Валюта бағамы
  • USD -

    521.9
  • EUR -

    612.5
  • RUB -

    6.59
ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН ТАУАР АЙНАЛЫМЫН 5 МЛРД. ДОЛЛАРҒА ЖЕТКІЗУГЕ МҮДДЕЛІ
23 тамыз 2019
ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН ТАУАР АЙНАЛЫМЫН 5 МЛРД. ДОЛЛАРҒА ЖЕТКІЗУГЕ МҮДДЕЛІ

Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастықты одан әрі кеңейте береді. Сыртқы істер министрлгінің ресми сайты Қазақстан Республикасы сыртқы саяси ведомствосының басшысы Бейбіт Атамқұлов Орталық Азия және АҚШ сыртқы істер министрліктері басшыларының «С5+1» отырысына қатысу үшін Қазақстанға келген Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловпен келіссөздер өткізгенін хабарлады.

Сыртқы саяси ведомство таратқан ақпарат бойынша, тараптар осы жылдың  14-15 сәуірінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапары және 21 маусымда Ташкент қаласында Үкімет басшылары деңгейінде қазақ-өзбек үкіметаралық комиссиясының 18-ші мәжілісін табысты өткізу барысында қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы саяси диалогтың дамуы мен сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кеңеюін қанағаттанарлықпен атап өтті.

Сонымен бірге, А.Камилов Қазақстанның сыртқы істер министрін Өзбекстанға ресми сапармен келіп қайтуға шақырды.

Министрлер өзара сауданың тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайлар жасауға назар аударды, ол 2018 жылы 25%-ға өсіп, 2,5 млрд. АҚШ долларын құрады, сондай-ақ өнеркәсіп пен көлік саласындағы бірлескен ірі жобаларды іске асыруға баса назар аударды. Екі жақты тауар айналымын таяу жылдары 5 млрд. долларға дейін көтеру жоспарланып отыр.

Елдер арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтудың, оның ішінде «Қазақстанның Өзбекстандағы жылын» табысты өткізудің маңыздылығы атап өтілді.

Кездесу барысында сондай-ақ өңірлік күн тәртібіндегі кең ауқымды мәселелер талқыланды. Тараптар Орталық Азия мемлекеттері басшыларының екінші Консультативтік кездесуін табысты өткізуге мүдделілігін растады.

 

 

Суреттер http://mfa.gov.kz сайтынан алынды.

 

 

RELATED NEWS
 Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы байланыстар түбегейлі өзгерді - Тоқаев
08 тамыз 2024
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы байланыстар түбегейлі өзгерді - Тоқаев

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ақорда.

Келіссөз алдында Ақордада елімізге мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды. Содан кейін президенттер шағын құрамда келіссөз жүргізді.

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентіне ілтипат білдіре отырып, бұл сапар екі ел арасындағы ынтымақтастық пен одақтастықты дамытуға тың серпін беретінін айтты.

– Қазақстан халқы Сіздің бүгінгі сапарыңызға үлкен мән беріп отырғанын атап өткім келеді. Мұның өзі көп дүниеден хабар береді. Жалпы, соңғы жылдары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы байланыстар жақсы жағына қарай түбегейлі өзгерді. Екі ел ынтымақтастығын нақты мазмұнмен толықтыруға бар күш-жігерімізді саламыз. Бүгін біз мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастық пен одақтастықтың негізгі бағыттарын айқындайтын құжаттарға қол қоямыз. Сондықтан бұл сапардың жөні бөлек, – деді Қазақстан Президенті.

Өз кезегінде Өзбекстан Президенті көрсеткен сый-құрметі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының маңызына тоқталды.

– Бұл сапар тарихи мәнге ие. Бүгінгі кездесуіміз екі халық арасындағы сан ғасырға жалғасқан достық және тату көршілік қатынастардың тінін нығайта түсіп, стратегиялық серіктестік пен одақтастық байланыстарды жаңа деңгейге көтереді, – деді Шавкат Мирзиёев.

Келіссөз барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, көлік-транзит, инвестиция, энергетика, ауыл шаруашылығы, су ресурстары, мәдени-гуманитарлық және өнеркәсіп кооперациясы салаларындағы ықпалдастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылады. Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді қарастырды.

Президенттер қазақ-өзбек қатынастары барлық бағыт бойынша өркендеп келе жатқанын атап өтті.

Тоқаев Өзбекстан президентінің қызы әрі көмекшісі Саида Мирзиёеваны қабылдады
05 тамыз 2024
Тоқаев Өзбекстан президентінің қызы әрі көмекшісі Саида Мирзиёеваны қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Өзбекстан президентінің көмекшісі Саида Мирзиёеваны қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Айта кетейік, бірнеше күннен кейін елімізге Өзбекстанның президенті, Саида Мирзиёеваның әкесі Шавкат Мирзиёев келеді.

Ал, бүгін Ақорда хабарлағандай, Тоқаев пен Мирзиёева кездесу барысында екі ел арасындағы көпжақты серіктестікті одан әрі ілгерілетуге қатысты өзекті мәселелерді талқылады

«Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстанның одақтастық әрі стратегиялық сипаттағы қарым-қатынасын атап өтіп, жоғары деңгейдегі саяси диалогтың тиімділігін арттыра түсу үшін екі ел президентінің әкімшіліктері арасындағы тығыз байланысты жолға қою маңызды екеніне назар аударды», - делінген Ақорда хабарламасында.

Бүгін Ақордада Тоқаев Астанада осы халықаралық «Заковат» интеллектуалдық ойынының өткізілуіне қолдау білдіріп, мұндай іс-шаралар халықтарымыздың арасын жақындата түсетінін атап өткен.

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері телефон арқылы сөйлесті
23 сәуір 2024
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңірінде болған су тасқынына байланысты тілеулестік танытып, көмек көрсеткені үшін Шавкат Мирзиёевке және бауырлас Өзбекстан халқына алғыс айтты.

Президенттер қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту, сондай-ақ бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Тараптар екіжақты қатынастар мен өңірлік деңгейдегі кооперацияның қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды.

Сонымен қатар мемлекеттер басшылары аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Бұған дейін Өзбекстан Республикасынан Қазақстанға 15 жүк көлігіне тиелген гуманитарлық көмек келгенін жазған болатынбыз.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.