Валюта бағамы
  • USD -

    519.9
  • EUR -

    610
  • RUB -

    6.53
ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ
12 сәуір 2019
ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚМДБ жаңа ғимаратында IV Халықаралық діни-ғылыми конференция делегаттарының қатысуымен мерекелік шара болып өтті. Елорда төрінде көршілес мемлекет мүфтилері мен дін қайраткерлерінің басын қосқан «Рухани Жібек жолы. Ислам және жастар: қазіргі заманның сын-қатерлері» атты халықаралық конференция аясында бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жаңа ғимаратымен таныстыру рәсімі өтіп, шетелдік қонақтарға қазақы салт-дәстүріміз, ұлттық құндылықтарымыз паш етілді.


ҚМДБ баспасөз қызметінің мәліметінше, қаз-қатар қазақ үй тігіліп, күмбірлеген күй, тағылымды терме үні тербеткен ҚМДБ ғимаратының ауласында бүгін қуаныштың қазаны бұрқылдап, ынтымақ-бірліктің туы желбіреді. Салтанатты шараның шымылдығын түрген ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Халықаралық конференция маңызын, бүгінгі күннің айрықша қуанышын атап өтіп, барша қонақтарға ақ тілегін жеткізді.


IV Халықаралық конференция жұмысына арнайы келген Ресей мұсылмандары діни басқармасы жəне Ресей мүфтилер кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Рушан хазірет Аббясов, Өзбекстан мүфтиі Усмонхан Алимов, Моңғолия мүфтиі Батырбек Хадис, Қытай Ислам ассоциациясының төрағасы Хасан Янг Фаминг, т.б. Ислам әлемінің беделді тұлғалары құттықтау лебіздерін айтып, ҚМДБ жұмысына сәттілік тіледі.


Жамағат алдында жүрекжарды тілектерін жеткізген қонақтар лебізінен соң Бас мүфти Серікбай қажы Ораз жақында ғана ашылған ғимарат ішін таныстырып, жалпы жұмыс барысынан хабардар етті. Арнайы таныстыру рәсімінен соң қонақтар ғимарат ауласындағы қазақ үйлерге бас сұғып, қазақ халқының қонақжайлығына куә болды.

 

 

 

Суреттер muftyat.kz сайтынан алынды.

RELATED NEWS
 Рамазан айы 1 наурызда басталады
30 қаңтар 2025
Рамазан айы 1 наурызда басталады

Биыл Рамазан айы 1 наурыз күні басталып, 29 наурыз күні аяқталады. 30 наурыз күні елімізде Ораза айт басталады, деп хабарлайды Ulys muftyat.kz сілтеме жасап.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен 2025 жылдың діни мереке күндерінің кестесіне сай, биыл ораза 1 наурыз басталады. Қасиетті Қадір түні наурыз айының 26-нан 27-не қараған түні болады.

30 наурыз күні елімізде Ораза айт басталып, үш күн жалғасады. Құрбан айт 6 маусымда басталып, 8 маусымда бітеді. Егер 6-маусым жұмыс күніне тұспа-тұс келсе, онда қазақстандықтар бір күн демалады.

Димаш  Діндер съезінің  елшісі болды
08 қазан 2024
Димаш Діндер съезінің елшісі болды

Димаш Құдайберген Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің ізгі ниет елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulys.

Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІІ отырысында съездің Ізгі ниет елшісі лауазымына 5 адам ұсынылды. Осы бес адамның ішінде әнші Димаш Құдайберген де бар. 

Діни рәсім бойынша жасалған некенің Қазақстанда  күші жоқ - министрлік
31 қазан 2024
Діни рәсім бойынша жасалған некенің Қазақстанда күші жоқ - министрлік

ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли діни неке мен заңды некенің айырмашылығын айтты, деп хабарлайды Ulys.

Діни рәсімдер бойынша жасалған некенің Қазақстан Республикасы аумағында заңды күші жоқ. Сәйкесінше мұндай неке құқықтық реттеу тетіктерімен қорғалмайды. «Сожительство», яғни ері мен әйелдің заңды некеде тұрмастан бірге өмір сүруі де неке ретінде танылмайды. Заңды неке құзыретті мемлекеттік органда ресми тіркелуі тиіс», - дейді ол.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.