Валюта бағамы
  • USD -

    543.1
  • EUR -

    642
  • RUB -

    6.53
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: ҚОҒАМ ӨКІЛДЕРІ БИЛІКТІҢ ІС-ӘРЕКЕТІМЕН КЕЛІСПЕГЕН ЖАҒДАЙДА ПІКІРІН ЕРКІН АЙТУҒА МҮМКІНДІГІ БОЛУЫ ҚАЖЕТ
15 қаңтар 2020
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: ҚОҒАМ ӨКІЛДЕРІ БИЛІКТІҢ ІС-ӘРЕКЕТІМЕН КЕЛІСПЕГЕН ЖАҒДАЙДА ПІКІРІН ЕРКІН АЙТУҒА МҮМКІНДІГІ БОЛУЫ ҚАЖЕТ

Бүгін мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақорда» резиденциясында Президенттік жастар кадр резервінің мүшелерімен кездесу өткізді. Резервке енген 300 жастың алдында ол Президенттік кадр резервін құру туралы бастама өзінің сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бағыттардың бірі болғанын атап өтті. Мемлекет басшысының осы жүздесуде сөйлеген сөзін толық беріп отырмыз.

 

 

Қадірлі достар!

 

Құрметті жиынға қатысушылар!

Бүгінгі кездесуіміздің мән-маңызы ерекше.

Қазақта «Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар» деген жақсы сөз бар.

Сіздер Президенттік жастар кадр резервіне өту үшін арнайы бәйгеде бақ сынап, алға шықтыңыздар.

Бәріңізді шын жүректен құттықтаймын!

Өздеріңізге белгілі, кадрлық резервті жасақтау үшін ауқымды жұмыс атқарылды.

Бұл жобаға бүкіл еліміз бойынша 13 мың адам қатысты.

Соның ішінен 300 азаматты іріктеп алдық.

Науқанға қатысқан барлық үміткерлерге ризашылығымды білдіріп, олар назарымызда қалады деп айтқым келеді.

Ел басқару ісіне араласатын таңдаулы жастардың қатарына қосылу – зор мәртебе.

Өздеріңіз сияқты озық ойлы, бәсекеге қабілетті мамандар елімізге өте қажет.

Жалпы, бұл – жас буын өкілдерінің жауапты қызметке келуі үшін жасалып отырған игі бастама.

Осы ретте өздеріңіз сияқты білімді әрі талапты азаматтарға үлкен үміт артамыз.

Сіздер жаңа Қазақстанның дамуына аянбай үлес қосасыздар деп сенемін.

Еліміздің алдында биік мақсаттар тұр.

Ең алдымен, мемлекетімізді одан әрі өркендетіп, тәуелсіздігімізді нығайтуымыз керек.

Сондай-ақ, азаматтардың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуымыз қажет.

Билік пен халық арасындағы өзара сенімді күшейту – маңызды міндет.

Осыған орай «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы қолға алынды.

Мемлекетті басқару жүйесін жаңғырту мақсатымен ауқымды реформалар жүзеге асырылуда.

Мұның бәрі жаңа кезеңге қадам басқан Қазақстанның игілігі үшін жасалып отыр.

 

Дорогие друзья!

 

Все вы знаете, что инициатива о формировании Президентского кадрового резерва была одним из ключевых пунктов моей предвыборной программы.

Рад, что она нашла широкий отклик среди молодых казахстанцев.

Именно молодежь – образованная, трудолюбивая, патриотичная – является главной движущей силой прогресса и устойчивого развития нашей страны.

Каждый из вас показал высокий уровень профессиональных компетенций, доказал искреннее стремление работать на благо государства.

Поэтому я пригласил всех вас в Акорду, чтобы лично встретиться с вами, послушать ваше мнение об актуальных для страны вопросах, изложить свое видение задач, стоящих перед участниками кадрового резерва.

 

Қадірлі қауым!

 

Дана халқымызда «Қатарыңның алды бол» деген баталы сөз бар.

Бұл игі тілек жастарға ерекше рух беріп, жігерлендіру үшін айтылады.

Сіздер іріктеу кезеңінен сүрінбей өтіп, шын мәнінде, өз қатарларыңыздан оза білдіңіздер.

Бірақ, мұны, ең алдымен, мемлекеттің өздеріңізге деген зор сенімі деп қабылдау қажет.

Кадрлық резервке өту дегеніміз жоғары лауазымды қызметке орналасу ғана емес.

Бұл – ұлт үшін, ел үшін, халық үшін аянбай тер төгу деген сөз.

Әр заманда кез келген халықтың білімді және білікті азаматтарының ортақ мүддеге топтасатын кезеңі болады.

Осылайша ұлтты биікке жетелейтін, жаңаша дамуға бастайтын шоғыр қалыптасады.

Жаңа Қазақстан үшін де осындай маңызды әрі жауапты сәт келді деп санаймын.

Сондықтан сіздерге үлкен жауапкершілік жүктеледі.

