрініс бергенін атап өтті.

ҚР мен ӨР аймақаралық ынтымақтастығының I форумы 2018 жылғы 16 қарашада Шымкент қаласында өтті.

Биылғы 26 ақпанда Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының аймақаралық ынтымақтастығының II форумы Хорезм облысының Үргеніш қаласында «Агроөнеркәсіптік кооперация, өнеркәсіп және туризм саласындағы аймақтық бизнестің ынтымақтастығы» тақырыбында өтеді.

Іс-шараға 300-ден астам адам — ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен ӨР Премьер-Министрі А. Арипов, мемлекеттік органдардың, өңірлердің басшылары, сондай-ақ екі елдің іскерлік орталарының өкілдері қатысады. Форум қорытындысы бойынша аймақаралық және коммерциялық сипаттағы 40-тан астам келісімге қол қою жоспарлануда.

 

RELATED NEWS
 Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы байланыстар түбегейлі өзгерді - Тоқаев
08 тамыз 2024
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы байланыстар түбегейлі өзгерді - Тоқаев

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ақорда.

Келіссөз алдында Ақордада елімізге мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды. Содан кейін президенттер шағын құрамда келіссөз жүргізді.

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентіне ілтипат білдіре отырып, бұл сапар екі ел арасындағы ынтымақтастық пен одақтастықты дамытуға тың серпін беретінін айтты.

– Қазақстан халқы Сіздің бүгінгі сапарыңызға үлкен мән беріп отырғанын атап өткім келеді. Мұның өзі көп дүниеден хабар береді. Жалпы, соңғы жылдары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы байланыстар жақсы жағына қарай түбегейлі өзгерді. Екі ел ынтымақтастығын нақты мазмұнмен толықтыруға бар күш-жігерімізді саламыз. Бүгін біз мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастық пен одақтастықтың негізгі бағыттарын айқындайтын құжаттарға қол қоямыз. Сондықтан бұл сапардың жөні бөлек, – деді Қазақстан Президенті.

Өз кезегінде Өзбекстан Президенті көрсеткен сый-құрметі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының маңызына тоқталды.

– Бұл сапар тарихи мәнге ие. Бүгінгі кездесуіміз екі халық арасындағы сан ғасырға жалғасқан достық және тату көршілік қатынастардың тінін нығайта түсіп, стратегиялық серіктестік пен одақтастық байланыстарды жаңа деңгейге көтереді, – деді Шавкат Мирзиёев.

Келіссөз барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, көлік-транзит, инвестиция, энергетика, ауыл шаруашылығы, су ресурстары, мәдени-гуманитарлық және өнеркәсіп кооперациясы салаларындағы ықпалдастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылады. Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді қарастырды.

Президенттер қазақ-өзбек қатынастары барлық бағыт бойынша өркендеп келе жатқанын атап өтті.

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері телефон арқылы сөйлесті
23 сәуір 2024
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңірінде болған су тасқынына байланысты тілеулестік танытып, көмек көрсеткені үшін Шавкат Мирзиёевке және бауырлас Өзбекстан халқына алғыс айтты.

Президенттер қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту, сондай-ақ бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Тараптар екіжақты қатынастар мен өңірлік деңгейдегі кооперацияның қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды.

Сонымен қатар мемлекеттер басшылары аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Бұған дейін Өзбекстан Республикасынан Қазақстанға 15 жүк көлігіне тиелген гуманитарлық көмек келгенін жазған болатынбыз.

Тоқаев Өзбекстан президентінің қызы әрі көмекшісі Саида Мирзиёеваны қабылдады
05 тамыз 2024
Тоқаев Өзбекстан президентінің қызы әрі көмекшісі Саида Мирзиёеваны қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Өзбекстан президентінің көмекшісі Саида Мирзиёеваны қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Айта кетейік, бірнеше күннен кейін елімізге Өзбекстанның президенті, Саида Мирзиёеваның әкесі Шавкат Мирзиёев келеді.

Ал, бүгін Ақорда хабарлағандай, Тоқаев пен Мирзиёева кездесу барысында екі ел арасындағы көпжақты серіктестікті одан әрі ілгерілетуге қатысты өзекті мәселелерді талқылады

«Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстанның одақтастық әрі стратегиялық сипаттағы қарым-қатынасын атап өтіп, жоғары деңгейдегі саяси диалогтың тиімділігін арттыра түсу үшін екі ел президентінің әкімшіліктері арасындағы тығыз байланысты жолға қою маңызды екеніне назар аударды», - делінген Ақорда хабарламасында.

Бүгін Ақордада Тоқаев Астанада осы халықаралық «Заковат» интеллектуалдық ойынының өткізілуіне қолдау білдіріп, мұндай іс-шаралар халықтарымыздың арасын жақындата түсетінін атап өткен.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.