Валюта бағамы
  • USD -

    518.9
  • EUR -

    587
  • RUB -

    6.23
Қарағандыда өрттен 2 бала көз жұмды, тағы екеуі ауруханада жатыр
Фото: istockphoto.com 09 қаңтар 2025
Қарағандыда өрттен 2 бала көз жұмды, тағы екеуі ауруханада жатыр

Қарағанды қаласының Пришахтинская көшесінде бүгін түнде тұрғын үйден өрт шығып, екі бала көз жұмды, деп хабарлайды  Ulys ТЖМ сілтеме жасап.

«Төтенше жағдай қызметкерлері келгенге дейін 2017 және 2015 жылғы екі бала өздігінен шығып, балалар клиникалық ауруханасына көмірқышқыл газымен улану диагнозымен жеткізілді. Оқиға орнына жедел келген өрт сөндірушілер 1964 жылғы әйелді құтқарып, Мақажанов атындағы клиникаға көмірқышқыл газымен улану және күйіктермен жеткізілді. Сондай-ақ, құтқарушылар 2020 және 2022 жылғы екі баланың денелерін тапты.

Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалды», - делінген Қарағанды қаласы ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

RELATED NEWS
Түркістанда 50-ден астам адам суши мен пиццадан уланды
13 наурыз 2025
Түркістанда 50-ден астам адам суши мен пиццадан уланды

Түркістанда 57 адам тамақтан уланып, көмекке жүгінген, деп хабарлайды Ulys.

Түркістан қаласында дәмханадан пицца, суши, чикен тағамын сатып алып, уланғандар саны 57 адамға жетті. Олардың 28-і - кәмелет жасқа толмаған балалар. Барлығы 22 адам ауруханаға жатқызылған, қалғаны амбулаторлық ем қабылдап жатыр. Бұған дейін жан сақтау бөліміне жатқызылған үш адам жалпы бөлімге ауыстырылған. 

Полиция қаулысымен аталған дәмхана жабылып, қылмыстық іс қозғалды. 

Ресми ақпаратқа қарағанда, уланғандардың бәрі Түркістан қаласындағы дәмханадан пицца, суши, чикен тағамын үйіне тапсырыспен алып, тамақтанған. Көп өтпей олардың іші өтіп, құсып, басы айналып, көзі кіртиіп, аяқ-қолы мұздап, ерні көгерген. Барлығы жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген.

Астанада пойыз жолында жарылыс болды
14 ақпан 2025
Астанада пойыз жолында жарылыс болды

14 ақпанға қараған түні Астанадағы теміржол вокзалына пойыз арқылы жеткізілген контейнер жарылды, деп хабарлайды Ulys.

Жарылыс түнгі сағат 00:25-те Астана стансасындағы іріктеу алаңының 12-жолағында болды. Елордаға пойыз арқылы жеткізілген жүк контейнері жарылған. Бір адам қолынан жеңіл жарақат алды, алайда ауруханаға жатқызуды қажет етпеді.

Полицейлер жолаушылар мен жақын маңдағы тұрғындарға қауіп төнбегенін хабарлады.

«Көліктегі полиция департаменті бұл оқиға бойынша «Темір жол көлігін пайдалану немесе қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиға орнына дереу департамент басшылығы жеткен. Арнайы жедел топ құрылды, олар оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға кірісіп кетті», - деп хабарлады Көліктегі ПД.

ҚТЖ жарылған контейнердің жеке компанияға тиесілі екенін хабарлады. Алдын ала мәлімет бойынша ішінде электр жабдықтары – трансформаторлар мен генераторлар болған.

Кореяда жол апатынан Қазақстанның 4 азаматы мерт болды
27 наурыз 2025
Кореяда жол апатынан Қазақстанның 4 азаматы мерт болды

Оңтүстік Кореяның Сохэан автомагистралінде Қазақстанның 4 азаматы мінген көлік жардан құлап, салонда болған барлығы мерт болды. Бұл жайында Korea JoongAng Daily басылымы хабарлайды.

Оңтүстіккорейлік басылымның жазуынша, 4 адам отырған Mercedes-Benz көлігі жергілікті уақыт бойынша шамамен 00:30-да Кенгидо өлкесінің Хвасон қаласында жолдың оң жақ бетіндегі қоршауға соғылған. Содан кейін көлік бірнеше метр төмен құлап, өртенген.

Жол-көлік оқиғасы туралы хабар алысымен өрт сөндірушілер сол жерге шұғыл аттанған. Олар апаттан кейінгі 30 минуттың ішінде өртті сөндірген. Қираған көліктен 4 адамның мәйіті табылған.

Мерт болғандардың аты-жөні әзірге белгісіз. Полиция апаттың нақты неден болғанын анықтап жатыр.

 

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.