 

Уважаемые участники встречи!

 

Наша встреча проходит в самом начале 2020 года, который открывает третье десятилетие XXI века.

Предстоящая декада обещает быть очень сложной. Мы наблюдаем кардинальные процессы трансформации в международной политике.

Различные модели развития, разное восприятие мирового устройства и национальных интересов приводят к открытым столкновениям между отдельными странами и группами государств. Как наглядный пример можно привести тревожную ситуацию в Персидском заливе, в целом на Ближнем Востоке.

Но мир настолько взаимосвязан, что последствия кризиса в одном регионе будут испытывать все страны.

В этих условиях мы должны еще более активно работать над социально-экономическим развитием и укреплением безопасности нашей страны.

Новейшая история показывает, что в глобальном противостоянии в конечном итоге проигрывают слабые, «несостоявшиеся» государства, так называемые failed states, зачастую находящиеся вдалеке от эпицентра конфликтов.

Их неокрепшие институты не способны противостоять вызовам глобальной нестабильности.

За годы Независимости под руководством Первого Президента – Елбасы Нурсултана Абишевича Назарбаева мы выстроили систему государственного управления, которая неоднократно доказывала свою эффективность в самых сложных условиях.

Но природа современных вызовов требует дальнейших действий. Главный закон жизнеспособности любой системы – постоянное развитие и совершенствование.

В этом плане хороший пример демонстрируют ведущие технологические компании, которые достигают успехов, прежде всего, благодаря внедрению передовых управленческих систем.

Всем известно, насколько престижно работать в таких компаниях, как Apple, Google, Amazon, Alibaba Group и других.

Их лидерство зиждется не столько на умелом использовании технологий, сколько на способности раскрывать таланты и профессиональные качества каждого отдельного члена команды.

Эти же принципы должны быть востребованы и в системе государственного управления.

Протестная волна, прокатившаяся в последние годы по всему миру, отчетливо продемонстрировала глобальный запрос на изменения.

Человечество переживает уже Четвертую промышленную революцию, а принципы госуправления, по сути, не менялись на протяжении десятилетий.

То же самое можно сказать и о международных институтах, прежде всего, ООН и ВТО.

В этом заключается одно из фундаментальных противоречий современного мира.

Это не значит, что государство как институт теряет свою актуальность. Его предназначение остается прежним – обеспечивать жизнедеятельность общества, безопасность и благополучие граждан.

Правительства большинства стран находятся в поисках оптимальных моделей управления, которые могли бы обеспечить сбалансированное развитие, нивелировать диспропорции и социальное неравенство.

Кстати, Inequality является одним из наиболее используемых терминов в мировой экономической литературе.

Норвегия, Новая Зеландия, США активно изучают перспективы внедрения в деятельность госаппарата принципов Agile, то есть разумной гибкости, маневренности.

Во многих странах по опыту Великобритании переходят на Project Management, создавая при правительствах проектные офисы.

У нас тоже предпринимаются подобные усилия. Их эффективность предстоит внимательно изучить, но мы, естественно, поддерживаем подобную практику.

Общая цель всех этих нововведений – быть ближе к людям. По сути, речь идет о сервисной модели деятельности государства.

Казахстану тоже необходима новая модель государственного управления, адекватная запросам общества, эффективная, справедливая.

При этом она должна основываться на использовании самых современных технологий.

С учетом всего этого мы приступили к реформе системы государственного управления.

Начиная с этого года будет постепенно сокращаться численность государственных служащих. Высвободившиеся средства будут направлены на материальное стимулирование наиболее полезных работников.

К 2024 году количество госслужащих, а вместе с ними и работников нацкомпаний, планируется сократить, как я вам сказал в Послании, на 25%.

Естественно, это будет происходить не механически, а в результате пересмотра так называемого «функционала», то есть сокращения несвойственных для госорганов функций, передачи их в аутсорсинг или гражданскому обществу.

Өздеріңізге мәлім, мен сайлау барысында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ұсындым.

Ол басты үш қағидаға негізделген.

Біріншісі – ашықтық және жариялылық.

Соның аясында мемлекеттік органдардағы жұмыстың ашықтығын қамтамасыз ету міндеті тұр.

Біздің әрбір қадамымыз бен әрбір шешіміміз азаматтарға түсінікті болуы қажет. 

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның нормалары сапалы орындалуы керек.

Шешім қабылдау кезінде барлық талаптар сақталуы тиіс.

Шын мәніндегі әділдік қағидасын осылай іске асыруға болады.

Сыбайлас жемқорлыққа барынша қарсы тұру – негізгі мақсаттың бірі.

Қоғам өкілдері биліктің іс-әрекетімен келіспеген жағдайда пікірін еркін айтуға мүмкіндігі болуы қажет.

Нашим вторым принципом является инклюзивность.

Заинтересованные граждане должны иметь возможность принимать участие в обсуждении важнейших решений. Каждый голос должен быть услышан. Для этого предстоит развивать соответствующие политические механизмы.

