Валюта бағамы
  • USD -

    526.1
  • EUR -

    611
  • RUB -

    6.51
Қарағандыда өрттен көз жұмған ТЖД қызметкерінің отбасына барлық көмек көрсетіледі
Фото: Қарағанды обл әкімдігі 07 қазан 2024
Қарағандыда өрттен көз жұмған ТЖД қызметкерінің отбасына барлық көмек көрсетіледі

Қарағанды облысы мен Саран қаласының әкімдіктері, Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті дала өртін сөндіру кезінде қаза тапқан 24-ӨСБ азаматтық қорғау сержанты Хали Хайраттың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Ulys.

1991 жылы туған Хали Хайрат 2014 жылдың 12 мамырынан бастап азаматтық қорғау органдарында қызмет еткен. Ол Саран қаласында тұрған, жоғары кәсібилігі мен жауапкершілігімен ерекшеленген.

Қаза тапқан өрт сөндірушінің үйіне облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, оның орынбасары Әлібек Әлденей және Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов барды.

– Хали Хайраттың өртті сөндіру кезінде көрсеткен ерлігі – нағыз батылдық пен жанқиярлықтың үлгісі. Ол өз өмірін адамдарға қызмет етуге және туған жерін қорғауға арнады. Осы қайғылы сағатта біз қайғы азабын Халидің туыстарымен бөлісеміз, әрине, біздің сөздеріміз бен қолдауымызбұл отбасына ардақты ұлы, аяулы әкені қайтармайды. Ол туралы естелік жарқын болсын, ал құтқарушылардың келесі буыны оның ісін жалғастыра берсін! – деп Ермағанбет Бөлекпаев Хали Хайраттың отбасына көңіл айтты.

Марқұмның отбасына жерлеу іс-шараларын өткізуге барлық қажетті көмек көрсетіледі. Үйде фельдшерлік және психологиялық қызметтер кезекшілік етеді. Отбасын қолдау бойынша барлық қажетті шаралар Қарағанды облысы әкімдігінің тұрақты бақылауында.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

 

RELATED NEWS
Павлодарда әйел екі баласын терезеден лақтырып жіберген
30 шілде 2025
Павлодарда әйел екі баласын терезеден лақтырып жіберген

 

 

Павлодар қаласында адам шошырлық оқиға болды. Екі баласын терезеден лақтырып, артынша өзі де секіріп кеткен әйел адам медициналық есепте тұратыны анықталды, деп хабарлайды Ulys.

Полиция әйел мен екі жас баланы жарақаттаған факті бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Оқыс оқиғаға қатысты облыстық Полиция департаменті агенттік тілшісіне пікір білдірді.

«30 шілдеде Павлодардағы Нұрмағамбетов көшесіндегі үйдің 4 және 5-қабаттары арасында орналасқан кіреберіс терезесінен екі жас бала мен әйел құлағаны анықталды. Зардап шеккендер кіреберіс есіктің үстіне құлаған, барлығы ауруханаға жеткізілді.

Кісі өлтіру мен суицидке оқталу фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, әйел мамандандырылған медициналық мекемеде есепте тұрады. Жергілікті жерде жедел-тергеу тобы жұмыс істейді», – делінген департамент хабарламасында.

Астанада фельдшерді соққыға жыққан ер адам сотталып тынды
28 мамыр 2025
Астанада фельдшерді соққыға жыққан ер адам сотталып тынды
 
Астанада жедел жәрдем қызметкерін соққыға жыққан ер адам сотталып кетті, деп хабарлайды Ulys.

2025 жылғы 29 қаңтарда Астанада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасалып, ол жабық бас-ми жарақатын алған. Оқиға шақыртуға келген жедел жәрдем бригадасы мен науқастың туыстарының бірі арасында болған.

Фельдшер сотқа арыз жазып, денсаулығына келтірілген залал үшін материалдық өтемақы талап етті. Прокурор шабуыл жасаған ер адамға 1 жылға бас бостандығын шектеуді сұрады. Ал жәбірленуші бұл жазаны 3 жылға дейін ұзартуды өтінді.

Айыпталушы кінәсін толық мойындады, әрекетіне өкініш білдірді, сондай-ақ оның кішкентай баласы барекені ескерілді. Ауырлататын жағдайлар анықталған жоқ.

Сот Қазақстан Республикасының заңына сәйкес бұл қылмысты орта дәрежелі денсаулыққа қасақана зиян келтіру ретінде бағалап, мынадай шешім шығарды:

  • 1 жыл 6 ай шартты түрде бас бостандығынан айыру (шартты жаза),
  • материалдық өтемақыны жәбірленушіге өтеу міндеттелді.
Сырттай 17 жылға сотталған Бергей Рысқалиев Лондонда жүр
28 сәуір 2025
Сырттай 17 жылға сотталған Бергей Рысқалиев Лондонда жүр

Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев Лондонда сакура гүлдеген маусымды тамашалап жүрген сәтінен видео жариялады. Бірнеше жылдан бері Ұлыбританияда тұрып жатқан экс-шенеуніктің видеосы әлеуметтік желіге тарады, деп хабарлайды Ulys.

Бергей Рысқалиев Лондон орталығында да жиі көзге түсетіні белгілі. Бұған дейін әлеуметтік желіде оның Burberry дүкенінің алдында президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы Аслан Мусинмен бірге түскен суреті тараған еді. Аслан Мусин де бүгінде Черногория азаматтығын алып, Еуропада қоныстанған.

Айта кетейік, жуырда Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің де Жапониядағы сакура маусымына тамсанған видеосы әлеуметтік желілерде тараған еді.

Бергей Рысқалиев 2006-2012 жылдары Атырау қаласы мен Атырау облысының әкімі болып қызмет етті. 2012 жылы қызметінен кеткеннен кейін оған жемқорлық, ұйымдасқан қылмыстық топ құру, аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру айыптары тағылды. Тергеу ісі бес жылға созылып, 2019 жылы сот Рысқалиевті сырттай 17 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Оның ағасы Аманжан Рысқалиев 16 жылға сотталған.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.