Валюта бағамы
  • USD -

    523.7
  • EUR -

    612.5
  • RUB -

    6.71
ҚАЗАҚСТАН МЕН ӘЗЕРБАЙЖАННЫҢ ОРТАҚ МАҚТАНЫ
18 желтоқсан 2019
ҚАЗАҚСТАН МЕН ӘЗЕРБАЙЖАННЫҢ ОРТАҚ МАҚТАНЫ

Бауырлас Қазақстан мен Әзербайжан елінің ортақ мақтаны, екі елдің ынтымағын арттыру жолында тер төгіп жүрген қайраткер жандардың бірі —   Шахверди Бабаев. Ол түбі бір, тарихы ортақ қос елдің қай-қайсысын да бір-бірінен бөліп қарамай Отаным деп санайды, әрі мақтан тұтады.

Шахверди Бабаевтың Қазақстанға келіп, қандас қазақтардың ортасына сіңіп, елдің дамуы жолында еселі еңбек етіп жатқанына 40 жыл болды. «Бар күшім бауырлас Қазақ Елінің Тәуелсіздігінің нығайып, дамуы үшін» деп дамылсыз шапқылап жүріп 60 жасқа қалай келгенін өзі де сезбей қалғандай.

Шахверди Агададаш оглы Бабаев Әзербайжанның Ленкарань ауданына қарасты Гелметюк ауылында 1959 жылы дүниеге келген. Туған жерінде 1976 жылы орта мектепті бітірген ол Ленкараньдағы оқытушылар үйінде біраз жұмыс істейді. Сол жерден әскер қатарына аттанады. Азамматық борышын Алматыда өтеу бұйырған екен. Небары 20 жастағы қылшылдап тұрған жас жігіт әскери борышын адал атқарып біткеннен соң одан кейінгі тағдырын бауырлас Қазақстанмен байланыстырғанды жөн көрген. Содан бері Ұлы даланың төсінде, бауырлас халықтың қызығына да, қиыншылығына да ортақтасып, біте қайнасып кетті. 

Мұрты енді тебіндеп, қатая бастаған 20 жастағы жігіт еңбек жолын Қазақстанның жергілікті сауда алаңдарынын бірінен бастады. Еңбекқорлығының арқасында бірден көзге түсіп, бір жылдан кейін сол кездегі астанадағы «Алтын Орда» сынды сауда кешенін басқара бастады. 

1986 жылы Мәскеу сауда институтының Алматы бөлімшесін оқып бітірген Шахверди Бабаев сауда саласында жоғары білікті басқарушы ретінде қызметін табысты жалғастырды. Жас жігіттің қайсарлығы мен қабілетін бірден байқаған Қостілен базарының бас директоры Алтынбек Әлбиев басты сауда залдарының бірін басқаруды оған сеніп тапсарады. Әлбетте, негізгі маңызды фактордың бірі әркез мұқият ойланып, дұрыс таңдау жасау арқылы шешілген кадрлық саясат екеніне көзіміз жетіп жүр. Жас Шахвердинің сала маманы ретінде білгірлігі тағдырын саудамен байланыстырған жүздеген адамға үлгі болды. Жылдар бойы жинаған мол тәжірибесі мен іскерлігінің арқасында қазір ол ірі сауда орталықтарының бірі «Алтын Орданы» басқарып отыр. Бұл орталық жергілікті халықтың ғана сауда-саттық жасайтын сүйікті орны емес, Алматы облысына келетін әрбір турист үшін де тартымды жерлердің біріне айналып үлгерді. Мұнда шамамен 5000-нан астам адам жұмыс жасайды. Әлбетте, олардың еңбек орнының тұрақты болуы мен материалдық игілігінің артуы да жергілікті жердің де өсуіне септігін тигізеді. 