В целях учета мнения жителей конкретного региона относительно государственных расходов будет реализован проект «бюджета народного участия».

Портал Открытого правительства должен расширить возможности граждан в обсуждении важных решений.

Казахстанцы не должны воспринимать чиновников как некую касту избранных, которые кулуарно принимают решения, касающиеся всего общества. Чиновники не должны быть неприкасаемыми.

Я не устаю повторять: госслужащие – это часть народа, работают для народа и среди народа!

Это все не ради красного словца. Это все для того, чтобы претворить в жизнь.

Убежден, именно граждане должны давать конечную оценку деятельности госслужащих, о чем я говорил и в Послании.

Другой вопрос, как к этому прийти?

Вы знаете, что в рамках Национального совета общественного доверия инициирован пакет реформ по усилению роли гражданского общества в системе государственного управления. Эта работа, безусловно, будет продолжена.

Третий принцип – оперативное реагирование на запросы граждан.

Заявления, просьбы или обращения казахстанцев нужно рассматривать оперативно. По ним должны приниматься, без лишней бюрократии, конкретные решения.

Ключевая роль здесь принадлежит цифровизации. В ближайшие годы большинство бюрократических процедур в системе госуправления будет автоматизировано.

Госсектор начнет использовать инструменты блокчейна, Big Data, искусственного интеллекта.

Новые подходы и системы, основанные на этих технологиях, позволят превентивно реагировать на запросы общества и своевременно решать актуальные социальные проблемы.

*  *  *

В значительной степени это реальность не завтрашнего, а уже сегодняшнего дня.

К сожалению, не все госслужащие пока еще это осознают. Пытаясь работать по-старому, они фактически тормозят модернизационные процессы в стране.

Одной из проблем остаются «командные перемещения» в системе государственного управления.

В отчетах показатели сменяемости в госорганах в целом в пределах нормы – 6-10%. На деле всем очевидно, что кадровый состав при смене министра или акима тоже значительно меняется.

Отсутствуют нормативы численности руководящих работников.

Не всегда соблюдаются и принципы меритократии. До сих пор имеются случаи покровительства и продвижения по служебной лестнице по знакомству.

Это недопустимо. Такую систему нужно подвергать критическому анализу, в том числе через общественное мнение, по-другому уже нельзя, ведь главное – результат.

В последние годы в структуре государственного аппарата изменения происходили свыше 500 раз.

Постоянные реорганизации способствовали оттоку специалистов, как следствие, отсутствовала преемственность, что сказывалось на эффективности деятельности госорганов.

А для госаппарата  институциональная память имеет первостепенное значение. О какой памяти можно вести речь, если руководители подразделений и ведомств как стрекозы скачут с одной должности на другую?

Все эти недостатки, кстати, в полной мере относятся и к квазигосударственному сектору.

 

Любые изменения в системе госуправления должны осуществляться на основе тщательно продуманной и долгосрочной стратегии, где кадровая политика занимает крайне важное место.

Бұл – ең алдымен, мемлекеттің жаңа кадрлық саясатына қатысты мәселе.

Оның басты міндеті – мемлекеттік аппаратты жетілдіру және басшылардың жаңа буынына жол ашу.

Президенттік кадр резервінің негізгі көздеген мақсаты да – осы.

Бүгінгі жастар – мемлекеттік басқару жүйесінің болашағы.

Әрқайсыңыздан елді дамытуға тың серпін беретін жаңа идея мен нәтижелі жұмыс күтеміз.

Алдағы уақытта сіздерді мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларға жауапты қызметке жібереміз.

Қазірдің өзінде резервке өткен елу бес азамат жаңа қызметке бекітілді.

Соның ішінде кейбірі орталық мемлекеттік органдардағы басшылық лауазымға тағайындалды.

Бұл – ауқымды жұмыстың бастауы ғана.

Биыл резервтегі 100 адамды қызметке тағайындауды жоспарлап отырмыз. Алдағы жылдарда кадрлық резервтің әлеуетін толық пайдаланамыз.

Әрине, араларыңыздан бизнес саласында зор жетістікке жеткендер шығып жатса, құба-құп болар еді.

Осы ретте, ел дамуына пайдасы тиетін бастамаларды қолға алған жөн.

Бірақ, біздің мақсатымыз сіздерді лауазымды қызметке тағайындау ғана деп ойламаңыздар.

Бұл – елді өркендетуге бел буған, сол үшін бар күш-жігерін жұмсайтын азаматтарға арналған жоба.

Басты міндет – талантты жастардың Қазақстанды жаңа белестерге көтеруіне мүмкіндік беру.

Ең бастысы – туған еліңді шексіз қадірлеу және оған адал қызмет ету.

Табанды еңбек етіп, нақты нәтижеге қол жеткізу керек.

Бұл ұлтты жаңғырту үшін өте маңызды.

Мен өздеріңіз арқылы елімізде патриоттардың жаңа буыны қалыптасады деп сенемін.

