Валюта бағамы
  • USD -

    518.3
  • EUR -

    608.5
  • RUB -

    6.55
ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯНЫҢ ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ АРТАДЫ
01 қараша 2019
ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯНЫҢ ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ АРТАДЫ

Мәжілісте Қазақстан мен Түркияның әскери ынтымақтастығын жаңа деңгейге шығаратын келісім ратификацияланды. Бұл құжатқа сай, бауырлас елдердің аталған саладағы байланысы тіпті күшейеді. НАТО ұйымы мүшесі әрі әскери техникасы аталған ұйымның стандарттарына сай келетін, сонымен қатар, бітімгерлік саласында және терроршылармен жылдар бойғы күресте тәжірибесі мол бауырлас елдің тәсіл-тәжірибесі біздің әскерлерге де пайдалы болары сөзсіз.    

 

Бұған дейін туыс екі ел арасындағы әскери салада екі келісім жасалған болатын. 1993 жылғы құжат «әскери білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы» болса, 1994 жылы қабылданған келісім «әскери ғылым, техника және білім беру саласындағы ынтымақтастық» деп аталған еді. Ал Қазақстан мен Түркияның қорғаныс ведомстваларының көптеген маңызды саласын регламанттейтін 21 пункттен тұратын бұл жолғы құжаттың жөні бөлек. Заң жоба «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының үкіметі арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» деп аталады. Бұл жерде «әскери ынтымақтастық» деген сөзге баса мән берсеніз көп дүниені түсінесіз. Түркия Республикасы Қазақстанның қарулы күштерін қалыптастыруға алғашқылардың бір болып көмек қолын созып 1998 жылы 5 миллион АҚШ доллары көлемінде әскери жәрдем бергенін ұмытпаған абзал. Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында маңызды келісімді  Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев таныстырды. Оның сөзінше, келісімге 2018 жылдың 13 қыркүйегінде Анкара қаласында қол қойылған.  «Түркия Республикасы Қазақстан Республикасының маңызды да негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі болып табылады. Және біздің мемлекеттің сыртқы саясатында ерекше орын алады. Осы уақытқа дейін екі мемлекет арасындағы әскери саладағы ынтымақтастық 1993 жылғы 8 тамыздағы әскери білім саласындағы, сондай-ақ 1994 жылғы 23 ақпандағы әскери ғылым, техника және білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдер негізінде жүзеге асырылып келеді. Жоғарыда аталған халықаралық шарттардың кейбір ережелері екі мемлекеттің қолданыстағы заңнамасына сәйкес келмеуі және оларда іс-шараларды өткізу бойынша қаржылық шығыстармен қамтамасыз ету тәртібінің болмауына байланысты әскери ынтымақтастық саласында жаңа келісім жасасу туралы шешім қабылдаған болатын. Қарастырылып отырған келісімнің мақсаты — тараптар арасындағы тең құқықтық пен өзара тиімділік қағидаттары негізінде әскери ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Келісім әскери даярлық пен оқытуды қоса алғанда, бұдан бұрын қамтылмаған бірлескен оқу-жаттығуларды өткізу, картография, гидрография, топогеодезиялық қамтамасыз ету, әуе кеңістігі арқылы әскери мүліктің транзиті, медициналық көмек көрсету, заң құзыреттілігі, сонымен қатар, басқа да мәселелерді көздейді. Осы келісімді іске асыру бойынша іс-шаралар тараптармен бірлесіп әзірленген жылдық ынтымақтастық жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады. Келісімді іске асыру Қазақстанның әскери саладағы мүмкіндіктерін кеңейтуді қамтамасыз етеді және екі мемлекеттің арасындағы әскери ынтымақтастықтың дамуына оң әсер ететін болады. Заңды қабылдау республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлуді талап етпейді. Сондай-ақ кері әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды»,-деді баяндамасында Тимур Тұрарұлы. Депутат Асылбек Смағұлов болса бірден, «мен бұл заң жобаны қолдаймын және әріптестерімді қолдауға шақырамын», - деді, сосын Қорғаныс министрінің орынбасарына сауалын қойды. «Құрметті Тимур Тұрарұлы, келісімнің 3-бабында әскери даярлық және білім беру, оқыту — екі ел арасындағы Қорғаныс ведомствалары арасындағы ынтымақтастық салаларының бірі ретінде көрсетілген. Яғни Түркия қарулы күштерінің жауынгерлерлік қабылет деңгейі жоғары әрі әскери дайындық оқу орындарының желісі жақсы дамыған. Бұл жерде біз олардан тәжірибе алатын жеріміз бар. Демек, бұл норма осы заң жобасының ең маңызды тұсы деп білемін. Дегенмен, тәуелсіздік жылдары елімізде әскери кадрларды дайындауда толыққанды оқу базасы қалыптасқанын да айта кеткен абзал. Осы орайда мынаны сұрайын дегем: осы келісім ратификацияланғаннан кейін елімізде дайындалмайтын әскери мамандықтар бойынша жіберетіндердің санын ұлғайту жоспарларыңызда бар ма?» Арнайы талдау нәтижесі бойынша Түркиядан білім алған әскери қызметшілердің білімдері де жоғары, практикалық біліктіліктерінің де күшті екені анықталғанына тоқталған Тимур Дәндібаев бауырлас елдің әскери оқу орындарында әскери теңіз күштеріне сәйкес, медициналық мамандықтар сынды тапшы мамандықтар бойынша жастарды оқытуды жоспарлап отырғандарын айтты. Өз кезегінде Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, депутат Бақтықожа Ізмұхамбетов қосымша баяндама жасады. «ҚР Түңғыш президенті, Елбасы Н.Назарабев өз сөздерінде біздің Түркия республикасымен ортақ әлеуметтік-мәдени факторларға негізделген ізгі қарым-қатынастарымыз туралы бірнеше рет айтты. Оған біздің халықтарымыздың тарихи, діни және мәдени жақындығы негіз болды. Сонымен қатар, Елбасы Түркияның жас мемлекетіміздің егемендігін бірінші болып мойындағанына ерекше мән берді. Қазақстан мен Түркия екі жақты ынтымақтастықтың аса мыңызды бағыттары бойынша өзара тиімді қатынастар мен ынтымақтастық орнатқан және оны ары қарай дамытып отыр. Мұнда тең құқықтық және өзара тиімді қағидаттар негізінде қорғаныс және қауіпсіздік саласында ынтымақтастық маңызды рөл атқарады. Түркияның қарулы күштері Қазақстанның қарулы күштерінің бастапқы қалыптасуы мен дамуы кезеңінде алғашқылардың бірі болып жан-жақты қолдау көрсетті. Бүгінгі күні екі елдің қорғаныс ведомствалары арасындағы әскери ынтымақтастық саласындағы ұзақ мерзімді өзара іс-қимал жолға қойылған. Қаралып отырған келісім тараптар арасындағы тең құқықтық және өзара тиімді қағидаттар негізінде әскери ынтымақтастық орнату және одан ары дамыту мәселелерін қамтиды. Келісімде қорғаныс өнеркәсібі саласы, әскери барлау, біліктілікті жетілдіруде өзара сапар, білім алмасу, әскери барлау, ақпаратты қорғау мен барлау ақпараттарын алмасу бойынша сондай-ақ екі мемлекеттің әуе кеңістігі арқылы әскери мүліктің транзиті, медициналық көмек көрсету, юрисдикция және өзге де мәселелер қарастырылған. Келісім екі ел арасындағы әскери ынтымақтастықты кеңейтетін болады. Мәжіліс комитеті келісімді оң бағалап, ратификацияға ұсынды», -деді Бақтықожа Салахатдинұлы. Заң жобаға Мәжілістің жалпы отырысына қатысқан 130 депутаттың бірі қалайм дауыс беріп, қаулы қабылданды. Құжат  Сенатқа жол тартты.  

 

RELATED NEWS
Қазақстанның үш қаласына ерекше мәртебе берілмек
12 сәуір 2025
Қазақстанның үш қаласына ерекше мәртебе берілмек

ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысында Астана, Алматы, Қарағанды «1941-1945 жж. Еңбек даңқы қаласы» құрметті атағын беру туралы шешім келісілді, деп хабарлайды Бұл туралы СІМ хабарлады.

