Қазақстан азаматы Пхукет аралында суға батып мерт болды, деп хабарлайды Ulys Novostiphuketa.asia сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 31 шілде күні Карон жағажайында болған.
«Оқиға жайлы хабарлама Карон полиция учаскесіне сағат 14:20-да жедел жәрдем орталығынан келіп түскен. Қазақстандық турист Евгений Сапогов (57 жаста) орналасқаннан кейін бірден қонақ үй алдында теңізге батып кетті. Ер адам Пхукетке ұшып келгеннен кейін 60 күнге виза алған», - делінген ақпаратта.
ҚР СІМ бұл ақпаратты растады.