Сіздер егемен еліміздің жастарына ұлтжандылықтың, отаншылдықтың озық үлгісін көрсетулеріңіз керек.

Кезінде Алаш ардақтысы Әлихан Бөкейхан: «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» деп айтқан.

Бұл – ешқашан өзектілігін жоғалтпайтын, уақыт өткен сайын мән-маңызы арта түсетін қанатты сөз.

Түсіне білген адамға Туған жер, Отан, Егемен ел ұғымдарының орны бөлек.

Отанға деген сүйіспеншіліктің озық үлгісін ұлы Абай көрсетті.

Биыл ғұлама ойшылдың туғанына 175 жыл толады.

Ол еліміздің тарихында және әлем тарихында өшпес із қалдырды.

Оның ғибратты ғұмыры мен мол мұрасы бүкіл халқымызға үлгі-өнеге.

Абайдың өсиеті – өскелең ұрпақтың айнымас темірқазығы.

Біз елді, ұлтты Абайша сүюді үйренуіміз керек. Ұлы ақын ұлтының кемшілігін қатты сынаса да, тек бір ғана ойды – қазағын, халқын төрге жетелеуді мақсат тұтты.

Ұлы ойшыл жастарымызды білім мен ғылым игеруге, өнер мен тіл үйренуге, адал еңбек етуге шақырды.

Абайдың «Толық адам» тұжырымы өміріміздің кез-келген саласында, мемлекетті басқару мен білім жүйесінде, бизнес пен отбасы институттарында негізгі тұғырға айналуы керек.

Мұның бәрі интеллектуалды ұлт қалыптастыру үшін қажет.

Абайды өз заманындағы іскерліктің ұйытқысы деуге болады.

Біз елдік мүддеге қатысты әрбір ісімізде ұлы ақынның еңбектеріне жүгінуіміз керек.

Бұл – жаңғыру жолындағы аса маңызды қадам.

Халқымыз, әсіресе, жас буын Абайдың сара жолын жалғауға баса мән беруі тиіс.

Мен «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаламда осы мәселелерге ерекше назар аудардым.

Біз Елдік пен Егемендіктің қадірін бағалай білуіміз керек.

Жастарымыз әрдайым ұлттық құндылықтарды көздің қарашығындай сақтап, дәріптей білуі қажет.

Бұл өздеріңізге жүктелген мәртебелі миссия деп біліңіздер.

* * *

Я рассматриваю вас, участников Президентского кадрового резерва, как плеяду патриотов, которые поднимут нашу страну на новые высоты.

Вы должны понимать, что самые масштабные трансформации в стране начинаются с малых изменений в конкретной отрасли, регионе, городе, ауле.

Каждый на своем месте, вне зависимости от занимаемой позиции, должен вносить  свой собственный вклад в процесс обновления.

Это станет началом вашей личной истории успеха, совокупность которых сформирует очередную страницу новых достижений нашей страны.

Вам предстоит продолжить строительство Казахстана в новых условиях.

Но для этого нужны знания, компетенции. Без этого успехи на управленческой стезе невозможны.

Процесс получения знаний не должен останавливаться с окончанием учебного заведения, по сути, вся жизнь – это и есть образование.

Нам предстоит много работать, чтобы сделать нашу страну процветающей и успешной.

Самодовольству не должно быть места, мы должны стать трудолюбивой нацией.

Не за горами тот час, когда новое поколение руководителей, в том числе и вы, придет к власти. Вы должны быть готовы к тому, чтобы взять бразды правления государством.

Вы должны обладать надлежащими компетенциями, знаниями. Наша молодежь должна быть готова к новому историческому этапу развития государства. Знания, компетенции должны стоять на порядок выше, чем амбиции. А не наоборот, как часто бывает у нас.

В свою очередь государство и я как Президент Республики Казахстан будем всячески поддерживать и помогать вам.

 

*  *  *

Сегодня я хочу обратиться ко всей молодежи нашей страны.

Процесс обновления является одним из приоритетов моего внутриполитического курса.

Работа по формированию кадрового резерва на этом не заканчивается, она будет продолжена. В него войдут и другие мотивированные и достойные молодые люди.

В предстоящий период будем активно поддерживать новое поколение предпринимателей, ученых, деятелей культуры, инноваторов и других талантливых молодых людей, готовых строить успешное государство XXI века.

Нам нужна команда управленцев новой формации в разных сферах, которая не боится брать ответственность и принимать нестандартные и эффективные решения.

Именно такие люди сегодня способны дать результаты, в которых нуждается наша страна.

В данный момент, например, мы ищем оптимальную модель социальной политики государства.

Наиболее актуальными являются вопросы адресной социальной помощи.

Государство должно помогать тем, кто действительно в этом нуждается. Нельзя подстегивать неоправданные ожидания людей – это путь в никуда.

Правительство намерено выплачивать пособие всем многодетным семьям вне зависимости от доходов.

Кроме того, все дети из малообеспеченных семей будут получать гарантированный социальный пакет.