Кездесуде Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу ТМД ұйымын одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар ұсынысты ортаға салды. Осы тұрғыда Қазақстан бастамаларын жүзеге асыруда Достастық бойынша серіктестердің қолдауы ерекше аталып өтті.

«Еліміздің ұсынысы бойынша бүгінгі таңда Волонтёрлер форумы, Достастық жәрмеңкесі, ТМД Академиялық астанасы және басқа да көптеген жоба бірлескен күш-жігердің арқасында іске асырылып жатыр немесе жақын болашақта өткізуге жоспарланған», – деп мәлімдеді сыртқы істер министрі.

Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында ТМД елдерінің бірқатар қаласына, соның ішінде Астана, Алматы, Қарағанды және басқа да қалаларға «1941-1945 жж. Еңбек даңқы қаласы» құрметті атағын беру туралы шешім келісілді.

Сыртқы істер министрлері кеңесінің келесі отырысы 2025 жылғы қазан айында ТМД Мемлекет басшылары саммиті қарсаңында Душанбе қаласында өтеді.

Ақордада Қонаев және Алатау қалаларын дамыту мәселелері айтылды
28 сәуір 2025
Ақордада Қонаев және Алатау қалаларын дамыту мәселелері айтылды

Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматы облысының 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берілді. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

 Марат Сұлтанғазиев экономиканың негізгі секторларында өсім байқалатынын баяндады. Атап айтқанда, өнеркәсіптік өндіріс көлемі 507,9 миллиард теңгені, ауыл шаруашылығы өнімі 97,4 миллиард теңгені құраған. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 146,2 мыңға жетіп, 7,7 пайызға артқан.

Президентке жыл басынан бері 12 жаңа өнеркәсіп жобасының іске қосылғаны туралы мәлімет берілді. Оның ішінде «GALANZ bottlers» өндіріс алаңының кеңеюі, «Бартоғай ГЭС-28» және Шарын өзеніндегі шағын ГЭС каскадының құрылыстары сияқты ауқымды жобалар бар. Жалпы, өңірде құны 2,4 триллион теңгені құрайтын 122 жоба жүзеге асырылып жатыр. Нәтижесінде 36 776 жұмыс орны ашылады.

Мемлекет басшысына Қонаев және Алатау қалаларын дамыту барысы жөнінде айтылды. Жаңа бас жоспарға сәйкес, облыс орталығында «Smart Qonaev» қаланы басқарудың бірыңғай жүйесі енгізілуде. Алатау қаласының бас жоспарына түзетулер жасау және көлік-инженерлік инфрақұрылымды жобалау жұмыстары басталды.

Облыс әкімінің айтуынша, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 17 білім ордасының құрылысы қолға алынған. Бұдан бөлек, өңірдегі үш ауысымды оқу мәселесін шешу үшін мемлекет-жекеменшік әріптестік негізінде 19 мектеп салу жоспарланған. 2025-2027 жылдары 91 оқу ошағында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Мемлекет басшысы Қонаев және Алатау қалаларын, жалпы Алматы агломерациясын дамытуға қатысты барлық белгіленген мақсаттарды сапалы әрі уақтылы орындаудың маңызын атап өтті. Президент индустриалды аймақтар мен Аlatau АЭА-ның әлеуетін нығайтуға, сондай-ақ коммуналдық және елді мекендердегі жолдардың құрылысына баса мән беруді тапсырды.

Тоқаев: Президент – халық жалдаған мемлекеттік қызметкер
30 қыркүйек 2024
Тоқаев: Президент – халық жалдаған мемлекеттік қызметкер

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Еуразия кеңістігіндегі орнықты даму және қауіпсіздік» конференциясына қатысты, деп хабарлайды Ақорда.