Шахверди Бабаев бұның сыртында қайраткер адам. Атап айтқанда, Қазақстандағы әзербайжандар қауымдастығы төрағасының орынбасары. Айта кететін тағы бір жәйт, бұрындары Қазақсанның әр жерінде тұратын әзербайжандардың бірлігі мен берекесі дәл бүгінгідей берік болмайтын. Олардың қазіргідей ынтымақтасуында Шахверди Бабаевтың сіңірген еңбегі орасан. Ол сонымен қатар, бауырлас қазақ халқына тарихи Отаны— Әзербайжанның өкілі ретінде де әрдайым сыйлы болды әрі әзербайжандықтардың игі іске үнемі дайын екенін үлгі етіп көрсете алды.

Шахверди Бабаевтың балалар үйіне, кедей отбасыларға және көптеген интернаттарға үнемі көмек жасайтынын айтып жеткізу мүмкін емес. Сонымен қатар, ол 2010 жылы су тасқыны үйлерін шайып кеткен отбасыларға да алғашқылардың бірі болып көмек қолын созды. Бұның сыртында Түркіден тарайтын бауыралс елдер Қазақстан мен Әзербайжанның арасын жақындату үшін жанталасып жүрген жанкештілігін біреу білсе, біреу білмес. 

Ол қаршадайынан қанат қағып алысқа кеткенімен туған топырағы Ленкаранін бір сәт естен шығарған емес. Ол туған елінің нағыз патриоты ретінде Әзербайжанның да әр түрлі аумағында жүздеген жұмыс орындарын ашып берді.

Шахверди Бабаевтың мұндай өрлігі мен ерлігін Қазақстан билігі де, Әзербайжанның басшылығы да назардан тыс қалдырмады. 2015 жылы сол кездегі Қазақстанның президенті («қазір Қазаақстанның тұңғыш президенті, Елбасы) Нұрсұлтан Назарбаев оны «Қазақстан Халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапаттады. Сондай-ақ ол   Қазақстан Халқы Ассамблеясының рөлін көтеруге қосқан үлесі үшін, сонымен қатар Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынастың дамуына қосқан еңбегі үшін де медальдер алды. Ал Ш.Бабаевты Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев те марапаттады. Бауырлас елдер арасындағы достықты арттыруға қосқан үлесі мен   әзербайжан диоспарысының дамуына қосқан үлесі үшін оның төсінде 2016 жылы  «Терегги- Прогресс» медалі жарқырады.  Сонымен қатар, ол Қазақстандағы әлеуметтік саланың дамуына қосқан үлесі үшін 2017 жылы «Қазақ Халқының адамы» құрметті медаліне лайық көрілді. 

Шахверди Бабаев тек тәжірибелі кәсіпкер ғана емес, қоғам қайраткері, тәртіпті басты орынға қоятын азамат. Отбасының тіреуі, мейірімді әке. Сүйкімді қызы Шахина мен әкесінің есімін берген жанынан жақсы көретін ұлы Агададаш кейіпкеріміздің мақтаны мен өмірінің шабыт көз іспетті. Бауырлас Қазақстан мен Әзербайжан елінің мол мұрасы мен мәдени мәйегін тел емген, ортақ құндлығын қанып ішкен Шахверди Бабаев сынды азаматтар екі елдің халқы үшін де үлгі етіп ұялмай көрсететін табысты да қайраткер тұлға. «Алпыс — тал түс» дейді халқымыз. Түркінің текіт үлының қайраты қайтқанша талай асулар аларына, қос елдің гүлденуі жолындағы еңбегін жалғастыра береріне еш күмән жоқ.

 

 

 

RELATED NEWS
Azerbaijan Airlines ұшағын жерден атқылаған - Әзербайжан президенті
30 желтоқсан 2024
Azerbaijan Airlines ұшағын жерден атқылаған - Әзербайжан президенті

“Азаматтық ұшақ Ресей аумағында, Грозный қаласының маңында сырттан зақымданып, іс жүзінде басқарудан айырылған. Біз сонымен бірге ұшақты радиоэлектронды күрес құралдары арқылы басқара алмайтындай жағдайға жеткізгенін де білеміз. Бұл ұшаққа келтірілген алғашқы зақым” деді Әлиев әзербайжан телеарнасына берген сұхбатында. 