Дошкольники станут получать продуктовые наборы и другие средства первой необходимости.

Для учащихся школ из малообеспеченных семей будут предоставлены бесплатное горячее питание, проезд на учебу и обратно, школьная форма и необходимые принадлежности.

Все это, разумеется, за счет государства.

Хотелось бы, чтобы нас поддержали и отечественные бизнесмены, или так называемая национальная буржуазия.

Такая практика существует в ряде европейских стран – Финляндии, Швеции, Чехии, Эстонии. Предприниматели там активно включаются в социальное обеспечение.

В Нью-Йорке с 2017 года введены бесплатные обеды для всех учащихся государственных публичных школ. А это более миллиона детей.

По оценкам Всемирной продовольственной программы ООН, каждый доллар, вложенный в питание школьников, окупается в 3-10 раз.

Уверен, с помощью представителей бизнеса, меценатов и спонсоров эта задача нам вполне по плечу.

2020 год в Казахстане объявлен мной Годом волонтера. Это будет временем добрых дел в масштабах страны.

Я призываю всех людей, независимо от возраста, и особенно вас, участников Президентского резерва, принять самое активное непосредственное участие в реализации мероприятий Года волонтера.

Раньше их называли добровольцами или, по-другому говоря, людьми с доброй волей, людьми, наделенными щедрой душой.

По оценкам ООН, до 1 миллиарда человек по всему миру посвящают свое время волонтерской деятельности.

Вклад волонтерства в мировой ВВП составляет 2,4%.

Вы могли бы поделиться своими знаниями и опытом со студентами университетов, колледжей и учениками сельских школ. Возможно, именно ваш пример воодушевит и вдохновит десятки юных ребят, мечтающих создать собственную историю успеха.

Многие из вас могли бы начать реализацию общественно полезных инициатив вместе с коллегами в своей компании или организации.

Существует множество направлений, где ваша бескорыстная помощь может принести осязаемую пользу окружающим.

Это и забота о людях, оказавшихся в сложной жизненной ситуации – воспитанниках детских домов, лицах с ограниченными возможностями, и помощь пожилым людям.

Это и участие в образовательных проектах для сельских детей, повышение правовой грамотности наших граждан.

Это и защита окружающей среды, а также материального и духовного культурно-исторического наследия нашего народа.

Работы для волонтеров очень много. Осуществление таких проектов дает возможность внести личный вклад в развитие Казахстана.

Волонтерство, или добровольчество, – это форма выражения  патриотизма и служения обществу.

Поэтому уверен, все вы активно подключитесь к волонтёрской деятельности и будете примером для молодежи.

Қазақстанның болашағы – саналы әрі талапты ұрпақтың қолында.

Сондықтан кадрлық резервке өткен азаматтар өздеріне жүктелген жұмысты абыроймен атқарады деп сенемін.

ХХІ ғасырдағы Қазақстанды биік белестерге сіздер сияқты білімі озық, ойы ұшқыр жастар бастауы керек.

Баршаңызға зор денсаулық және толағай табыс тілеймін.

 

Суреттер akorda.kz сайтынан алынды.

RELATED NEWS
Қазақстанның үш қаласына ерекше мәртебе берілмек
12 сәуір 2025
Қазақстанның үш қаласына ерекше мәртебе берілмек

ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысында Астана, Алматы, Қарағанды «1941-1945 жж. Еңбек даңқы қаласы» құрметті атағын беру туралы шешім келісілді, деп хабарлайды Бұл туралы СІМ хабарлады.

Кездесуде Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу ТМД ұйымын одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар ұсынысты ортаға салды. Осы тұрғыда Қазақстан бастамаларын жүзеге асыруда Достастық бойынша серіктестердің қолдауы ерекше аталып өтті.

«Еліміздің ұсынысы бойынша бүгінгі таңда Волонтёрлер форумы, Достастық жәрмеңкесі, ТМД Академиялық астанасы және басқа да көптеген жоба бірлескен күш-жігердің арқасында іске асырылып жатыр немесе жақын болашақта өткізуге жоспарланған», – деп мәлімдеді сыртқы істер министрі.

Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында ТМД елдерінің бірқатар қаласына, соның ішінде Астана, Алматы, Қарағанды және басқа да қалаларға «1941-1945 жж. Еңбек даңқы қаласы» құрметті атағын беру туралы шешім келісілді.

Сыртқы істер министрлері кеңесінің келесі отырысы 2025 жылғы қазан айында ТМД Мемлекет басшылары саммиті қарсаңында Душанбе қаласында өтеді.

