Валюта бағамы
  • USD -

    504.9
  • EUR -

    527.5
  • RUB -

    5.43
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтуде
Фото: Ақорда 28 қаңтар 2025
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтуде

Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Ulys.

Жиында еліміздің дамуы мен болашағына қатысты маңызды мәселелер талқыланып жатыр.

«Бүгін біз Үкіметтің кеңейтілген отырысында өте өзекті мәселелерге тоқталамыз. Себеп – бәрімізге белгілі. Қазір дүние жүзі түбегейлі өзгеріске ұшырап жатыр. Жаһандық үдерістер, ең алдымен, еліміздің экономикалық ахуалына әсерін тигізетіні анық.

Жаппай цифрландыру дәуірі, яғни жаңа технологиялық кезең басталды. Күллі әлем мүлдем басқа жағдайда өмір сүреді. Біз соған міндетті түрде дайын болуымыз керек. Жаңа технологиялық ахуалға сақадай сай тұруымыз қажет. Бұл – еліміздің бәсекеге қабілетін арттырып, тұрақты дамуына жол ашатын аса маңызды фактор.

Үкімет пен әкімдердің жұмысы қаншалықты тиімді екенін алдымен экономиканың даму көрсеткіштері мен азаматтардың тұрмыс сапасына қарай бағалаймыз. Осы жұмыстың нәтижесі былтыр қандай болды? Негізгі міндеттер орындалды ма? Бүгін осы сұрақтарға тоқталамыз және жақын арада шешімін табуға тиіс өзекті мәселелерді талқылаймыз», - деді Президент жиында.

RELATED NEWS
Президент жастар мемлекетке масыл болмау керек деді
28 қаңтар 2025
Президент жастар мемлекетке масыл болмау керек деді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің жалпы отырысында әлеуметтік көмекті нақты иесіне жеткізу жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Тағы бір мәселе – мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмектің нақты иесіне жетуі. Көмек шын мұқтаж адамдарға берілуге тиіс екені қаншама рет айтылды. Қазақстан – шын мәнінде әлеуметтік мемлекет. Бірақ бұл – азаматтарымыздың, әсіресе, өскелең ұрпақтың еңбек етуге ынтасын азайтып, оларды масылдыққа үйрету деген сөз емес», - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президенттің айтуынша, Қазақстанға көрші елдерден жүз мыңдаған еңбек мигранты жұмыс іздеп келіп жатыр.

«Олардың бұл әрекетін құрметке лайық деуге болады. Себебі олар отбасына нәпақа табу үшін жұмыс істегісі келеді. Үкімет әлеуметтік көмек мәселесіне келгенде тым сақтық танытуда. Десек те, нақты ұсыныстар мен оны шешу жолдарын қарау қажет. Тағы бір маңызды міндет – тұрғын үй қорын басқару жүйесін жаппай реформалау. Қала құрылысын жоспарлаудан бастап, нысандарды пайдалануға беруге дейінгі барлық үдерісті цифрлық форматқа толық көшіру қажет. Бірыңғай ақпарат жүйесін жыл соңына дейін әзірлеу керек», - деді Тоқаев.

Президент былтыр тұрғын үй құрылысы бойынша рекордтық көрсеткішке (19 млн. шаршы метр) қол жеткізілгенін айтты.  

«Бұл – өте жақсы. Бірақ тұрғын үйдің санына емес, сапасына және оның қолжетімді болуына баса назар аударған жөн», - деді ол.

Жалға берілетін жеңілдікті тұрғын үй бағдарламасы кеңейтілмек
16 қаңтар 2025
Жалға берілетін жеңілдікті тұрғын үй бағдарламасы кеңейтілмек

Премьер-министр Олжас Бектенов тұрғын үй құрылысын одан әрі дамыту және баспана қолжетімділігін арттыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының Ana tili газетіне берген сұхбатында айтқан тапсырмаларын орындау бойынша жұмыс барысы қаралды. Кеңеске Өнеркәсіп және құрылыс, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерінің, «Отбасы банк» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басшылығы қатысты.

«Отбасы банкін» даму институтына айналдыру және саланы одан әрі дамыту үшін жеке қаражатты тарту жөніндегі жұмысты жандандыру тәсілдері, сондай-ақ жеңілдікті бағдарламаларды қаржыландыру, оның ішінде өнеркәсіп кәсіпорындары қызметкерлерін қолдау және жаңа өнімдерді шығару бойынша ұсыныстар талқыланды. Бүгінде «Қаражанбасмұнай», «Шұбаркөл көмір», «Еуроазияттық энергетикалық корпорация», «ССКӨБ», «Қазхром» ТҰК», «Қазақстан алюминиі», «Қазақстан электролиз зауыты» сияқты ірі кәсіпорындар және басқа да ұйымдармен жұмысшы кәсіп мамандары отбасыларының тұрмысын жақсарту жұмыстары басталды.

Премьер-министр Жұмысшы мамандықтары жылы аясында техникалық мамандарға арналған ипотекалық және жалға берілетін жеңілдікті тұрғын үй бағдарламасын кеңейту қажеттігін атап өтті. Банктің трансформациясы оның «бір терезе» қағидаты бойынша мұқтаж азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету жұмысын күшейтуге және жалпы алғанда еліміздің экономикасын дамытуға бағытталған.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің деректері бойынша, 2024 жылдың қорытындысында Қазақстанда рекордтық 18,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,4%-ға артық. Саланың нақты көлем индексі бір жылда 113,1%-ды құрады. 2029 жылға қарай 111 млн шаршы метрге жеткізу жөніндегі Президент қойған міндеттерді орындау бойынша жұмыс жүргізілуде.

Мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде азаматтарға жалға берілетін, несиелік баспанамен қамтамасыз етуі, «2-10-20», «5-10-20» және басқа да бағдарламалар іске асырылуда. 2024 жылы «Отбасы банкі» 1,29 трлн теңге сомасында 71 452 несие берді, оның 39,8%-ы бастапқы тұрғын үй сатып алуға арналған. «Отау» және «Наурыз» бағдарламалары бойынша жалпы 251,9 млрд теңгеге 10 003 қарыз берілді.

 

Орынсыз шығынды тоқтатып, аяғымызды тартып басу қажет - Тоқаев
28 қаңтар 2025
Орынсыз шығынды тоқтатып, аяғымызды тартып басу қажет - Тоқаев

Бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында қорытынды сөз сөйлеп жатқан президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті артық шығындардан бас тартуға шақырды, деп хабарлайды Ulys

Тоқаев сөз басында елдегі реформалардың нақты бағыты мен оны жүзеге асыру жолдары туралы осыған дейін де айтқанын еске салды.

«Үкімет ел экономикасын тұралап қалудан сақтап, орнықты дамуды қамтамасыз ету үшін күрделі шешімдер қабылдауы керек және ең бастысы сол шешімдерді іске асыруға тиіс. Бұл – жоғары білікті әрі жауапкершілік алуға дайын мемлекеттік қызметшілердің қолынан келетін жұмыс. Әлемдік тәжірибеге қарасақ, мемлекеттік аппараттың тиімділігі осындай күрделі кезеңдерде айқын көрінеді. Үкімет қаншалықты қиын болса да, жаппай үнемдеуге көшіп, бюджет қаржысын тек қана аса өзекті мәселелерді шешуге жұмсауы керек. Көрпеге қарай көсілетін уақыт келді. Орынсыз шығынды тоқтатып, аяғымызды тартып басу қажет», - деді Тоқаев сөз басында.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.