Ол атқылаудың салдарынан ұшақтың артқы бөлігі қатты зақымданғанын айтты. 

Оның сөзінше, түпкілікті қорытынды қара жәшікті ашқаннан кейін белгілі болады. Әзербайжан президентінің сөзінше, ұшақты қасақана атқыламаған.

Әлиев сонымен бірге "қандай да бір газ баллоны жарылды" деп мәлімдеген Ресей билігі кінәсін мойындап, Әзербайжаннан кешірім сұраудың орнына "мәселені жасыруға" тырысты деді.

“Ресейдің ресми құрылымдарының қандай да бір газ баллоны жарылғаны жөнінде болжамды алға тартуы біздің көңілімізді қалдырды әрі таңғалдырды. Яғни, Ресей жағы мәселені жасырғысы келетінін айқын көрсетті және бұл әрине, абырой әкелетін нәрсе емес” деді Әлиев. 

 

Әзербайжанда аза тұту күні жарияланды
25 желтоқсан 2024
Әзербайжанда аза тұту күні жарияланды

Баку-Грозный рейсін орындаған Embraer 190 жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты 26 желтоқсанда Әзербайжанда аза тұту күні жарияланды, деп хабарлайды Аzertag агенттігі.

Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев тиісті жарлыққа қол қойды.

Еске салайық, бүгін Бакуден Грозныйға бет алған «Әзербайжан әуе бағыттары» компаниясына тиесілі ұшақ Ақтау маңында құлап түсті. Бортта 37 Әзірбайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған. Әзірге 28 адам аман қалғаны айтылуда.

Әзербайжанның Қазақстандағы мәдениет күндері ауқымды өтті
26 қыркүйек 2024
Әзербайжанның Қазақстандағы мәдениет күндері ауқымды өтті

Әзербайжанның Қазақстандағы мәдениет күндеріне орай өткен гала-концертке мыңға жуық адам қатысты, деп хабарлайды Ulys Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Әзербайжанның Қазақстандағы мәдениет күндері Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында өткен гала-концертпен қорытындыланды. Ауқымды іс-шараға мыңға жуық көрермен - шығармашылық зиялы қауым, ведомстволық бағынысты ұйымдар өкілдері, сондай-ақ елорда тұрғындары мен қонақтары жиналды.

Сондай-ақ концертке ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Әзербайжан Республикасының Мәдениет министрі Адил Керимли қатысты.

Сахнада Әзербайжанның Халық әртістері Самир Джафаров, Алихан Самедов, Тунзаля Агаева, Азер Зейналов, Гульяз Мамедова, Әзербайжанның еңбек сіңірген әртістері Рашад Ильясов, Лала Мамедова және басқа да танымал өнерпаздар өнер көрсетті. Іс-шарада Қазақстан мәдениетін Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Әлішер Кәрімов пен халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Аяулым Қажымұханқызы Жумкенова таныстырды.



Концерт барлық қатысушылардың Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы мәдени бірлік пен достықтың символына айналған Муслим Магомаевтың әйгілі «Әзербайжан» әнін орындауымен аяқталды.

Айта кетейік, 24-26 қыркүйек аралығында Қазақстанда Әзербайжанның мәдениет күндері өтті. Оның аясында Астанада кітаптардың тұсаукесері, этно-джаз концерті, екі елдің Ұлттық кітапханалары арасындағы меморандумға қол қою, сондай-ақ «Әзербайжан өнерінің інжу-маржандары» көрмесінің ашылуы және Әзербайжан мемлекеттік би ансамблінің концерті өтті. 

2023 жылдың желтоқсан айында Бакуде Қазақстанның Әзербайжандағы Мәдениет күндері жоғарғы деңгейде өтіп, екі мемлекет арасындағы мәдени байланысты нығайтудағы маңызды қадам болған еді.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.