«Бестіктен» «ондыққа» айналған ШЫҰ: Астана декларациясының маңызы
10 шілде 2024
«Бестіктен» «ондыққа» айналған ШЫҰ: Астана декларациясының маңызы

Есірткіге қарсы ортақ стратегия, терроризм, сепаратизм,  экстремизм сияқты қауіпті құбылыстармен бірлесіп күресу,  энергетика саласындағы ынтымақтастық, ақпараттық қауіпсіздік, тату көршілік, ауызсу қауіпсіздігі, қоршаған ортаны  бірлесіп қорғау. Астанадағы Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің практикалық қырын бір сөйлеммен осылай түйіндеуге болады. Мұның бәрі, айналып келгенде, елдегі тұрақтылыққа тұтқа болатын өзекті мәселелер.

ШЫҰ Астана саммитін Қытай мен Ресейге кіріптар елдердің басшылары жиналатын кезекші жиындардың бірі ретінде сипаттаушылар саммитте қол қойылған 25 құжаттың ішінде біз атаған мәселелер бойынша уағдаластықтар қайта өзектендірілгенін назарға ала бермейді.
 Есірткі саудасы бір елдің ішінде ғана жүретін тұйықталған нарық емес. Маңайдағы елдердің ішкі тұрақтылығы қаншалықты осал болса, іргелес елдердің өзара татулығы қаншалықты әлсіз болса, есірткінің трансұлттық саудасы соғұрлым өрши бермек.  Бір шетінде Ауғанстан тұрған Орталық Азия үшін бұл мәселе ерекше маңызды болатыны содан.
Шанхай ондығының аясында террорзим мен сепаратизмге қарсы ынтымақтастық орнату осы тұрғыдан маңызды. Қазақстандағы сепаратизмнің қатері туралы ойлансақ, есімізге елдің тұтас бір өңірлерін Ресейдің субъектісі етуге құштар ылаңшылардың сотталып жататыны түседі. Шанхай ұйымындағы әріптес ретінде Мәскеумен арада осындай келісімінің болғаны да біраз істе еркінірек әрекет етуге жол ашады. 
Ресейдің Өзбекстан мен Қазақстанға газ одағын құруды ұсынып жүргеніне де біраз болды. Ал Қазақстан елдің шығысы мен солтүстігіне  Омбы мен Орынбордан газ тарту үшін Қытайды да ойынға қосу қажет деген ұстанымда отыр. Оның қисыны мынандай, Қазақстан Ресейден алған газдың бір бөлігін оңтүстіктегі газды Қытайға жіберу арқылы өтейді. Есесіне Ресей Қытай алдындағы газ міндеттемесін орындауда тасымал шығынын қысқартады. Мұндай жүйе Ресей газына жалғанған Қазақстанның елді мекендері ай мен күннің аманында көгілдір отынсыз қалмауына кепілдік болады. Осы тұрғыдан алғанда ШЫҰ аясындағы энергетикалық ынтымақтастық Қазақстанның солтүстігі мен шығысын газдандыруда маңызды рөл атқармақ.
«Өзбекстан ресейлік «Росатом» компаниясымен бірге Шардара су қоймасынан жақын жерде атом электр стансасын салуға кірісіп кетті. Ал Қазақстан биыл күзде АЭС салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өткізбекші. АЭС технологиясы ШЫҰ-дағы тағы бір ойыншы – Қытайда да бар. Қазақстанда АЭС салуға әлеуетті ресми вендерлердің ішінде Франция, Оңтүстік Корея, Ресеймен бірге Қытай да бар. АҚШ-тың АЭС саласындағы технологиясы да Қазақстан тарапынан мұқият зерттеліп жатыр. Әзірше бізде салынуы мүмкін АЭС Балқаштың іргесіндегі Үлкен кентінен бой көтереді деп көзделіп отыр. АЭС салысатын елі ретінде Қытай мен Ресейдің бірі болса, Бейжіңнің трансшекаралық Іле өзені құятын Балқаштың бойынша АЭС салуымызға келісім беруі оңайлайды. Ал Оңтүстік Корея, Франция, АҚШ технологиясы таңдалса, дипломатиялық диалог қажет болатыны сөзсіз. ШЫҰ аясындағы энергетикалық ынтымақ осы тұрғыдан қажет дүние.
Астана саммитінің «ШЫҰ+» форматындағы кездесуінде сөз сөйлеген Біріккен Ұлттар ұйымының бас хатшысы Антониу Гуттериш жасанды зейіннің қатері туралы біраз ой айтты. Бұл технология бойынша әлемде көш бастап тұрған елдердің алдыңғы қатарында ШЫҰ-ға мүше Қытай мен Үндістан бар. 
Шығыстану институтының ғылыми қызметкері, қытайтанушы Олжас Бейсенбаев осы екі елдің технологиясын пайдалана отырып, интернет алаяқтық, онлайн қаржы пирамидалары  сияқты кибер қылмыстарды тежеуге болатынын айтады. 
ІТ-сарапышлар суперкомпьютер технологиясын тиісті деңгейде меңгермеген елдер озық елдердің алдында цифрлық егемендігін жоғалтуы мүмкін екенін айтып жүр. Олжас Бейсенбаев ШЫҰ алаңын пайдаланып, суперкомпьютер ғылымын жетілдіруге болатынын айтады. 


