Валюта бағамы
  • USD -

    478.5
  • EUR -

    523.5
  • RUB -

    5.43
Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан әскері бірігіп дайындалады
Қорғаныс министрлігі 09 шілде 2024
Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан әскері бірігіп дайындалады

Маңғыстау облысында «Бірлестік-2024» өңірлік халықаралық оқу-жаттығуы өтеді. Оған Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің әскери контингенттері қатысады. Бұл туралы Ulys Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әскери маневрлер «Оймаша» полигонында, сондай-ақ Тоқмақ мүйісінен екі шақырым жердегі теңіз учаскесінде өтеді.

«8-17 шілде аралығында әскери контингенттер қарулы қақтығысты оқшаулау бойынша бірлескен операция дайындап, жүргізеді.

Оқу-жаттығуға 4 мыңға жуық әскери қызметші және 700-дей қару-жарақ пен әскери техника жұмылдырылатын болады. Тактикалық эпизодтар жердегі және әуедегі барлау топтарының, теңіз арнайы күштерінің, армиялық және майдандық авиация экипаждарының, әскери кемелер мен катерлердің, артиллериялық есептоптардың, шабуылдаушы және танк бөлімшелерінің қатысуымен өтеді. Оқу-жаттығу аясында мәдени-демалыс және спорттық іс-шараларды өткізу де қарастырылған. Әскери-қолданбалы спорт түрлері, «Бағдар» тактикалық бағдарлау және армиялық тактикалық атыстар бойынша жарыстар өтеді», - делінген министрлік хабарламасында.

RELATED NEWS
Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан әскері бірігіп дайындалады
09 шілде 2024

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.