Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында апат болып, кәсіпорынның 8 қызметкері зардап шекті, деп хабарлайды Ulys компанияның баспаөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 20 шілдеде, таңғы сағат 04:10-да YDD Corporation ферроқорытпа зауытында болған.
«№1 пеште жалын кенеттен шықты. Салдарынан кәсіпорынның 8 қызметкері түрлі дәрежеде жарақат алды. Қазіргі уақытта зардап шеккен барлық қызметкер ауруханада, оларға шұғыл медициналық көмек көрсетіліп жатыр», - деп түсіндірді «YDD Corporation» баспасөз қызметі
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.