«Кейбір халықаралық сараптамаларда цифрлық егемендік туралы айтыла бастады. 2023 жылы киберқылмыстың кесірінен бүкіл әлемде 5 миллиард доллардай шығын келген дейтін деректер бар. Біз өзіміздің кибер кеңістігімізді  қорғау жайында ойлануымыз керек. ШЫҰ аясындағы киберқауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты бұрынғыдан да маңызды етеді», - дейді қытайтанушы.

Сондай-ақ, ол «ШЫҰ аясындағы уағдаластықтарды пайдаланып өз мамандарымызды Қытай мен қоса Үндістанға ғылыми тағылымдамадан өткізуге болатынын еске салады. 


«Спутник, робот технологияларында, суперкомпьютер бағыттарында Қытайдың көш басында тұрғанын білеміз. Үндістан да ІТ-технология алдыңғы орында. Сондықтан осы салаларда өзара білім бөлісуміз қажет. Мұның бәрі өз ішіміздегі цифрлық теңсіздікті азайтуға септігін тигізеді. Өйткені Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы цифрландыру деңгейін қиырдағы ауылдардың жағдайымен салыстыруға келмейді. ШЫҰ аясындағы уағдаластықтарды пысықтаған кезде әсіресе шекаралық аймақтарды цифрландыру мәселесін алға шығарып отыру керек», - дейді шығыстанушы.

Ғалым айтқан бағыттардың бәрін ШЫҰ аясындағы ақпараттық қауіпсіздік шаралары арқылы іске асырудың мүмкіндігі бар. 
Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметі бойынша, Қазақстандағы су қорының 46 пайызы трансшекаралық өзендер арқылы көршілес елдерден кіреді. Ал  бізбен су бөлісіп отырған көршілес елдердің бәрі ШЫҰ аясындағы әріптес мемлекеттер. Астана саммитінде қол қойылған 25 құжаттың ішінде ауыз су қауіпсіздігіне жеке құжаттың арналуы осы тұрғыдан маңызды. 
Мысалы, Ертіс мәселесіне келгенде Бейжің өзен ортасындағы Қазақстанмен де, аяғындағы Ресеймен де жеке-жеке келісуді жөн көреді.  Мұндай тәсіл тиімсіз болып жатқан жағдайда ШЫҰ аясындағы диалогқа шақыру орынды болуы мүмкін. 
Бауырлас елдер саналатын Өзбекстан мен Қырғызстаннан да су алу мұқият дипломатияны қажет етіп отыр. Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі Хельсинки конвенциясын Ташкент қабылдағанымен, Бішкек әлі мойындамаған. Қазіргі экономикалық тетіктер су дипломатиясына жарамсыз болған жағдайда ШЫҰ аясындағы уағдаластықтарды алға шығаруға болады. 
ШЫҰ аясында  экологиялық проблемаларды бірлесіп шешудің де бізге берер тұсы көп. Өйткені әлемдегі қоршаған ортаны ең көп ластайтын экономиканың бірі – Қытай нарығы іргемізде тұр. Ал Өзбекстанмен Аралды құтқару бағытындағы ықпалдастықтың жан-жақты құжатталып, қатталғаны маңызды. Біздің елдің аумағында Ресейдің зымыран қалдықтары құлайтынын ескерсек, бұл мәселені Мәскеумен ШЫҰ аясында да қозғауға да мүмкіндік бар.
ШЫҰ-ның Астана саммиті Қазақстанның өзіне не үшін қажет болды  деген сұраққа осылай жауап беруге болады. 
Шанхай ынтымақтастық ұйымы 1996 жылы «Шанхай бестігі» ретінде құрылса, 2001 жылы ШЫҰ ретінде жасақталды. Ал кешегі Астана саммитінде мүше мемлекеттердің саны 10 ға жетті. Олар: Қазақстан, Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Беларусь.
Былтыр ұйымға Бахрейн, Кувейт, Мальдив аралдары, Мьянма және Біріккен Араб Әмірліктері диалог серіктестері ретінде қосылса, биыл Қатар әмірі мәртебелі мейман ретінде қатысты. Демек, ұйым араб әлемімен де етене араласа бастады. 

«2021 жылы ШЫҰ мүшелерінің жиынтық ЖІӨ шамамен 23,3 трлн долларға жетті, бұл әлемдік ЖІӨ-нің шамамен 25 пайызын құрайды, бұл 2001 жылы құрылғаннан 13 есе көп. ШЫҰ мүшелерінің жалпы сыртқы саудасы 2021 жылғы жағдай бойынша 6,6 трлн долларды құрады, бұл 20 жыл бұрынғыдан 100 есе көп», - дейді қытайтанушы Олжас Бейсенбаев. 

Қазақстанның ұйымның саммитерінде экономикалық мәселелерді де күн тәртібіне шығаруға жиі бастама көтеруінде осындай да себеп бар.

Бұдан бөлек Қазақстан қоғамдық даму институтының сарапшысы Дамир Белгібаев Астана декларациясы жалпы ШЫҰ дамуына өзінің айтарлықтай үлесі барын айтты.