Президент өз сөзінде бұрын-соңды болмаған геосаяси тұрақсыздық жағдайында дипломатия шешуші рөлге ие болғанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Еуразия кеңістігіндегі орнықты даму және қауіпсіздік» конференциясына қатысты.
Фото: Ақорда
– Геосаясат пен геоэкономикадағы түбегейлі өзгерістер, жаһандық деңгейдегі климаттық және демографиялық сын-қатерлер, пандемияның жаңа қаупі, қарулану бәсекесінің өрши түсуі, технологиялық прогресс, соның ішінде жасанды интеллектіні енгізу жағдайында стратегиялық тұрақтылық пен орнықты даму мәселелері баршамыз үшін өзекті бола түсті. Бұдан шығатын қорытынды анық: халықаралық қоғамдастық сындарлы диалогқа тың серпін беруі үшін күн тәртібіне оң өзгеріс жасауы қажет. Сондықтан біртұтас еуразиялық қауіпсіздік идеясы көпполярлы, әділетті және орнықты әлемдік тәртіпті қалыптастыруға тұжырымдамалық негіз бола алады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы конференция қатысушыларына қоғамдық өмірдің барлық саласында жүзеге асырылып жатқан Қазақстандағы ауқымды өзгерістер жөнінде мәлімет берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Еуразия кеңістігіндегі орнықты даму және қауіпсіздік» конференциясына қатысты.
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, саяси реформалардың ең басты жаңалығы – Конституцияда Президент мандатын 7 жылдық бір мерзіммен шектеу туралы ереженің бекітілуі.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Еуразия кеңістігіндегі орнықты даму және қауіпсіздік» конференциясына қатысты.
Фото: Ақорда
– Мұндай норма посткеңестік елдердің, тіпті одан тысқары мемлекеттердің ешқайсысында жоқ. Менің ойымша, Президентті бір рет жеті жылға сайлау – оның сайлауалды бағдарламасы мен реформаларын жүзеге асыруға жеткілікті уақыт. Оған қоса Президент – халық жалдаған мемлекеттік қызметкер. Елімізде Заң мен Тәртіп үстемдік құруға тиіс екеніне сенімдімін. Тек сонда ғана реформаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ Қазақстан экономикасына инвестиция тартуға қажетті жағдай жасай аламыз. Заң мен Тәртіп – Әділетті Қазақстанның негізі. Әділдікке қашан да, қай жерде де мұқтаждық бар. Біздің елде де солай. Қолға алған реформаларды іске асыру қаншалықты қиын болса да, діттеген мақсатымызға жетпей қоймаймыз. Оны ешкім тоқтатпақ тұрмақ, бағытынан жаңылдыра алмайды, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей халықтары арасындағы достық байланыстарды нығайтуда білім саласының маңызы зор екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, қазір Ресейде 60 мыңнан астам қазақстандық студент оқиды.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Еуразия кеңістігіндегі орнықты даму және қауіпсіздік» конференциясына қатысты.
Фото: Ақорда
– Бүгінде елімізде Ресейдің танымал жоғары оқу орындарының филиалдары табысты жұмыс істеп келеді. Қазақстанда Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының филиалын ашу жоспарланып отыр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Пленарлық отырыста Ресей Президентінің көмекшісі Владимир Мединский конференция қатысушыларына Владимир Путиннің сәлемін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Еуразия кеңістігіндегі орнықты даму және қауіпсіздік» конференциясына қатысты.
Фото: Ақорда

Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректоры Анатолий Торкунов оқу орнының 80 жылдығына орай осынау іс-шараны ұйымдастырғаны үшін Қазақстан тарапына алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Еуразия кеңістігіндегі орнықты даму және қауіпсіздік» конференциясына қатысты.
Фото: Ақорда
– Біз конференция тақырыбын кездейсоқ таңдаған жоқпыз. Мұның аясында экономика және қауіпсіздік саласындағы көпжақты ынтымақтастықтың дәстүрлі мәселелері климаттық күн тәртібіндегі жаңа сын-қатерлермен, сондай-ақ Еуразия кеңістігінде энергетика және көлік инфрақұрылымын дамытудың жай-жапсарымен бірге қаралды, – деді Анатолий Торкунов.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Еуразия кеңістігіндегі орнықты даму және қауіпсіздік» конференциясына қатысты.
Фото: Ақорда

Жиынға Қазақстан мен Ресейдің көрнекті ғалымдары, дипломатиялық қызмет ардагерлері, мемлекеттік органдар мен мекемелердің басшылары, саясаттанушылар және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.