Валюта бағамы
  • USD -

    512.3
  • EUR -

    580
  • RUB -

    6.37
Қазақстан мен Ресейдің Үкімет басшылары екіжақты келіссөздер жүргізді
Фото: ҚР Үкіметі 30 қаңтар 2025
Қазақстан мен Ресейдің Үкімет басшылары екіжақты келіссөздер жүргізді

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин екіжақты келіссөздер жүргізді, оның барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен РФ Президенті Владимир Путин арасында екіжақты сауда көлемін арттыру бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелері талқыланды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Екі ел арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту жоспарлары қаралды. Өнеркәсіп кооперациясы, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік өнеркәсібі және басқа да салалардағы өзара іс-қимылды нығайту жөніндегі міндеттерді жүзеге асыруға назар аударылды.

Ресей – Қазақстанның басты сауда серіктестерінің бірі. Өткен жылдың 11 айында өзара сауда көлемі $24,2 млрд-қа жетті. Екі мемлекет басшылары арасындағы тауар айналымын $30 млрд-қа дейін жеткізу жөніндегі уағдаластықтарына қол жеткізу мақсатында тасымалданатын тауарлар аталымын кеңейту маңызды. Экономикалық ынтымақтастықтың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді бағдарламасын іске асырудың оң нәтижелері атап өтіліп, алдағы кезеңге жаңартылған бағдарламаны әзірлеу қажеттігі нақтыланды.

2024 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің айналымы 5%-ға өсіп, $3,2 млрд-тан асты. 

Өнеркәсіп кооперациясы саласында бүгінгі таңда $18,6 млрд-қа қазақ-ресейлік 99 жоба іске асырылды. Қазақстанда жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективалары қаралды.

Қазақстан арқылы транзиттік тасымалдау жоғары қарқынмен дамып келеді. Осыған байланысты автокөлік және теміржол инфрақұрылымын дамытуға, сондай-ақ су көлігі саласында жаңа баламалы бағыттар ашуға көңіл бөлінуде.

«Мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің бірлескен күш-жігерінің арқасында екіжақты ынтымақтастығымыз сапалы жаңа деңгейге көтерілді. Маңызды міндет – жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың іс жүзінде орындалуын қамтамасыз ету. Қазақстан Үкіметі тығыз өзара іс-қимыл жасауға және барлық салада ынтымақтастықты дамытуға дайын», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

«Қазақстан – біздің стратегиялық серіктесіміз әрі одақтасымыз. Біздің қарым-қатынасымыз достық, тату көршілік, өзара сыйластық және бір-бірінің мүдделерін ескеру қағидаттарына негізделген. Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында қарым-қатынастарымызды одан әрі дамыту жөнінде маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілді. Екі ел үкіметтерінің міндеті -- көшбасшыларымыз қол жеткізген келісімдердің мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету», — деп атап өтті Михаил Мишустин.

Келіссөздер нәтижесінде тараптар стратегиялық әріптестікті нығайтуға және барлық бағыт бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

RELATED NEWS
Азық-түлік дүкендері қосылған құн салғынан босатылмақ
09 сәуір 2025
Азық-түлік дүкендері қосылған құн салғынан босатылмақ

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қандай қызметтер мен тауарлар қосылған құн салығынан босатылатынын түсіндірді, деп хабарлайды Ulys.

Оның айтуынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, кітап басып шығару, археология қосылған құн салығын төлеуден босатылады.

«Әлеуметтік салада, денсаулық сақтау саласында Үкімет қосылған құн салығынан босатылған дәрі-дәрмектің әлеуметтік тізімін айқындайды. Қосылған құн салығы тек ақылы медициналық қызметтерге салынады. Қосылған құн салығының мөлшерлемесі 10% болады. Әлеуметтік саладағы корпоративтік табыс салығы 2026 жылдан бастап 5% және 2027 жылдан бастап 10% болады. Ал банк операцияларына қосылған құн салығы салынады. Олардың қымбаттауына жол бермеу үшін Бәсекелестікті қорғау агенттігі Үкіметпен бірлесіп қазіргі бағалардың дұрыстығына талдау жүргізеді», - деді Жұманғарин Мәжілістің жалпы отырысында.

Сонымен қатар, арнаулы салық режимі бойынша рұқсат етілген тізім емес, тыйым салынған тізім енгізіледі. Тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі.

Жұманғарин ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін бәрі өзгеріссіз қалатынын атап өтті. Яғни, 70% жеңілдік қалады. Ал өңдеу өнеркәсібіне корпоративтік табыс салығының 20% мөлшерлемесі бойынша салық салынады.

ҚҚС көтеру: Үкімет Мәжіліске 20 ақпанға дейін ұсыныс енгізеді
06 ақпан 2025
ҚҚС көтеру: Үкімет Мәжіліске 20 ақпанға дейін ұсыныс енгізеді

Бүгін Сенат қабырғасында вице-премьер, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қосымша құн салығын көбейту туралы ұсынысты Мәжіліске 20 ақпанға дейін енгізетінін айтты, деп хабарлайды Ulys

Жобаны 20 ақпанға дейін Мәжіліске енгізуіміз керек. Қазір Мәжілісте Салық кодексіне толықтырулар енгізу туралы заң жобасы жатыр. Соған қосымша ретінде біздің түзетулер енеді, - деп мәлім етті ол.

Қазақстанда 2,3 мыңнан астам ғылыми жоба қаржыландырылады 
11 наурыз 2025
Қазақстанда 2,3 мыңнан астам ғылыми жоба қаржыландырылады 

Үкімет отырысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек республиканың ғылыми әлеуеті туралы баяндады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Ол бүгінгі таңда еліміздің ғылыми әлеуеті – 25,5 мың ғалымды құрайтынын, оның 46%-ы 40 жасқа дейінгі мамандар екенін атап өтті. Ғылым саласында 425 ұйым жұмыс істейді.

«Енді гранттық конкурстар жыл сайын өткізіледі, бұрын 3 жылда бір өкізілетін. Сонымен қатар мемлекеттік қолдау тетіктері кеңейтілді: постдокторанттар мен жас ғалымдарға гранттар, әзірлемелерді коммерцияландыруды қаржыландыру, іргелі институттарды тікелей қаржыландыру, шетелдік тағылымдамалар және мега-гранттар енгізілді. Қазіргі уақытта 264 ғылыми-техникалық бағдарлама, 2,3 мыңнан аса ғылыми жоба және 208 коммерцияландыру жобасы қаржыландырылуда. 1,4 мыңнан астам ғалым шетелде ғылыми тағылымдамадан өтті»,

 — деді Саясат Нұрбек.

Министр жас ғалымдарға арналған гранттар конкурстарының арқасында 2 мыңнан астам зерттеуші 835 жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік алғанын айтты. 

 

 

 

 

Министр добавил, что благодаря конкурсам грантов для молодых ученых более 2 тыс. исследователей получили возможность реализовать 835 проектов.  

 

📱 @KZgovernment

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.