«Шанхай ынтымақтастық ұйымы құрамындағы мемлекеттер саны өсіп, ұйымның аумағы кеңейіп келеді, яғни әлемдік ұйым ретінде танылып келеді деген сөз. Астана өтіп жатқан саммитке БҰҰ Бас хатшысының келуі Қазақстанның әлемдік аренадағы беделінің көрінісі деп білем. Менің ойымша, оның сапары әлемдегі елеулі проблемаларды бірігіп шешудің жолдарын табуға арналған. Жалпы ұйымның абыройы мен дамуына бүгінгі Астана декларациясының да ықпалы болады. Қазақстан аталған ұйымға төрағалығы барысында бір жыл ішінде 150-ден астам іс-шара ұйымдастырып, ауқымды жұмыс атқарылды. ШЫҰ-да шарттық база 60 жаңа құжатпен толықты. Соның арасында экономикалық, мәдени, экологиялық қауіпсіздік, көлік, технология саласындағы тақырыптар қамтылды. Бұл өңірлер арасындағы тұрақтылық пен өзара тиімді қарым-қатынасты кеңейтуге өзінің айтарлықтай үлесін тигізеді», - дейді Дамир Белгібаев.

ШЫҰ-ның Астана декларациясы - тұрақтылық пен тыныштықтың кепілі болып отыр дейді сарапшы мамандар.

«Тұрақтылық, қауіпсіздік саласында қабылданған шешімдер бұлар мемлекетімізге қауіп төндіретін түрлі қақтығыстардың алдын алу. Яғни осы ұйымға мүше мемлекеттер бірлесе жұмыс істей отырып, шекаралық аймақтағы, мемлекеттің ішіндегі, географиялық еуразиялық өңірдегі тұрақтылықты қамтамассыз етеді», - дейді Қазақстан қоғамдық даму институтының тағы бір сарапшысы Бауыржан Серікбаев.

Қорытындылай айтататын болсақ, Астанада өткен ШЫҰ жоғары деңгейде өткен халықаралық шаралардың бірі болды деуге толық негіз бар. Оның үстіне саммитке БҰҰ Бас хатшысының қатысуы ұйымның ықпалы мен беделін арттыра түсті.

Қазақстанда адамды ұлтына, тіліне, дініне қарай кемсіту ешқашан болмайды – Тоқаев
24 сәуір 2025
Қазақстанда адамды ұлтына, тіліне, дініне қарай кемсіту ешқашан болмайды – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясының сессиясында елдің бірлігі мен татулығы ең негізгі құндылықтардың бірі екенін айтты, деп хабарлайды Ulys.

«Қазақстанда адамды ұлтына, тіліне, дініне қарай кемсіту ешқашан болған емес, болмайды да. Барша азаматтарға бірдей мүмкіндік берілген. Бұл – нағыз әділдік, әділетті мемлекеттің ажырамас бөлігі. Тағы да айтарым: елдің бірлігі мен татулығы ең негізгі құндылықтарымыздың қатарында тұр. Бұл – мемлекеттік саясаттың басты тұғыры. Болашақта да солай болмақ. Осы стратегияның арқасында түрлі этнос өкілдері бір шаңырақтың астында бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Бұл – мағынасы терең нақты жетістік», - дейді президент ҚХА XXXIV сессиясының пленарлық отырысында.

Президент отаншылдық, азаматшылдық, өзара сенім мен жауапкершілік – Қазақстан халқының жалпыұлттық бірегей болмысын айқындайтын құндылықтар екенін атап өтті.

«Қазақ жерінде тұрып жатқан барлық этнос өкілдері өздерінің тілін, мәдениетін және салт-дәстүрлерін жан-жақты дамыта алады. Оған қажетті барлық жағдай жасалған. Біз біреуге еліктеп, жан-жағымызға жалтақтаған емеспіз. Ең бастысы, ұлтаралық қатынастар саласында озық әдіс-тәсілдерді қолданып, тек алға қарай жүрдік, болашақта да солай болу керек. Соның арқасында біздің елімізде қалыптасқан қоғамдық келісім үлгісі шын мәнінде біздің халықаралық «брендімізге», беткеұстар жетістігімізге айналды», - дейді ол.

Тоқаевтың айтуынша, мемлекет азаматтардың ұлтына, діни нанымына немесе әлеуметтік мәртебесіне қарамай, бәріне бірдей әділ әрі тең жағдай жасайды. Бұл – мемлекеттік саясаттың басты ұстанымы.

«Біз популистік асығыс шешімдерден бойымызды аулақ ұстаймыз. Әрқашан нақты жағдайға қарап, байыпты саясатты басшылыққа аламыз. Бұл, ең алдымен, мемлекеттік тілдің мәртебесін этносаралық қатынас тілі ретінде бекіту мәселесіне тікелей қатысты», - дейді мемлекет басшысы.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.